Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАРИФ өсімі — қажеттіліктен

28.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семейліктердің жылуға тарифтің өсетінін естігеніне біраз уақыт болды. Әрине, бұл тұрғындарды алаңдатпай қоймайтыны анық. Сондықтан да оны қарапайым халыққа дұрыс жеткізе білуіміз керек. Ең бастысы, қолданыстағы тарифтерге өзгертулер енгізілген жағдайда да, алдымен тұтынушының құқығына нұқсан келтірілмей, айқын болуы тиіс деп ойлаймын. Осы тұста тарифтік реформаның оң тұстары басым екенін айта кетуіміз керек. Бұл өзгеріс, алдымен, шаһардағы тозығы жеткен жылу жабдықтарын ретке келтіріп, сапалы қызмет түрін алуға септігін тигізер еді. Сол себепті де оларды қалпына келтіріп, алмастыру, жөндеу жұмыстарының қарқынын еселей түсуіміз керек. Соңғы жылдарда апатты жағдайдағы желілерді жаңарту деңгейі көп кейін қалды. Соның салдарынан жылу энергиясының орынсыз ысырабы мен шығын көлемінің шамадан тыс көбеюіне жол беріледі.

Тағы бір түйткілді мәселе — аталмыш сала қаржылық қиындықтарды бастан кешуде. Жылдар бойы қордаланып қалған берешектер коммуналдық мекеменің шығынмен жұмыс жасауына алып келді. Мұның да жылуға әсер етпей қоймайтыны анық. Кәсіпорын әсіресе «Шығысэнерготрейд», «Қаражыра», «Семей Водоканал» мекемелері алдында берешегі шаш етектен екенін жақсы білеміз.

Мұның сыртында жоспарланған жұмыстарды орындауға қажетті тауарлардың (материалдардың) сатып алу бағасының немесе құнының жылдан-жылға өсуі де кәсіпорынның қаржылық ахуалының күрделене түсуіне елеулі әсер еткендігін айтуымыз керек. Осы орайда атқарылған жұмыстың тиімділігіне кепілдік беретін көрсеткіштің бірі — өндірілген жылу энергиясын тасымалдап, бөліп-таратуда оның орынсыз ысырабын азайту болып табылатындығын да атаусыз қалдырудың жөні жоқ. Бұл бағытта аз-кем ілгерілеушілік бар. Жыл өткен сайын, коммуналдық мекемеге қарасты жылу желілеріндегі ысыраптың шамасы төмендеген. Дегенмен  мұның өзі де кәсіпорынның экономикасын толықтай сауықтыруға мүмкіндік бермей отыр.

Сонымен қатар бұл қадамға көмір, су, электр жарығы бағасының көтерілуі себеп болуда.  Оны күнделікті тұрмыста көріп те жүрміз. Ал жылу құнының артуы коммуналдық кәсіпорынның шығынсыз жұмыс жасауына мүмкіндік берері анық. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларының орташа жалақысын арттыру көзделуде. Мекемедегі жұмысшылардың қаламыздың тұрғындары екенін ескерсек, күні-түні жұмыс жасайтын энергетиктердің еңбегі бағалануы керек. Олардың әлеуметтік жағдайлары да ескерілетіні орынды. Осыларды негізге ала отырып, «Теплокоммунэнерго» МКК әкімшілігі, жоғарыда айтылғандай, аймақтық табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтінімін жолдаған. Соған сай, егер ол расталатын болса, 2016 жылы жылуға тариф тұрғындар үшін 20% көтерілмек, ал орташа жіберілетін тариф 25% көзделуде.

Осының арқасында ең алдымен моральдық-материальдық тұрғыдан тозығы жеткен магистральды жылу жүйелері мен жабдықтар жаңасымен алмастырылады, келесі кезекте құбырларды жылу жібермейтіндей етіп орау мен оларды жөндеудің озық әдістері мен технологияларын қолданып, желілердегі жылу энергиясының ысырабы төмендетіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында еңбек өнімділігін көтеріп, сапалылығын қамтамасыз ету үшін, жетілдірілген арнаулы механизмдер сатылып алынады. Бір сөзбен айтқанда, жылу энергиясымен қамту қызметінің көлемі ұлғайтылып, жылу қуатының тұтынылуына бақылау жақсартылады. Сондай-ақ қолдағы бар қазандықтарды жаңартып, күтіп ұстауға, энергияны үнемдеу мен тиімділігін көтеруге көбірек көңіл бөлінеді. Күн тәртібіне қойылған осынау өзекті де маңызды мәселеге қатысты менің пікірім осындай.

 

Амантай ДОҒАЛАҚОВ,

Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС