Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ СЫНҒА ІЛІКТІ

14.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов жабайы сауда жасаушылардың жағдайымен жете танысуда. Осы ретте шаһар басшысы сол жағалаудағы Жаңа құрылыс (Новостройка) ықшам ауданындағы Южный, Жаңа базар аумағындағы заңсыз сауда жасаушылармен жүздескен. Ал өткен аптаның жексенбісінде Ермак   Бидахметұлы Чехов, Аймауытов көшелерін де назардан тыс қалдырмады. Жабайы сауданың қызған жерінде санитарлық тазалықтың сақтала бермейтініне көз жеткізген қала әкімі өткен сейсенбі күні арнайы жиын өткізді. Басқосуға ірі сауда орындарының басшылары да қатысты.

Бұл жиында қала әкімі жалпы санитарлық тазалыққа көңілінің толмайтындығын ашық жеткізді. Жаңа құрылыс (Новостройка) ықшам ауданындағы Южный, Жаңа базар аумағындағы сауда жасаушылардың, Чехов және Аймауытов көшелеріндегі көріністердің көңілге қаяу түсіретіні шындық. Әлбетте, санитарлық тазалық болмаса, сапалы әрі қауіпсіз азық –түлік туралы айтудың өзі әбестік. Сондықтан тұрғындарды қауіпсіз азық – түлікпен қамтамасыз ету санитарлық тазалықтан басталатыны айтпаса да түсінікті.

 

{jcomments on}Осы орайда қала әкімі жылдар бойы жинақталған мәселенің оң шешілуі жолында ұтымды ұсыныстар болса, тыңдауға әзір екенін жеткізді. Семей қалалық ІІБ басшысы Жұмабек Исаділов қала бойынша 684 тұлға белгіленбеген, тиым салынған жерде сауда жасағаны үшін, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 204-ші бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы атап өтті. Шаһардың бас полицейі Южный және Жаңа базар аумағындағы бейберекет сауданың, бұйыртса, «берекесі» кіретініне сендірді.

 

— Ермак Бидахметұлы, Әуезов даң-ғылы бойындағы Южный, Жаңа базар аумағындағы жабайы сауданың мәселесі жуық арада өз шешімін табатын болады. Жол жиегін жағалай отырған саудагерлер Жаңа базар басшылығы тарапынан бөлінетін қосымша орындарға орналастырылмақ. Ал Чехов көшесіне келер болсақ, менің ұсынысым — ол жаққа ауыр жүк көліктердің кіруіне мүлдем тиым салу керек деп ойлаймын. Көлік кептелісін тудырмау мақсатында оларға өзге аймақтан арнайы орын қарастырған жөн деп есептеймін. Сол жерден саудагерлерге өз тауарларын емін-еркін алып кетуге еш кедергі туындамас еді,- деп атап өтті Жұмабек Исаділов.

Жиынға қатысқан сауда кешендері  басшыларының да айтар базынасы бар екен. Жүк көліктері саудагерлердің тиесілі тауарларын түсіріп болғаннан кейін, жол жиегіне тұрмыстық қалдықтарын тастап кете барады. Ермак   Бидахметұлы, мұндай жағдайлардың көбіне сауда орталықтарының маңында орын алатындықтан, аймақтың тазалығына тікелей базар әкімшілігі жауапты екенін жеткізді. Сондай – ақ қала әкімі немқұрайлылық танытып, тұрмыстық қалдықтарды қалдырып кеткен жайттарды көрген сәтте, дереу құқық қорғау қызметкерлеріне хабарласу керектігін де ескертті. Міне, осы жерде тағы да санитарлық тазалықтан айналып өте алмаймыз. Санитарлық тазалық талапқа сай болмай жатып, жабайы сауданың алдын алу мүмкін де емес. Себебі барлығы да тазалықтан басталады. Сондықтан болар, Семей қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жұмысы Ермак Бидахметұлының сынына ілікті.

— Бағлан Салихұлы, бұл жиында біз белгілі бір көше туралы ғана мәселе қозғап отырғанымыз жоқ. Мен сізден және сіз басқаратын басқармадан жалпы қала бойынша санитарлық тазалықты ретке келтіріп, тәртіп орнатуларыңызды сұраймын. Жүктелген міндеттеріңізге немқұрайлы қарамағандарыңыз абзал болар. Егер де өз міндеттеріңізді лайықты атқара алмасаңыздар, сізбен сұхбатымыз өзгеше өрбитін болады. Бірінші кезекте шаһардың санитарлық тазалығына байланысты жүйелі әрі кешенді жоспар құрып, жұмыстарды қолға алуларыңызды тапсырамын,- деп нақтылады Ермак Бидахметұлы.

Жоғарыда атап өткендей, бейберекет сауданың басталғаны бүгін емес, жылдар бойы жинақталған мәселе деп қарастырған абзал. Бұл келеңсіздіктің алдын алу, жабайы сауданы болдырмау үшін «жол жиегіндегі саудагерге» жағдай жасалуы керектігін Ермак Бидахметұлы бірнеше мәрте айтып өтті. Бұл істің бастамасы да бар. Жаңа құрылыс (Новостройка) ықшам ауданында, Южный, Жаңа базар аумағында арнайы орын қарастырылып жатыр. Енді Чехов пен Аймауытов көшелеріне де кезек келер.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС