Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕМДЕУ ІСІНДЕ ОҢ НӘТИЖЕ БАР

01.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей өңірлік онкологиялық диспансер дәрігерлері үшін де ерекше маңызға ие болды. Атап айтсақ, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс – қимыл күні саналатын 29 тамыз қарсаңында шаһарымызға Жапониядан арнайы өкілдер келген болатын. Олардың арасында ядролық сынақ зардабын тартушылар денсаулығын зерттеумен әрі оларды оңалту бағытындағы шаралармен айналысатын бір топ өкілдер өңірлік онкологиялық диспансерде болып, қызмет барысымен танысты.

Мәртебелі меймандар ең алдымен онкологиялық диспансердің күндізгі стационар бөлімінде болып, ондағы емдеу және диагностикалаудың соны әдіс-тәсілдерімен танысты. Мұндағы жаңадан алынған заманауи құрылғылар қатерлі ісік түрлерімен күресте мамандар қызметіне тың серпін береді. Атап айтсақ, цитологиялық зертхана мен патоморфологиялық бөлімде болып, дәрігерлер қауымымен тілдескен жапондық меймандар мұндағы қолға алынған қарқынды емдеу түрлеріне және жаңа құрыл- ғылар жұмысына жоғары баға беретіндіктерін жеткізді. Қонақтарды бастап жүрген өңірлік онкологиялық диспансер директоры Марат Сандыбаев  әр бөлімнің қызметімен де таныстырды. Ал меймандар жағы мұқият тыңдап, сауалдарын да қойып отырды.

 

{jcomments on}- Шынын айтсам, Семейдегі онкологиялық диспансер жұмысының жоғары деңгейде екенін көріп таңырқадық. Мен ең алғаш Семейде 1995 жылы, содан соң 2000 — жылдары болғанмын. Кейінгі жылдары да бірнеше рет келіп, сіздердегі медицина саласының өркендеуіне куә болып жүрдім. Бірақ қазіргі күні жетістіктің анағұрлым жоғары екеніне көзім жетті. Сонымен қатар Жапония тарапынан аталмыш диспансерге 2010-шы жылдары сыйға тартылған құрал-жабдықтардың да әлі күнге дейін халыққа қалт-қысыз жұмыс істеп тұрғанын, мамандардың оны жетік меңгергендерін көрдік. Мен сіздердің онкологиялық диспансерлеріңіз күллі Қазақстан бойынша бірінші орында тұрған мекеме екеніне сенімдімін. Біздің бүгінгі мақсатымыз 29 тамыз күнгі өтетін іргелі шараларға қатысу болатын. Соның аясында Семей медициналық университетінде өтетін ғылыми конференцияда арнайы баяндама жасап, семейлік әріптестерімізбен тәжірибе алмасу еді. Сапарымызды онкологиялық диспансерден бастауымыздың бір себебі — өңірлеріңіздегі қатерлі ісікпен күрестегі сіздердің қол жеткізген жетістіктеріңізбен танысу, — дейді Нагасаки университетінің вице-президенті, профессор, радиацияның адам денсаулығына әсерін зерттеп жүрген ғалым Суничи Ямашита.

 

Жапондық ғалымдар өңірлік онкологиялық диспансерде ұзағырақ аялдады. Әсіресе диагностикалау ісінде семейлік дәрігерлердің жапондық медицина саласы мамандарының жетістіктеріне ілесе алатындай әлеуеті бар екендіктерін мойындады. Меймандар осыдан соң қалалық әкімдікке келді.

Қалалық әкімдікте өткен басқосуда Жапонияның Нагасаки префектурасы мен Семей әкімдігі арасында білім, ғылым, медицина саласындағы өзара әріптестік әрі ынтымақтастық байланысты нығайту мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылды. Айтулы шараға қала әкімі Ермак Сәлімов, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева, «Республикалық медициналық палата» ҚБ-нің бас директоры Мақсұт Құлжанов, Нагасаки дәрігерлері Ассоциациясының президенті Ясуиеши Макимото, Нагасаки университетінің вице-президенті Суничи Ямашито және өзге де медицина саласының жетекшілері қатысты.

Меморандумға сәйкес, қос тарап, медицина, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі тың ақпараттармен бөлісуді көздеуде. Сондай-ақ біліктілікті арттыру мақсатында, екі елдің ақ халаттылары өзара тәжірибе алмасатын болады. Бұдан өзге құжатқа сәйкес, бірлескен жобалар әзірленіп, медицина кластерін дамыту үшін ғылыми конференциялар, семинарлар мен шеберлік сағаттары өткізіледі деп жоспарлануда. Нагасаки дәрігерлері  Ассоциациясының президенті Ясуиеши Макимото   әлеуметтік маңызы зор келісімнің нәтижесінде қос өңірдің ықпалдастығы өркендей түсетініне сенім білдірді.

– ШҚО – ның Денсаулық сақтау басқармасымен әріптестік орнатқанымызға біршама уақыт болды. Тарихтан Хиросима мен Нагасаки қалалары атом жарылысынан жапа шеккені мәлім. 2017 жылы Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, медициналық мекемелер автономизацияланатыны белгілі. Бұл екі бағыт бойынша біздің елдің әжептәуір тәжірибесі бар. Осы орайда біз сіздермен аталмыш салада бар білгенімізбен бөліскіміз келеді. Қазақстанның денсаулық сақтау реформасына аз да болса пайдамызды тигізсек дейміз. Біз әрі қарай да ШҚО-мен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істей беруге әзірміз,- деді өз сөзінде          Ясуиеши Макимото мырза.

Өз кезегінде ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева Семей қаласын медициналық кластерге айналдыру мақсатында көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын баяндай келе, жапондық дәрігерлердің қатысуымен жүзеге асырылған жемісті жобаларды да атап өтті.                                               – Семейде медицина саласы қарқынды даму үстінде. Оған дәлел ретінде өткен және ағымдағы жылдары пайдалануға берілген бірнеше нысандарды айтуға болады. Болашақта қаламызда медициналық кластер әрі медициналық туризм қалыптаспақ. Біздің Жапон үкіметімен арадағы қарым-қатынастың тарихи тамыры бар. Сіздермен орнаған ұзақ мерзімді байланыстың нәтижесінде ел тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуде бірқатар ауқымды шаралар жүргізілді. Осында отырған қаламыздың дәрігерлер қауымы бүгінгі кездесуден кейін  екі тараптың денсаулық сақтау саласындағы  ықпалдастығы беки түсетініне сеніммен қарайды және жаңа серпіліс береді деген үмітте, — деді Ғалия Абдуғалиқызы.

«Республикалық медициналық палата» ҚБ-нің ШҚО филиалының директоры Р.Енсебаев пен Нагасаки дәрігерлері    Ассоциациясының президенті Ясуиеши Макимото өзара өңірлік әріптестікті бекітетін меморандумға салтанатты түрде қол қойды.

Ресми шарадан кейін қала әкімі Ермак Сәлімов қол қойылған меморандумнан соң екі елдің қос өңірі арасындағы ынтымақтастықтың екінші тынысы ашылатынына зор үмітпен қарайтынын жеткізді. Кездесу соңында Ермак Бидахметұлы Күншығыс елінің өкілдеріне естелікке Түйемойнақ аралындағы «Бейбітшілік стелласының» шағын көшірмесін тарту етті. Өз кезегінде жапондық ақ халаттылар да қала әкіміне «Бейбітшілік қоңырауын» сыйға тартты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы».

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС