Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТТІҢ САПАЛЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

01.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Ермак Сәлімов Түйемойнақ аралында болып, ондағы қоғамдық орындарды аралап көрді. Ондағы мақсат санитарлық тазалық һәм заңдылықтардың сақталуын анықтау болатын. Шаһар басшысымен бірге орынбасарлары, әкімдіктің кәсіпкерлік, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы тәрізді бірқатар бөлім басшылары  мен  құзырлы мекемелердің өкілдері болды.

 

{jcomments on}Аралға жасалған сапардың басында қала әкімі Ермак Сәлімов БАҚ өкілдеріне бүгінгі жұмыс күнінің маңыздылығын түсіндіріп өтті.

 

— Бүгін бұл аралға алғаш рет рейд ұйымдастыруға жиналып отырмыз. Негізге ал-ған бірқатар мәселелер бар. Атап айтсақ, санитарлық тазалық, абаттандыру ісі ғана емес, осынау бірегей орынға инвесторлар тарту, жұртшылықтың тынығуы үшін, қолайлы жағдай жасау ісін қарастыру болмақ. Сонымен қатар бүгін осындағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін де арнайы шақырдық, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Семей қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқилановтың айтуынша, бұл арал тек тұрғындардың демалуына ғана арналған. Сондықтан да туристік база ашу жоспары бар. Соның аясында арнаулы орыннан жағажай салу ісі де ойға алынған. Жалпы, аралдағы 750 га жерді пайдаланудың тиім-діліктері мол болмақ. Атап айтсақ, этноқалашық салу көзделуде. Сонымен қатар, Бас жоспарға сәйкес, абаттандыру жұмысы үш есе арттырылмақ. Жаз мезгілінде мамық шашатын теректердің орнына айналасына көрік беретін өзге ағаштар өсіру жоспарда бар. Алдыңғы кезекте кәріз жүйесін салу қажеттілігі туып тұр. Сондай-ақ электр желісін тарту да кезек күттірмейді. Яғни, коммуникация жүйесін жүргізген соң, мұнда инвесторлар қызығушылығы артатыны анық. Қазіргі күннің өзінде алматылық компаниялар ынта білдіруде.

Осыдан соң қала әкімі Ермак Сәлімов  Түйемойнақ аралындағы үлкен алаңның қарсы бетінде орын тепкен жаздық дәмханалар иелерін сөзге тартып, жұмыстарымен танысты. Бірден байқалатыны — мұндағы нысандардың барлығы да сәулет талаптарына сай емес екен. Тоттанған темір дүңгіршектердің сырланбағанына біраз жыл болғаны көрініп тұрды. Ал кәуап сататын жердегі санитарлық ахуал тіптен сын көтермейді екен. Бұл арада ең қарапайым мысал, қол жуатын жер мен қоқыс тастайтын орын жоқ. Ал нан мен туралған пияз жуынды төгетін ыдыстың жанында ыбырсып жатыр. Сондай-ақ жаз мезгілінде сыраны суша сапыратын бұл орындарда әжетхананың да жоқ екені анықталды.

Бұл сүреңсіз көрініс жайлы қала әкімі дәмхана иесін сөзге тартты. Мәлім болғандай, дәл осы орында жұмыс істеп келе жатқандарына биыл тура 15 жыл болыпты. Содан бері бірде-бір рет әрлеу, көріктендіру жұмыстары жүргізілмеген. Алайда ең сорақысы-бұл арадағы дүңгіршектер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуге құқық беретін құжаттары жоқ болып шықты. Яғни, жерді заңсыз басып алған болып саналады. Иелері тек салық төлеумен ғана шектеліп келген. Бұл жайында түсінік берген Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедеков, бұл нысан иесінің бірнеше мәрте жауапқа тартылғанымен, нәтиже болмай тұрғанын жеткізді.

Рейд барысында анықталғаны — аралда орын тепкен 11 нысанның тек біреуінде ғана әжетхана бар екен. Дәмханалардың келушілерге қызмет көрсету сапасы мен санитарлық ахуалы сын көтермейді. Кейбіреуі тіпті өрмекші торларын да алмапты. Ол туралы қойылған сауалға кафе қожайыны: «Бұл табиғат аясындағы дәмхана, онда жәндіктердің болуы заңды»,- деп ақталды.

Қала әкімі Ермак Сәлімов бірқатар құзырлы орын өкілдеріне аталмыш жайттан қорытынды шығарып, дәмхана иелеріне шара қолдануды тапсырды. Ал тұрғындар жиі келетін, сауда өтімділігі жоғары бұл орындар алдағы уақытта аукционға қойылмақ.

Осыдан соң шаһар басшысы бастаған бөлім басшылары арал ортасындағы шағын ғана ауылға келді. Мұндағы тұрғындармен өткен кездесу барысында Ермак Бидахметұлы жергілікті халықтың өтінішін тыңдады. Арал тұрғындарын мазалайтын тек үш мәселе бар екен. Оның біріншісі- аумақта иесіз иттердің көбейіп кетуі, балаларға қауіп туғызуы болса, екіншісі — жол мәселесі, келесі кезекте аралдағы ауылға бастап әкелетін шағын көпір мәселесі екен. Қала әкімі бұл мәселелердің біртіндеп шешім табатынын жеткізіп, өзінің де өтініші бар екенін айтты. Атап айтсақ, қолдағы ірі қара малды иесіз жібермеу, арнайы бағушы шығарып, табын ұйымдастыру қажеттілігін айтты.

Жалпы, Түйемойнақ аралындағы бұл анықталған мәселелер алдағы уақытта қалалық әкімдіктің назарында болады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС