Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН…

14.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жаз маусымы да аяқталуға жақын. Алда қоңыр күз, сосын қылыш сүйретіп қыс та келеді. «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, қысқы маусымға қазірден бастап қамданбасақ, кеш болатыны сөзсіз. Осы сәрсенбіде Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих, «Теплокоммуноэнерго» МКК техникалық директоры Николай Ушаков, аталмыш кәсіпорынның қаржы директоры Нұрлан Зеинуллин, «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксеновтің қатысуымен Семей қаласының ақпарат орталығынада баспасөз мәслихаты өтті.

 

{jcomments on}Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрихтің сөзіне сүйенсек, қаладағы «Теплокоммуноэнерго» мен «Семей Водоканал» коммуналдық мекемелері қысқы маусымға кесте бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Сол сияқты жылу көздері мен тұрғын үйлер де қысқа ертерек қамдану үстінде.

 

— Алдағы уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу көздеріне жүргізілетін жұмыстар бойынша байқау аяқталады. Осыдан кейін жоспарлан-ған ондаған нысанда жөндеу жұмыстары басталмақ. Бұдан бөлек облыс әкімінің қолдауымен жыл соңына дейін 185 млн. теңге қаражат бөлінеді. Аталмыш қаржы магистральды, кварталішілік желілерді қалыпқа келтіруге және қазандықтарды жөндеуге жұмсалмақ. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Кемшін тұстар болса, қарастырып, апта сайын өткізілетін жиындарда шешімін табамыз. Біздің бүгінгі күндегі ең негізгі мәселеміз тұрғын үйлерді қысқы маусымға дайындау болып отыр. Қазір осы мақсатта ПИК- пен және тұрғындармен жұмыстар жүргізіп, дайындық шаралары бірлесе қолға алынуда,- дейді А.Генрих.

ТҮКШ басшысының мәліметіне қарағанда, шаһардағы елу пайыздан астам үй жылу маусымына дайын. Дегенмен оларда жылу жүйелерін тазарту жұмыстары әлі де жүргізілуде. Сондай-ақ үйлердің қысқы маусымға дайындық құжаттары әзірлену үстінде екен. Әрине, жылу маусымы барысында қиындық туындаған тұрғын үйлер де анықталған. Мәселен, өткен маусымда анықталған осындай 14 үйде биыл жұмыстар атқарылып жатыр.

Аталмыш маусымдық жұмыстарға дайындық барысы жайында «Теплокоммуноэнерго» МКК техникалық директоры Николай Ушаков та сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстар жайынан ақпараттандырды. Оның айтуынша, жылу маусымына дайындық кезінде коммуналдық мекеме 168 млн. теңге қаражатқа жылу ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары №1 ЖЭО мен РК-1 қазандығында, сондай-ақ оң жағалаудағы «Орталық», «Ғаббасов», «35 квартал», МЭН, «Зооветинститут», РК-3 жылу қазандықтары мен шағын қазандықтарда да атқарылуда. Бұдан өзге жылу желілеріне де қосымша жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша барлығы уақытында аяқталуы тиіс.

Алқалы жиында жылу тарифінде орын алатын өзгерістер жайы да сөз болды. Бүгінде кәсіпорын қолданыстағы тарифтен шығын көріп отыр. Сондықтан да осы жылы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментіне тарифтің ұзақ мерзімді өсіміне тапсырыс берген. Егер ол іске асатын болса, 2016 жылы жылуға тариф тұрғындар үшін 20% көтерілмек, ал орташа жіберілетін тариф 25%. Ал 2017 жылдың соңына қарай тарифтің өсімін 53,6%-ға арттыру көзделуде. Әлбетте, мұндай қадамға баруға көмір, су, электр жарығы бағасының көтерілуі себеп болып отыр. Олардың пайымдауынша, жылу құнының артуы коммуналдық кәсіпорынның шығынсыз жұмыс жасауына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларының орташа жалақысын арттырып, тозығы жеткен желілерді жөнге келтіруге септігін тигізбек.

Қарыз демекші, бүгінде коммуналдық мекеменің қарызы шаш етектен. «Теплокоммуноэнерго» МКК қаржы директоры Нұрлан Зеинуллиннің мәліметінше, бүгінгі күнгі кәсіпорынның дебюторлық қарызы 690 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде тұрғындар 460 млн. теңге, заңды тұлғалар 160 млн. теңге, ал мемлекеттік мекемелер 50 млн. теңге берешек. Ал кредиторлық қарыздың өзі 1 млрд. 600 млн. теңгенің көлемінде. Кәсіпорынның әсіресе «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Қаражыра» ЖШС, «Семей Водоканал» МКК алдында қомақты қарызы бар.

— Бүгінгі күні тұрғындар арасындағы берешекті қайтару мақсатында күнделікті рейд шаралары жүргізілуде. Оған сот орындаушылары, учаскелік полицейлер тартылып, берешегі барларға ескерту жасалуда. Бұл жұмыстар өз тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, бүгінгі күні 290 млн. теңге берешегі бар 4440 абонентті     сотқа бердік. Оның ішінде 37 млн. теңге сомаға 1100 абонентке сот шешімі шығарылды. Ал 60 нысан жылу көзінен ажыратылған, — дейді «Теплокоммуноэнерго» МКК қаржы директоры Нұрлан Зеинуллин.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

16.01.2026
В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

В войсковой части 54835, расположенной в Абайском гарнизоне, организованы плановые учебно-тренировочные полёты. Пилоты авиабазы в соответствии с планом боевой подготовки...

Читать далее ...

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16.01.2026
Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

📌 В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 🔹 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас...

Читать далее ...

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16.01.2026
Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

Приближается праздник Крещения, во время которого, по традиции, будут открыты проруби для всех желающих окунуться в ледяную воду. На брифинге...

Читать далее ...

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16.01.2026
Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

Тогызкумалак - игра древняя, но не теряющая актуальности по сей день. Игрок в тогызкумалак должен владеть навыком быстрого счета, игра...

Читать далее ...

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16.01.2026
В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

В Алматы состоялось открытие Национального научного центра инфекционных болезней (ННЦИБ) – ключевого объекта, созданного по поручению Главы государства для укрепления...

Читать далее ...

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

16.01.2026
В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

В средней общеобразовательной школе №50 города Семей состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров областного финала интерактивной образовательной игры «Қаржы...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

15 часов назад

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16 часов назад

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16 часов назад

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16 часов назад

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16 часов назад

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

22 часа назад

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

1 день назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

1 день назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

1 день назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

1 день назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС