Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ХАКІМ МЕРЕЙТОЙЫ ЖАЛFАСУДА

25.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналып және ақынның 1885 жылғы өлеңдеріне 130, 1895 жылғы өлеңдеріне 120 жыл толуына арналған «Хакім Абай» атты мерекелік мәдени іс-шаралар өткізілді.

Мерекелік шаралар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынға тағзым ету рәсімімен басталды. Шара барысында алғашқы болып қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова сөз алды.

— Жақында ғана Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы Семей қаласы мен ақынның туған жерінде ауқымды түрде аталып өтілді. Бұл мереке әлі де жалғасын табуы заңдылық. Өйткені бүкіл әлем мойындаған біртуар тұлғаның шығармашылығы ғасырдан — ғасырға жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып қалуда. Абайдың шығармашылығы тек білім нәрімен ғана сусындатып қоймай, оқырманға рухани күш береді. Барлықтарыңызды ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! — деді өз құттықтауында қала әкімінің орынбасары.

 

{jcomments on}Өз кезегінде көпшілік алдында сөз алған Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір:

 

— Абайдың 170 жылдық мерейтойы тамыз айының басында болсын немесе аяғында болсын, кез келген уақытта тойлана беретіні сөзсіз. Ал ақынның нақты туған күнінде, яғни 23 тамыз күні, ұлы Абайға арналған іс-шаралардың өтуі заңды құбылыс болып, әрқайсымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге енуі керек деп есептеймін. Семейліктер хакім Абайдың туған күнін әрдайым 23 тамыз күні атап өтеді. Алдағы уақытта да дәл осы күні атап өтетін болады деп ойлаймын, — дей келе, — «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы»,- деп Елбасымыз айтқандай, қасиетті мұраны қашанда ардақтау, өз деңгейінде дәріптеу, жалпақ жұртқа насихаттау бұлжымас парызымыз деп санаймын, — деді мұражай директоры.

Ескерткіш алдындағы шара барысында қалалық Мәдениет үйінің әншілері Абайдың әндерін орындаса, Халықтық ақындар орталығының шәкірттері, жас ақындар жыр-шумақтарын оқыды.

Мерекелік шаралар Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында жалғасты. Мұражай алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым жасалған соң, мұражайдың «Тақырыптық көрме» залында Шығыс Қазақстан Өнер мұражайының «Абай. Уақыт. Өнер» көрмесінің ашылу салтанаты болды. Шығыс Қазақстан Өнер мұражайының экспозициялық көрме секторының маманы Лариса Мартынова сөз алып, мұражай директоры Нұржазия Қалиеваның атынан атаулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Аталмыш көрменің осы уақытқа дейін Шемонайха ауданында және Риддер қаласында болғанын айтқан Л. Мартынова алдағы уақытта Абай ауданында және басқа да аудандарда ұйымдастырылатынын жеткізді.

Мәдени шара Абай қорық-мұражайының мәжіліс залында «Абайдың әдеби мұрасы» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына арнал- ған әдеби-сазды кешпен жалғасты. Мұражай директоры Жандос Әубәкірдің алғы сөзімен        ашылған кеш барысында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті педагогика жоғарғы мектебінің директоры, ф.ғ.д., профессор Арап Еспенбетов, Абай мұражайының жетекші ғылыми қызметкері М. Мұхамедова және ұлы ақынның туған жері Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының М.Әуезов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ҚР оқу ісінің үздігі Лаура Ғылымбаева баяндама жасады.

Сонымен қатар кеш барысында қалалық Мәдениет сарайының әншілері Б.Омаров, Ж.Шәріпов,  Абайдың ән мұрасын насихаттаушы шәкірті Әлмағамбет Қапсалямұлының ұрпағы, әнші Қ.Қабылановтар Абайдың әндерін тамылжыта орындаса, Әміре Қашаубаев атындағы филармония оркестрінің Абайдың «Торжорға» күйін күмбірлетті. Ал Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері «Абай» композициясынан қойылым көрсетті. Сондай-ақ облыстық «Абай», «Шәкәрім» оқуларының, «Абайды оқы, таңырқа…» байқауының жүлдегерлері ақынның 1885, 1895 жылғы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

16.01.2026
В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

В войсковой части 54835, расположенной в Абайском гарнизоне, организованы плановые учебно-тренировочные полёты. Пилоты авиабазы в соответствии с планом боевой подготовки...

Читать далее ...

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16.01.2026
Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

📌 В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 🔹 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас...

Читать далее ...

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16.01.2026
Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

Приближается праздник Крещения, во время которого, по традиции, будут открыты проруби для всех желающих окунуться в ледяную воду. На брифинге...

Читать далее ...

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16.01.2026
Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

Тогызкумалак - игра древняя, но не теряющая актуальности по сей день. Игрок в тогызкумалак должен владеть навыком быстрого счета, игра...

Читать далее ...

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16.01.2026
В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

В Алматы состоялось открытие Национального научного центра инфекционных болезней (ННЦИБ) – ключевого объекта, созданного по поручению Главы государства для укрепления...

Читать далее ...

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

16.01.2026
В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

В средней общеобразовательной школе №50 города Семей состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров областного финала интерактивной образовательной игры «Қаржы...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

1 день назад

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

1 день назад

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

1 день назад

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

1 день назад

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

1 день назад

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

1 день назад

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

2 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

2 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

2 дня назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС