Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

28.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жазғы демалыстың аяқталуына да аз ғана күндер қалды. Жаңа оқу жылының басталатын, алғашқы қоңырау салтанаты өтетін 1 қыркүйек күні  мектеп оқушылары үшін үлкен мереке болса, ал ата-аналар үшін балаларына қажетті барлық оқу құралдары мен киімдерін сатып алу әжептәуір салмақ болатыны белгілі. Бұл орайда қала бойынша мектепке қажетті оқу құралдарының бағасы бақылауға алынған. Сол сияқты әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылуда.

 

{jcomments on}Доллар бағамының көтерілуіне байланысты Семейдегі сауда дүкендерінде әзірге тұтынушылар тарапынан бағаға қатысты наразылық болмаған. Кеңсе тауарлары мен киім-кешек, аяқ киім және сөмкелердің барлығы бұрынғы бағамен саудалануда. Жуырда Tengrinews.kz сайтында мектепке қажетті оқу құралдары жайлы мынандай ақпарат жарияланған екен: «Семейде мектеп формасының бағасы 4800-ден 14 500 теңгеге дейін, портфель 1200-ден 16 869 теңгеге дейін, дәптерлер 8,9 теңгеден 125 теңгеге дейін, альбомдар 135-тен 805 теңгеге дейін, ал күнделік 165-тен 1150 теңгеге дейін, түрлі түсті қарындаштар 70-тен 1850 теңгеге дейін, оқулықтар, мәселен 4 сыныптың оқулықтарының біреуінің бағасы 500-ден 700 теңгеге дейін, пластилин 140-тан 440 теңгеге дейін, түрлі түсті қағаз 30-дан 665 теңгеге дейін, қалың дәптерлер 44-тен 402 теңгеге дейінгі бағаны құрайды. Жалпы, Семейде мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формасына жиыны шамамен 30-40 мың теңге қажет екен». Осы ақпараттың жарияланғанынан бір апта өткеннен кейін, яғни 23 тамыз күнгі бағаларға назар аударсақ, дәптердің орташа бағасы қалыңдығына байланысты 10-190 теңгені құраса, сурет салуға арналған альбомның бағасы 135 теңгеден, қаламның бағасы 35 теңгеден, күнделіктің бағасы 250 теңгеден, түрлі түсті қарындаштың бағасы 1000 теңгеден, ал портфельдің бағасы 2500 теңгеден басталады.

 

— Жаңа оқу жылының басталуына екі апта қалғанда, барлығы қымбаттай бастайды. Ал біз сауда жасауға сәл ертеректеу барған болатынбыз. Ұлыма кеңсе тауарларын, спорттық костюм, мектеп формасын, аяқ киім, сөмке сияқты барлық қажетті оқу құралдарын сатып алдық. Саудаласуға тура келді. Нәтижесінде айтарлықтай жеңілдікке де қол жеткіздік. Жалпы, барлығын есептегенде, 13 жастағы балаға 70 мың теңге жұмсадық, — дейді ата-аналардың бірі Бақыт Тілеуханова.

Ал қыз балаларды киіндіру қымбатқа түседі екен. Өйткені оларға мектеп формасында шалбарға қоса, белдемше мен сарафанды да алуға тура келеді. Қарапайым ақ блузканың бағасы 2500 теңгеден басталса, орташа сапалы белдемшенің де құны дәл осындай бағаны құрайтын көрінеді.

Жергілікті билік негізгі тауарлардың баға тұрақтылығын бақылауда ұстауда. Кәсіпкерлік бөлімінің мамандары әсіресе мектепке қажетті тауарлардың бағасын өсірмеу жағын қатаң бақылауға алғандықтарын айтады.

— Бүгінде «Ақшың», «Жансая», «Мереке» сияқты басқа да жекеменшік базарлар мен сауда дүкендерінде мектеп жәрмеңкелері ашылған. Сонымен қатар қалада «Канц», «Абди» сияқты көтерме сауда фирмаларында баға тұрақтылығы сақталуда, — дейді кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі   Айжан Хасенова.

Сонымен қатар қалада мектеп оқушыларына арналған қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылуда. Қазақстанда 2007 жылдан бері жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Осы жылы акция 2015 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен ұйымдастырылып отыр. Акцияға қатысушылардың қатары жыл сайын арта түсуде. Оқушыларды мектепке дайындауда бизнестік құрылымдар, банктер, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетуде. Өткен жылы әр құрылымдардың 13 900-ге жуық балаға көрсеткен қаржылық көмегі 29 млн.856 мың теңгені құраған.

Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биылғы оқу жылында 4850-ден аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды екен. Қала мектептерінде 39 787 оқушы, соның ішінде 5300 бала әлеуметтік-қорғалмаған болса, 372-сі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары.

Қала мектептерінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету үшін, киім-кешек, оқу құралдарын қабылдайтын пункттер ашыл-ған. Акция шеңберінде мектептерде «Бірінші сыныпқа бірінші рет» атты іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Осы ретте жуырда Достық үйінде қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық акциясы да өткен болатын.

Шара барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Айта кету керек, «Мектепке жол» акциясы бойынша балғындарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін шаһардағы Орталық мешіт, Православтық Воскресенский Соборы, «АзияДекор» ЖШС және «Банк Центр Кредит» АҚ сияқты бірқатар мекемелер қаржылай демеушілік жасаған. Жалпы, акция аясында қаладағы 50 бала ұйымдастырушылар үлестірген сыйлыққа ие болды. Шара соңында сөз алған ұйымдастырушылар мен демеушілер оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры демеушілерді алғыс хатпен марапаттады. Ата-аналар да ұйымдастырушыларға, демеушілерге деген шексіз ризашылықтарын білдірді.

Н. ТАЛҒАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС