Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

25.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Теңгенің нарықтағы бағасының өзгеріске ұшырауына байланысты Мемлекет басшысы облыс, қала және аудан басшыларына халықтың күнделікті тұтынатын тауарлар бағасының күрт өсіп кетпеуін қадағалауда ұстауды тапсырған болатын. Осы ретте азық—түлік бағасының тұрақтылығын қалалық кәсіпкерлік бөлімі қатаң бақылауында ұстап, арнайы штаб та құрылған. Штаб құрамына қала әкімінің орынбасары, қалалық кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, ішкі саясат бөлімдері, мемлекеттік кіріс басқармасы, ішкі істер органдары мен тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдары енгізілген.

 

{jcomments on}Өткен жұма күні бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері штаб мүшелерімен бірге мониторинг өткізуге қатысып, бағаның тұрақты екеніне көз жеткізді. Мысалы, «Тамаша» супермаркетінде 21 тамыз күні азық-түлік бағасы бұрынғы қалпынан еш өзгермеген. Тұтынушылар тарапынан да ешқандай наразылық орын алмады.

 

— Күніне екі рет 14 маман бағаға мониторинг жасап отырады. Егер мониторинг барысында бағаның өсуі байқалса, сауда мекемелерінің жетекшілерімен сұхбат жүргізіледі. Әсіресе әлеуметтік тауарлардың бағасы қатаң бақылауға алынады. Бұған 27 тауардың тізімі енгізілген. Оның басым көпшілігі – отандық өнім. Өткен жылы девальвация болғанда да, бағаның тұрақтылығы бір жыл бойы сақталған болатын, — дейді кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсупов.

Сондай-ақ Бауыржан Юсупов өзге де тауарлардың бағасы бақылауда болатынын, доллар бағамының жоғарылағанына дейін импортталып келген өнімдер бағасының бұрынғы қалпын сақтайтынын айтып өтті.

Мамандардың айтуынша, қаладағы 900-ден аса кәсіпкер әлеуметтік қажетті тауарлардың бағасын 10 пайыздан жоғары көтермеу туралы меморандумға қол қойған. Аталмыш меморандумның уақыты шектеусіз екенін ескерсек, бұл да бағаның тұрақты болуына септігін тигізетіні анық. Сондай-ақ баға тұрақтылығына қоймасында 25 мың тонна жеміс пен көкөніс сақтауға қауқарлы тұрақтандыру қорының да әсері зор болмақ.

Ал жексенбі, 23 тамыз күні қала әкімінің орынбасары Нариман Ақылжанов бастаған штаб мүшелері шаһардағы бірқатар сауда орындарын аралады. Сатылымдағы тауарлар бағасында өсім байқалмайды. Өйткені азық-түлік қорының басым бөлігі — отандық өнім. Ас атасы – нан бағасы да тұрақты.

Шаһар кәсіпкерлерімен жүзбе-жүз тілдескен Нариман Егізбайұлы бизнес өкілдерін әлеуметтік жауапкершілік танытып, тұтыным тауарлары құнының көтерілуіне жол бермеуге, сондай-ақ өтпелі кезеңде жұдырықтай жұмыла білуге шақырды.

Семейде арнайы құрылған штаб өкілдері күніне екі рет сауда орындарын аралауда. Осылайша жергілікті атқарушы билік қала дүкендері мен сауда орталықтарын бақылауға алған. Әзірге азық-түлік бағасында ешқандай өзгеріс жоқ. Ал валютаға енгізілген түзетулерді пайдаланып, табысқа кенелмек болғандарға шара қолданылмақ.

— Арнайы құрылған жедел топ күнделікті қаладағы 300 дүкенді, базарлар мен ірі-ірі сауда орындарын бақылап, мониторинг жүргізуде. Өздеріңіз байқағандай, бағаның өсімін көріп отырған жоқпыз. Алдағы уақытта да барлығы бақылауда болып, жұмыстар жалғасын табатын болады. Тіпті бірқатар кәсіпкерлер әртүрлі жеңілдіктер де ұсынып отырғанын көріп тұрмыз. Бізге күріштің бағасы 300 теңгеге көтерілгені жөнінде шағым болды. Ал «Адал» супермаркетінде оның бағасы 230 теңгемен саудалануда, — дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Нариман Ақылжанов.

А. МЫРЗАХАНОВ,

Н. КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС