Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЮБИЛЕЙНЫЙДАН ВОСХОДҚА ДЕЙІН

25.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жолаушы тасымалын қатаң бақылауға алды.

Естеріңізге салар болсақ, қала әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың қоғамдық көліктердің жүру кестесін арнайы қадағалау мақсатында Орталық алаң аялдамасында бір автобусты бір сағаттан артық күткені жайында әлеуметтік желілер жарыса жазған болатын, біз де өз тарапымыздан оқырманды хабардар еткенбіз.

Жалпы, мәселенің мән – жайын түсіну, оған нақты көз жеткізу үшін, дәлел мен дәйектің жеткілікті болуы шарт. Бір апта бұрын бір сағат аялдамада аялдаған Ермак Бидахметұлы өткен сенбі күні кешқұрым қоғамдық көлікке мініп, жолаушылармен бірге жол жүрді.  Қоғамдық көліктердің жүру кестесін қадағалауды мықтап қолға алған қала әкімі қалалық мәслихат хатшысымен Қызыл Кордон ауданындағы “Юбилейный” аялдамасынан № 35 бағыттағы автобусқа мініп, Восход кентіне барды.

 

{jcomments on}Осындайда «Мың бір түн» хикаяларының негізгі кейіпкерлерінің бірі Аббас әулетінен шыққан халифа һарун ар-Рашидтің қарапайым киініп, түнгі Бағдатты аралап  халық өмірімен жақын танысып, қылмыстыларды жазалап, кінәсіздерге көмектесетіні  еріксіз ойға оралады екен. Айтпағымыз — әкімнің халық ортасына жиі шығып, кез келген мәселенің мәнісін, түп тамырын тарқата білуінде. Әлбетте, бұл жерде жазалудан гөрі,    жауапкершілік алған тасымалдаушы мекемелердің жұмысын көзбен көру.

 

Қызыл Кордон ауданындағы “Юбилейный” аялдамасы – Восход кентінен бағыт алатын № 35-ші автобустың соңғы аялдамасы. Алайда күнделікті жүргіншілерден басқа, бұл жердің аялдама екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Неге десеңіз жанар-жағармай бекетінің аумағында орналасқан аялдамада аялдамаға тән бір белгі жоқтың қасы. Сонымен, кешкі сағат 19:55-те соңғы аялдамаға келіп тоқтаған № 35-ші Восход кентіне қарай бағыт алған соңғы автобусқа “Юбилейный” аялдамасынан шамамен он шақты жолаушы отырды. Олармен бірге автобусқа енген қала әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов та жолақысын төлеп, жолаушы орындығына жайғасты. Автобусты күткен 10 — 15 минут аралығында Ермак Бидахметұлы аялдамадағы тұрғындарды сөзге тартып, олардан қоғамдық көліктердің жүру кестесі, қызмет көрсету сапасы туралы сұраған болатын. Жолаушылардың бірі автобуста жалғыз адам болған жағдайда, кей кездері соңғы автобустың соңғы аялдамаға жетпей тоқтап, кері қайтатынын айтып өтті.  

Жолай қоғамдық көлік тазалығын, жолаушы тасымалдаушылардың қызмет көрсету сапасын бақылаған қала басшысы бірер аялдама жүріп өткеннен кейін кондуктормен және жолаушылармен тілдесті.

Қала басшысына қоғамдық көліктің жүру кестесін көрсетіп, жұмыстары жайлы баяндаған Гүлшат есімді кондуктор автобуста барлық заңдылық пен нормалардың сақталғандығы жайлы мағлұмат берді. Жұмыстары таңертеңгілік ерте басталатынын, кешкісін кеш қайтатынын тілге тиек еткен кондуктор кешкі сағат 22.00-23.00-де автобустың көлік жуу пунктінде болатынын, түскі ас уақытында санитарлардың қоғамдық көліктің ішкі жағын жуып, тазалайтынын жеткізді.

— Диспетчерлер автобустардың жүру кестесін қатаң бақылайды. Сондықтан қоғамдық көліктердің жүру кестесі міндетті түрде сақталады. Ал автобус интервалының арасы жұмыс күндері 12 минут, демалыс күндері 15 минутты көрсетеді. Кешкі сағат 21.00-де жұмыс уақытымыз аяқталады. Кешкі уақытта, әсіресе демалыс күндері жолаушылар аз болады. Жолаушылардың басым көпшілігі тек біздің бағытта “Апрель” гипермаркетінің маңындағы аялдама мен 72-ші квартал, “Орталық базар” және “Орталық алаң” аялдамаларынан отырады. Көбіне жолаушылар әр 1-2 аялдама сайын түсіп отырады. Алайда, қаншалықты аз болса да, оларды тиісті аялдамаларына жеткізіп, соңғы аялдамаға дейін жүру кестесі бойынша жүріп өтеміз. Жалпы, сенбі күні 8, жексенбі күні  7 автобус, ал жұмыс күндері 11 автобус жұмысқа шығады. Күнделікті бір бағыттан екінші бағытқа 12-13 рет қатынап, бір күнде шамамен 300-400 жолаушы тасымалдаймыз. Соғыс ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы құжатымен, тегін жүруге мүмкіндік қарастырылған, — деді кондуктор қала басшысының сұрақтарына жауап беру барысында.

Жалақылары күнделікті жолаушылардың санына байланысты екенін айтқан кондуктор қала әкіміне Шығыс кентіндегі 3-ші саяжай массиві аялдамасынан бастап электр жарығының жоқтығы және дәл осы аялдамадан бастап жолдың да ой-шұңқырының көп болуы жұмыстарына қиындық тудыратынын  айтып өтті.

Ермак Бидахметұлын қоғамдық көліктен көрген кезде таңданып та, таңырқай қараған жолаушылар да болды. Демалыс күніне қарамастан, қоғамдық көлікке мініп, халықтың ортасында жүргеніне ризашылықтарын білдірген жолаушылар қала басшысына, жалпы қаладағы атқарылып жатқан жүйелі жұмыстары үшін алғыстарын да айтып жатты.

Кешкі сағат 20.55-те қала басшысы мен қалалық мәслихат хатшысы отырған № 35-ші автобус Восход кентіндегі соңғы аялдамаға келіп тоқтады. Юбилейныйдан Восходқа дейін кондуктор және жолаушылармен әңгімелескен Ермак Бидахметұлы қоғамдық көліктің аялдама басынан аялдама аяғына дейінгі жұмысын өз көзімен көріп, біршама ақпаратқа қанық болды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

18.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

18.04.2026
В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

ЕНТ в Казахстане претерпит ряд изменений. Об этом рассказала Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева....

Читать далее ...

В области Абай начались весенние полевые работы

18.04.2026
В области Абай начались весенние полевые работы

В регионе стартовали весенние полевые работы 2026 года, ведутся плановые мероприятия, направленные на развитие сельского хозяйства. Для качественного проведения посевной...

Читать далее ...

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

18.04.2026
В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

С 18 апреля 2026 года за Комитетом законодательно закрепляется новая функция – прогнозно-аналитическая деятельность, включая выработку рекомендаций для государственных органов....

Читать далее ...

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

18.04.2026
В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

17 апреля под председательством Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе...

Читать далее ...

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

17.04.2026
Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

В Семее на базе Shakarim University состоялась встреча на тему «NEXT STEP: закон и будущее», направленная на продвижение Народной Конституции....

Читать далее ...

Новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

2 дня назад

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

2 дня назад

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

2 дня назад

В области Абай начались весенние полевые работы

2 дня назад

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

2 дня назад

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

2 дня назад

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

3 дня назад

«Абайға құрмет»: в Семее заложили фундамент нового спортивного комплекса

3 дня назад

Представители фонда «Самрук-Казына» приняли участие в акции по посадке деревьев в Семее

3 дня назад

В Семее началось строительство ТЭЦ-3

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС