Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

25.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық мәслихатының кезекті 44-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Ермак Сәлімов, әкімдіктің бөлім басшылары мен қаладағы өзге де бірқатар мекеме жетек-шілері қатысты.

Жиын барысында күн тәртібі ретінде жеті мәселе қаралды. Алдымен өзіне жүктелген міндеттер мен оларды орындау жайында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің есебі тыңдалды.

 

{jcomments on}Шаһар басшысы атап өткендей, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай оң өзгерістер бар екен. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі 3,6 %-ды құрапты.  Шағын бизнес субъектілерінің саны 23,1 %-ға артып, меншікті табыс көлемі 5,3 %, орташа айлық жалақы 4,6 %-ға жоғарылаған. Ал өткен жылы мемлекеттік бюджетке 23 млрд. 143 млн. теңге көлемінде салықтар мен төлемдер түсіпті.

 

Тағы бір тоқталар жайт — ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 103,6 %-ды  құрапты. Өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 42417,8 млн. теңге сомасының өнімдері (тауарлар, қызметтер) өндірілді, нақты көлем индексі – 103,8 %. Өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестициялар 27 % өсіммен шамамен 5,5 млрд. теңгені құрапты. Сондай-ақ шағын бизнестің дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жетімділігі үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы шаралар жүзеге асырылған. 2014 жылға және ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба іске асырыл-ған. Субсидиялау құны 155,7 млн. теңгені құрап, соның ішінде ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы құны 382,4 млн. теңгені құрайтын 13 жоба іске асыпты.

Ауыл шаруашылығына келер болсақ, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнімнің көлемі 21,02 млрд. теңгені құраған. Ет өндіру                6,9 %-ға артып, 25,8 мың тоннаға, сүт – 0,9 %, жұмыртқа 93,3 %-ға (14,4 млн. дана) жетіпті. Мал басының өскені байқалады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 344 ірі қара түлігі сатып алынған. Бір бұл емес, ауыл шаруашылығы саласындағы ілкімді істер жетерлік. Мәселен, қалалық  тұрғындарды сапалы әрі арзан бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 51 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліпті.

Сонымен қатар қала әкімі Е.Сәлімов тұрғын үй құрылысын дамытудағы оң өзгерістерге де тоқталып, халық қалауларының сауалдарына жауап берді.

— Қалада 2012 жылдан бастап «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2014 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 107,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе соның ішінде бюджеттік инвестициялар есебінен 50,96 мың шаршы метр, тұрғындардың өз қаражаты есебінен 56,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал ағымдағы жылы жеке инвесторлар есебінен салынған жалпы сомасы 3,3 млрд. теңге, жалпы алаңы 33,6 мың шаршы метрді құрайтын 8 үйді қолданысқа беру жоспарлануда, — деді өз сөзінде Ермак Бидахмет-ұлы.

Сессияда қаралған келесі сұрақтың бірі 2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы және 2015-2016 жылғы қысқы жағдайдағы жұмыстарға дайындық барысы болды. Аталмыш мәселе бойынша қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Шәкәрімов жауап берді.

Сонымен қатар сессияда Семей өңіріндегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы мәселелер де қарастырылды. Осы тұста сөз алған білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенкоға қалалық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева ұстаздардың еңбек демалысы ақысын алған-алмағанын, сондай-ақ үш аусымда білім беретін ошақтардың бар жоғын сұрап білді. Білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың айтуынша, мұғалімдер осы уақытқа дейін еңбек демалысы ақысын түгелдей алған, алдағы уақытта тек тамыз айының еңбек ақысы берілетін болады. Қаланың бас педагогінің сөзіне сүйенсек, өткен жылы семейлік оқушылар № 19 және № 44 жалпы білім беретін мектептерде үш ауысымда оқыған. Биылғы жылы аталмыш екі мектептің оқушылары ата-аналардың келісімімен басқа білім ошақтарына тасымалданбақ. Оған арнайы қаражат та қарастырылып, тасымалдау бағыты белгіленген екен.

Сессияда Семей қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы және тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемін анықтау және беру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ «Семей қаласы мәслихатының аппараты» ММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы сөз болды.

Сессияда көтерілген мәселелер қорытындысын қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады және күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

18.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

18.04.2026
В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

ЕНТ в Казахстане претерпит ряд изменений. Об этом рассказала Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева....

Читать далее ...

В области Абай начались весенние полевые работы

18.04.2026
В области Абай начались весенние полевые работы

В регионе стартовали весенние полевые работы 2026 года, ведутся плановые мероприятия, направленные на развитие сельского хозяйства. Для качественного проведения посевной...

Читать далее ...

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

18.04.2026
В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

С 18 апреля 2026 года за Комитетом законодательно закрепляется новая функция – прогнозно-аналитическая деятельность, включая выработку рекомендаций для государственных органов....

Читать далее ...

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

18.04.2026
В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

17 апреля под председательством Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе...

Читать далее ...

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

17.04.2026
Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

В Семее на базе Shakarim University состоялась встреча на тему «NEXT STEP: закон и будущее», направленная на продвижение Народной Конституции....

Читать далее ...

Новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

2 дня назад

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

2 дня назад

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

2 дня назад

В области Абай начались весенние полевые работы

2 дня назад

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

2 дня назад

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

2 дня назад

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

3 дня назад

«Абайға құрмет»: в Семее заложили фундамент нового спортивного комплекса

3 дня назад

Представители фонда «Самрук-Казына» приняли участие в акции по посадке деревьев в Семее

3 дня назад

В Семее началось строительство ТЭЦ-3

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС