Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

14.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық мәслихатының кезекті сессиясында халық қалаулылары «2014 — 2015 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы және 2015 — 2016 жылғы қысқы маусымға дайындығы туралы» мәселені қарайтын болады. Осы ретте қалалық мәслихаттың өндірістің даму, әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері дүйсенбі, 10 тамыз күні РК-1, РК — 3 жылу орталықтарына барып, жылу нысандарының алдағы қысқа әзірлік жұмыстарымен танысты.

Жылу орталықтарында мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Қайрамбаев, төрағаның орынбасары Бейсенғазы  Тастекеев, мәслихат депутаттары Хайрулла Ангаев, Андрей Гоцелюк, Рафаиль Хазипов, Асқар Ширяев пен сессия төрайымы Айнұр Арғынбекова болды. Ең алдымен халық қалаулылары сол жағалаудағы РК-1 жылу орталығына аялдады. Мұнда қайта жаңғырту жұмыстары 87 пайызға орындалған екен. Жылу беру нысанын қайта жабдықтау жобасы аясында «Сименс» фирмасының электр турбинасы орнатылып, қазандықтың агрегаттары ауыстырылды. Жылу орталығы шаһардың сол жағалауының көп бөлігін жылумен әрі ыстық сумен қамтамасыз ететін болады. Семей қаласы ТҮКШ басшысы Александр Генрихтың айтуынша, мұндағы құрылғылардың тозығы жеткендіктен, соңғы жылдары нысанда апаттық жағдайлар жиі орын алыпты. Оның алдын алу мақсатында 2012 жылы қайта жаңғырту қолға алынып, бүгінде жұмыстардың соңғы кезеңі жүргізілуде. Заманауи турбина іске қосылып, қазандық агрегаттары жаңартылғаннан кейін, жылумен қамтудың сапасы барлық талаптарға сай болады деп күтілуде.

 

{jcomments on}Сондай – ақ депутаттар РК-3 жылу орталығына да барды. Орталықта көршілес Ресейде шығарылған  КЕ-25-14 қазандықтары орнатылыпты. «Теплокоммунэнерго» мекемесінің техникалық директоры Николай Ушаков атап өткендей, қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі тозығы жеткен жылу желілерінде болып отыр екен. Әсіресе Жамақаев пен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы жылу құбырларын ауыстыру қажеттілігі туындауда. Бүгінгі уақытта ТҮКШ мамандары аталмыш түйінді сұрақтарды шешу үшін тиісті құжаттарды әзірлеген екен.

 

Сонымен қатар алдағы сессияда халық қалаулылары назарына «Семей аймағындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы» мәселесі де қаралады деп күтілуде. Осы ретте әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері сәрсенбі, 12 тамыз күні қаладағы бірқатар мектептерді аралады. Депутаттар білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығымен, материалдық — техникалық базасымен танысып, оқу сыныптарына баса назар аударды. Сонымен қатар халық қалаулылары жаңа оқу жылында оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі жайына да көңіл бөлді.

Тұрақты комиссия мүшелері алдымен № 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіне барды. Мектеп директоры Гүлнар Оразбекова білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығы барысынан ақпарат берді. Мектепте 1 — 11 сынып аралығында оқитын бір мыңнан астам оқушы бар. Бұған қоса шағын орталық пен мектепке дейінгі даярлық орталықтары жұмыс істейді. Гүлнар Бақдәулетқызының айтуынша, мектеп-лицей білім берудің барлық талаптарына сай жұмыс істеуде. Бүгінде сыныптарда E-learning электронды білім беру жүйесі, заман талабына сай химия, физика,    информатика сыныптары оқушылардың толыққанды білім алуларына жағдай жасайды. Ал биылғы жылғы жөндеу жұмыстарына 700 мың теңгеден астам қаражат бөлініп, аталмыш қаражат орнымен игеріліпті.  Депутаттар оқу орнының жаңа оқу жылына дайын екеніне көз жеткізді. Халық қалаулыларының тек мектеп-лицейдің сырт келбетіне көңілдері толмады. Ал мектеп басшылығы білім ордасын жаңа оқу жылына дейін демеушілердің көмегімен ретке келтіретінін жеткізді.

Бұдан кейін депутаттар шаһардың Юность ықшам ауданында орналасқан № 19 жалпы орта білім беретін мектепке аялдады. Аталмыш мектепте оқушылардың шамадан артық болуы басты мәселе болып отыр. Осының салдарынан 1700 оқушы білім алатын оқу орнында кейбір сынып оқушылары өзге мектептерге барып оқуға мәжбүр. Қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенконың сөзіне сүйенсек, мәселені шешу үшін аталмыш ауданда орналасқан Құрылыс колледжі басшылығынан қосымша бөлмелер сұраған. Алайда колледж басшылығы артық бөлмелердің жоқтығын айтып бас тартыпты. Сондықтан да жаңа оқу жылында оқушылар басқа мектептерге тасымалданбақ.

— Жаңа оқу жылында екі жүз баланы тасымалдап оқытатын шешімге келдік. Орыс сыныптарында оқитын балаларды қаладағы № 20 мектепке, ал қазақ сыныптарында оқитындарды № 13 мектепке тасымалдау көзделуде. Әзірге аталмыш мәселеден осылайша шығуды көздеп отырмыз, — дейді білім бөлімінің басшысы.

№ 19 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Әсия Ахмерованың айтуынша, оқу орны өткен жылы үш ауысымда білім берген. Дегенмен биылғы оқу жылында бала санын азайтып, екі ауысымға көшіпті. Өйткені мектептің оқушыларды шамадан артық қабылдауына мүмкіншілігі жоқ. Жалпы, ұстаздардың сөзіне сүйенсек, ауданда жаңа мектеп салмайынша, мәселе шешімін таппайды. Өйткені ықшам ауданда тұрғын үйлер көптеп салынуда. Сондықтан да келешекте мектеп мәселесі қиындай түспек. Ал жаңа мектеп жоспарда бар. Тіпті барлық құжаттары әзірленіп, мердігер мекеме де анықталып қойыпты. Енді қаржы мәселесін шешу қалды.

— Мәслихаттың кезекті сессиясында білім беру мәселесі қарастырылатын болады. Сондықтан да біз мәселе туындап отырған бірқатар мектептерді өз көзімізбен көруді жөн санадық. № 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі оқу жылына толық дайын. Оқу орнының ішкі жағдайы қуантарлық. Бірақ сыртқы келбетін қалыпқа келтіру қажет. Бұл мәселені қалалық мәслихат депутаттарының демеуімен шешеміз деп ойлаймын. Ал № 19 жалпы орта білім беретін мектепте орын алған ең басты мәселе — оқушылар санының көптігі. Бұл мәселе, жаңа мектеп салынбайынша, шешілмейді. Сондықтан жаңа мектеп салу мәселесі тұр. Егер биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталса, жаңа мектепті 2016 жылы қолданысқа беруге болар еді. Бұл — біздің балаларымыз үшін оңтайлы шешім, — дейді Семей қалалық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Қайноллан Мусин.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, А. САМАТҰЛЫ,  «Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС