Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ — МІНДЕТ

28.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов шаһардағы «Таксомоторный парк» және «Роза» ЖШС –нің жұмыстарымен танысты.

Алдымен шаһар басшысы «Таксомоторный парк» ЖШС-де болды. Оның негізі 1948 жылы қаланыпты. Бүгінде іргелі мекеменің өндірістік-техникалық базасы барлық талаптарға сай екен. «Мұнда автокөліктерге күнделікті жан-жақты техникалық қызмет түрлері көрсетіліп тұрады»,- деп атап өтті мекеме  басшысы Асқар Ширяев. Қызметкерлердің жалақылары да тұрақты төленеді. Сондай-ақ мұнда такси қызметін сапалы ету үшін қолайлы жағдай жасал-  ған. Темір тұлпарлар 2 қабатты паркингте орналасқан. Оның сыйымдылығы 120 көлікке шақталыпты. Ұжым басшысы атап өткендей, қазіргі күні қала бойынша 120-дан аса такси көлігі тұрғындарға қызмет көрсетуде. Материалдық-техникалық база жаңартылып тұратындықтан, барлық қоғамдық көліктер GPS- жүйесімен жабдықталған. Тапсырыс түскен сәтте, диспетчерлер компьютерге зер салып, жақын маңда тұрақтаған таксиді клиенттерге жөнелтеді екен. Сол арада тапсырыс берушілердің ұялы телефонына көліктің келгені туралы хабарлама түседі. Асқар Маратұлы бұдан бөлек қалада 13 бағытта жолаушыларды тасымалдаумен айналысатындықтарын жеткізді. Қызмет сапалы, қалалықтар тарапынан шағым жоқ.

 

{jcomments on}Осыдан соң Ермак Бидахметұлы «Роза» ЖШС-не аялдады. Комбинат — киіз басу әрі киізден жасалатын өнімдер шығарумен шұғылданатын бірегей мекеме. Ұжым басшысы Альбина Ахметова шаһар басшысына өндіріс орнында дайындалатын тауар түлерін көрсетті. Мұнда киізден басылған аяқ киімнің түр-түрін кездестіруге болады. Мекеме басшысының айтуынша, соңғы кездері киізден жасалған резеңкелі табанды аяқ киім үлгілеріне сұраныс артып келеді екен. Өткен жылы кәсіпорын 77 тонна киіз бен 11,5 мың жұп аяқ киім жасап, 118,6 млн. теңге табыс түсіріпті. Жалпы, мекеме қауқары жылына 150 мың тоннаға дейін киіз басуға жетеді. Қазір мұнда 70-ке тарта адам еңбек етеді. Альбина Харисқызы тапсырыс көбіне ауыр өнеркәсіп орындарынан түсетінін айтады. Ал шикізат көзі өзге өңірлерден тасымалданады екен. Осы орайда Ермак Бидахметұлы ұжым басшылығына шикізатты алыстан іздемей, Семей өңіріне қарасты ауылдардан алуды ұсынды. Кездесу соңында қала басшысы шаһар өмірінде елеулі орны бар аталмыш мекемелер қызметі жайлы түйген пікірін де білдірді.

 

— Семейдегі іргелі екі жекеменшік нысанды аралап, жұмысымен таныстым. «Роза» кәсіпорнындағы атқарылып жатқан шаруалар көңіл қуантады. Алайда шикізатты өзге облыстардың аудандарынан алатыны көңілге кірбің түсірді. Сол себепті біз оларға қажетті материалды Семейге қарасты ауылдардан алуды ұсынып отырмыз. Ұсынысымызды қабылдап жатқан жағдайда біз де өз тарапымыздан олардың өндірісін өркендетуге қолдау көрсететін  боламыз. Өндіріс орнын қажетті құрал-жабдықпен қамту мақсатында «Даму» қорымен келіссөздер жүргізбек ниеттеміз. Сонымен қатар біз үшін мұнда жасалған өнімдерде жергілікті үлестің болуы аса маңызды. Мұның өз кезегінде Семейдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ «Таксомоторный парк» мекемесінің ұжымымен жүздесудің де сәті түсті. Олар қаламызда жолаушыларды тасымалдаумен шұғылданатын мекемелер қатарынан. Осы сала Семейде қалай жолға қойылғанын білгім келді. Қазір шаһар бойынша қоғамдық көліктердегі жүру ақысының көтерілуі жөнінде қызу пікір-талас туындап жатқаны мәлім. Осы түйткілді сұрақтар төңірегінде Асқар Маратұлымен ұзақ сөйлестік. Әзірге жолақысын көтермеу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл салада әлі де нақтылауды қажет ететін тұстар бар. Жолаушы тасымалдаушылар маған өз шығындарын көрсетуде. Алайда қанша кіріс түсетіні туралы нақты дәлел келтірген жоқ. Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыттарын хронометражды түрде сараптайтын боламыз. Себебі кіріс көлемі жайлы шынайы ақпарат қажет,- деді Ермак Бидахметұлы.

Қазіргі таңда шаһардағы қоғамдық көліктер қатынасы қала басшысының басты назарында екені белгілі. Бұл ретте Е.Сәлімов жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын мекемелер өз міндеттерін толыққанды орындамай отырғанын жеткізді.

— Автобустардың санитарлық тазалығы сын көтермейді. Жоғарыда атап өткендей, кіріс жағы беймәлім. Бұл орайда салық инспекторлары да жүйелі жұмыс атқаруы тиіс. Сондай-ақ қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушілер құрамы да өз міндетіне салғырттықпен қарайтыны анықталды. Қалаған уақытында түрлі желеумен бағытынан (желіден) шығып кете алады екен. Әрине, көлікте ақау болса немесе тағы да басқа орынды себептер туындаса, ол жұмысын тоқтата алады. Алайда бұл жағдайда ол басқа автобуспен алмастырылуы тиіс емес пе? Осы тұстарды бақылауға олардың мүмкіндіктері зор. Өздеріңіз көргендей, заманауи құрылғылар арқылы диспетчерлер барлық бағыттағы көліктерді қадағалай алады. Жуық арада 50 бағыттағы қоғамдық көліктердің қозғалыс барысын толықтай өз назарымызда ұстауды көздеп отырмыз,- деп түйіндеді сөзін қала әкімі Е. Сәлімов.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

16.01.2026
В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

В войсковой части 54835, расположенной в Абайском гарнизоне, организованы плановые учебно-тренировочные полёты. Пилоты авиабазы в соответствии с планом боевой подготовки...

Читать далее ...

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16.01.2026
Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

📌 В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 🔹 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас...

Читать далее ...

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16.01.2026
Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

Приближается праздник Крещения, во время которого, по традиции, будут открыты проруби для всех желающих окунуться в ледяную воду. На брифинге...

Читать далее ...

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16.01.2026
Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

Тогызкумалак - игра древняя, но не теряющая актуальности по сей день. Игрок в тогызкумалак должен владеть навыком быстрого счета, игра...

Читать далее ...

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16.01.2026
В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

В Алматы состоялось открытие Национального научного центра инфекционных болезней (ННЦИБ) – ключевого объекта, созданного по поручению Главы государства для укрепления...

Читать далее ...

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

16.01.2026
В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

В средней общеобразовательной школе №50 города Семей состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров областного финала интерактивной образовательной игры «Қаржы...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

1 день назад

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

1 день назад

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

1 день назад

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

1 день назад

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

1 день назад

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

1 день назад

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

2 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

2 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

2 дня назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС