Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

01.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның жұмасында қала әкімдігінің кезекті отырысы болып өтті. Қала әкімі Ермак Сәлімов жиын басында бір топ мемлекет қызметкерлеріне ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған төсбелгі табыс етті.

Қала басшысы Ермак Бидахметұлы күн тәртібіндегі тақырыптарға тоқталып, бөлім басшыларының есебін тыңдады. «Үкіметтік емес ұйымдар мен этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс» туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев ауқымды мәлімет жасап, атқарылған істерге тоқталды. Қала көлеміндегі 19 мұсылмандық, 4 христиандық, тағы да басқа діни бірлестіктер мен бөлім арасында жүйелі байланыс қалыптасқаны айтылды. ШҚО әкімдігінің қаулысымен 9 орында діни әдебиеттер мен ақпараттар таратылса, 6 орында діни салт-дәстүрлерді орындауға жағдай жасалған. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-насихат жұмыстарын жыл сайын жаңа қырынан толықтыру көзделген. Түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым және дін өкілдерінің белсенділігімен кең қамтылып отыр. Насихат тобының құрамы 21 адамға жеткен және жыл басынан бері түрлі деңгейде 57 іс-шара жүзеге асырылған.

 

{jcomments on}Сол секілді үкіметтік емес ұйымдармен арадағы байланыс орнықты. Олар ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру мақсатында биылғы жылға 1млн. 250 мың теңгенің жұмысына ие бол-ған. Әлеуметтік зерттеулердің көрсеткіші бойынша, қаладағы конфессияаралық қатынас 90,6 пайызды көрсетіп, оң бағаланған. Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты нығайта түсуге жастар қауымы да өз үлестерін қосуда. «ШҚО Жастар және балалар ұйымы Ассоциациясының» Семей филиалы жаз маусымында 5 ауылдық округте «Дін және Дәстүр» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізіп қайтқан. Жылжымалы үгіт тобына 300-дей жас белсенділік танытқан.

 

Ішкі саясат бөлімінің жетекшілігімен атқарылған осы және басқа да жұмыстар есеп барысында айтылып өтті. Аталған тақырып аясында Бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақты қызмет жасауы, ұлттық орталықтар мен діни бірлестіктердің белсенділігі қоғам тұрақтылығына үлкен үлес қосып келеді. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында терроризмге және діни экстремизмге қарсы әрекет бойынша 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жекелеген бағыттарын жүргізу істері қалалық мәслихатта, терроризмге қарсы комиссия отырысында және әкімдік жанындағы діни байланыс бойынша бірлестік кеңесінде талқыланып отырады.

Келесі тыңдалған есеп «Қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы» болды. Білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Тегай биылғы оқу жылына жалпы білім беретін 70 мекеменің ішінде мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің саны 65 екенін атап өтті. Олардың ішінде 22 мектеп мемлекеттік тілде білім берсе, 9 мектеп орыс тілінде сабақ жүргізеді. Қалған 34 мектеп — «аралас» деген дәрежені еншілегендер. Жаңа оқу жылына мектепке тартылған оқушылар қатары 39 787 баланы құрайды. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдан қарағанда оқушылар көлемінің 1660 балаға артқанын көрсетеді. Жыл сайын оқушылар санының 1000 — нан астам балаға өсіп отыруы — еліміздегі демографиялық әрі әлеуметтік жағдайдың жақсара түскенінің белгісі. Сол себепті бала санының артуынан туындайтын мектеп өміріндегі мәселелердің алдын алып отыру әкімдік тарапынан мұқият назарға алынған. Нәтижесінде жаңа оқу жылы жоспарланған межеге сай басталмақ. Ауылды жерлердегі және шалғай елдімекендердегі тұрғындардың мектеп жасындағы балаларын сабаққа тартудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Оқулықтарынан бастап қатынап оқитындардың көліктеріне дейін білім бөлімінің қадағалауында. Биылғы оқу жылына 136 млн. 410 мың 557 теңгеге 174 860 дана оқулық жаңадан сатылып алынып, мектептерге үлестірілген. Мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Үстіміздегі жылдың 14 маусымындағы қатты дауылдан шатырларына зақым келген мектептердің төбе жабындылары жаңартылған. Жылу жүйесі орталықтандырылған 60 мектептің жылу және электр энергиясын қабылдауға әзірлік құжаттары толық дайын. Жекелеген жылу көздерімен қамтылған мектептердің қажетті отындары қарастырылған. 27 шілде мен 12 тамыз аралығында білім және тәрбие ғимараттарының өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау мүмкіндіктері тексерілген.

Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ тұрғын-үй инспекциясының иелігіндегі жұмыстарға қатысты болды. Бөлім басшысы Светлана Заурбекова қаладағы көп қабатты үйлердің қысқы маусымға әзірлік және тұрғын-үй ережелерінің сақталу деңгейі жөнінде мәлімет берді.

Қала әкімі Е.Сәлімов тұрғындар арасында тәртіп пен ереженің дұрыс сақталуы көптеген мәселенің алдын алатындығын айта келіп, осы бағытта бөлім қызметкерлері қаншалықты ықпалды екенін сұрады. Бөлім басшысы былтырғы жылы 100-ден астам тексерулер жүргізіліп, ереженің сақталмауына қатысты 56 хаттама жасалғанын көлденең тартты. Инспекция құзырындағы негізгі күш те осы хаттама толтыру көрінеді. Алайда заң бойынша тексеру жүргізіп, хаттама толтыру тұрғындардың нақты шағымдары негізінде жүзеге асатындықтан, мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайтын көрінеді.

Жиынды қорытындылаған қала басшысы Ермак Бидахметұлы өз пікірін ортаға салды. Тұрғын-үй инспекциясына, хаттамаға қатысты себептерге сүйене берсек, ешқашан тұрғын үй тәртібін ретке келтіре алмайтындықтарын ашық айтты.  Білім бөлімінің басшылығына мұғалімдер қауымына коммуналдық қызметке берешек болмауға шақырып, ҰБТ – да төмен балл алған мектеп басшысымен және зейнетке жасы жеткен директорлармен нақты әңгіме жүргізуді тапсырды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Связанные новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

20.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

18.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

18.04.2026
В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

ЕНТ в Казахстане претерпит ряд изменений. Об этом рассказала Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева....

Читать далее ...

В области Абай начались весенние полевые работы

18.04.2026
В области Абай начались весенние полевые работы

В регионе стартовали весенние полевые работы 2026 года, ведутся плановые мероприятия, направленные на развитие сельского хозяйства. Для качественного проведения посевной...

Читать далее ...

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

18.04.2026
В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

С 18 апреля 2026 года за Комитетом законодательно закрепляется новая функция – прогнозно-аналитическая деятельность, включая выработку рекомендаций для государственных органов....

Читать далее ...

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

18.04.2026
В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

17 апреля под председательством Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе...

Читать далее ...

Новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

4 часа назад

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

2 дня назад

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

2 дня назад

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

2 дня назад

В области Абай начались весенние полевые работы

2 дня назад

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

2 дня назад

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

2 дня назад

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

3 дня назад

«Абайға құрмет»: в Семее заложили фундамент нового спортивного комплекса

3 дня назад

Представители фонда «Самрук-Казына» приняли участие в акции по посадке деревьев в Семее

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС