Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП НАЗАРДА

25.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда қала әкімі Ермак Сәлімов жауапты мекемелер мен сауда орындары басшыларымен өткен жиында шаһардың санитарлық тазалығына байланысты бірқатар сын айтып, тың тапсырмалар жүктеген еді. Өткен сенбі күні алға қойған міндеттердің орындалуы барысымен танысу мақсатында шаһар басшысы бірақатар сауда орындарын аралады.

Алдымен қала әкімі бастаған жұмыс тобы Семейдің кіре берісінде орын тепкен «Сары» базарына барып, ондағы қалыптасқан ахуалға қанықты. Мұнда шаруа қожалықтары мен шалғай ауыл тұрғындары қалалықтарды сапалы әрі қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамту мақсатында өз өнімдерін ұсынып келеді. Әрбір сауда орны үшін қожалық өкілдері мен ауыл азаматтары 400-500 теңгеден төлейді екен. Ал жеке тұлғаларға 700-1000 теңге көлемінде бекітіліпті. Алайда қызу сауда жүріп жат-қан орынның санитарлық тазалығы  мүлде сын көтермейтін болып шықты. Сатылымға шығарылған мал еті талапқа сай емес орындарда саудалануда. Мәселен, көліктің артқы жүк салғышына жайылған төрт түлік өнімдеріне жанармай иісі сіңіп қалғаны анық. Бұл «Сары» базарының бүгінгі келбеті. Ал сауда-саттықпен айналысып тұрған адамдардың жеке бас гигиенасы — өз алдына бөлек тақырып.

 

{jcomments on}Мекеме әкімшілігін сөзге тартқан Ермак Бидахметұлы аталмыш олқылықтарды жуық арада шешуді міндеттеп, сауда орнын тиісті стандартқа сай ұйымдастыруды тапсырды.

 

– Сіздер дұрыс түсініңіздер. Шаруа қожалықтары өкілдерінің дұрыс сауда жасауына қолайлылық туғызу қажет. Олар маңдай термен төрт түлік малдарын бағып өсіреді. Қала жұртшылығына сапалы өнім ұсыну үшін сонау шалғай өңірлерден ат терлетіп келеді. Олардың сауда жасауына сіздер жағдай жасап берулеріңіз керек. Базар аумағының тазалығына зейін қойғандарыңыз абзал. Айналаның барлығы арамшөптен көрінбейді. Үй тазалығына қандай мән берсеңіздер, бұл жерге де сондай мұқияттылық танытуларыңызды сұраймын. Тез арада сіздермен бірлесіп арнайы құжат дайындауымыз қажет. Онда барлық мәселе ескерілетін болады. Егер де ол келісімшарттағы міндеттер бұзылатын болса, біз нақты шараларға көшуге мәжбүр боламыз. Тұрғындар дәл осы базарға жиі келеді. Сондықтан да оларға құрметпен қарап, аумақтарыңызды ретке келтіруді сұраймын. Олай болмаған жағдайда, бізге саудагерлерді басқа кешенге ауыстыруға тура келеді, — дей келіп, Ермак Сәлімов базар басшылығына қатаң ескерту жасады.

Келесі кезекте қала әкімі Әуезов даңғылы бойындағы «Южный» сауда үйінің маңына аялдады. Бұл аумақтағы сүреңсіз көрініс бейберекет сауда болып тұр. Дей тұрғанмен күрмеулі мәселе біртіндеп шешімін тауып келеді екен. Жақын маңдағы сауда орталықтарының қожайындары дала саудагерлеріне тиімді бағада қосымша орындар ұсыныпты. Бұған, әрине, сауда жасаушылар разы. Себебі нәпақасын жылы орында отырып табуға мүкіндік туып отыр. Алайда араларында басқа орынға ауысқысы келмейтіндері де бар екен. Олардың жолдың жиегінде орналасқан дүңгіршектердің иелері екені анықталды. Дегенмен шаһар басшысы аталмыш тұлғаларды сөзге тартып, оларға саудаларын дөңгелетуге септігін тигізетін заңға сәйкес жолдарды түсіндіріп өтті.

–Дүңгіршектеріңіздің жолдың бойында қалай тұрғанына зер салып қараңыздаршы. Көлік тұрмақ, жаяу жүргіншілердің өтуіне кедергі туғызады. Сіздерге бірыңғай үлгіде арнайы орындар әзірлеп беріп отырмыз. Бұл жерге дүңгіршектерді қоюға болмайды. Бұған қоса соттың қаулысы да шығып қойған. Оны алып тастауға міндеттісіздер. Біз ұсынған орын көңілдеріңізден шықпаса, өзге аумақтан жер қарастырайық. Оның бәрі заң жүзінде жүргізілуі тиіс. Шаһардың Бас жоспары шеңберінен шықпауымыз тиіс. Сол себепті жаңа мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар,- деді Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар Е.Сәлімов «Ақшың» сауда орталығына да аялдады. Осында Назгүл есімді ет сатушы күніне 50-60 келі ет өнімдері өтетінін атап өтті. Мұнда барлық талап қатаң сақталады. Әсіресе ауылшаруашылық өнімдері саудаға түспестен бұрын арнайы зертханаға жөнелтіледі екен. Кешен әкімшілігі алыпсатарлардың бой көрсетпеуін қатаң қадағалайтын көрінеді. Ермак Бидахметұлы орталық басшылығына халық жиі тұтынатын өнімдердің бағасы шарықтап кетпеуін назарда ұстауын тапсырды. Сауда орталығын аралау барысында қала әкімі тұтынушылармен де тілдесті. Қала тұрғындары Чехов көшесі бойындағы жабайы сауданың алынып    тасталуына оң көзқарасын жеткізді. Жұмыс сапарын түйіндеген шаһар басшысы      соңында тілшілерге сұхбат берді.

— «Сары» базарындағы өздеріңіз көрген жағдай, көңілге қаяу түсіретіні анық. Біз оларға белгілі бір уақыт бердік. Белгіленген мерзімде тиісті жұмыстар атқарылмаса, онда біз саудагерлерді өзге орынға көшіруге мәжбүрміз. Оған қарағанда әлдеқайда лайықты орындар Семейде жетерлік. Мысалы, «Солтүстік» логистикалық орталықты айтуға болады. Ол жерде барлығы қарастырылған. Ал «Сары» кешені қаншалықты саудагерлерді қабылдауға әзір болатынын уақыт көрсетер,- деді Е. Сәлімов.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС