Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢДІ

01.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай, семейліктерге ерекше сый тарту етілді. Жасыл алаңда қазақ эстрадасының жұлдыздарынан құрал-ған «Алатау» және Шығыс Қазақстан облысының мақтанышына айнал-ған спортшылардан жасақталған «Шығыс батырлары» командалары жолдастық кездесу өткізді. Айта кету керек, «Шығыс батырлары» командасы сапында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те жасыл алаңға шықты. Жолдастық кездесуде «Шығыс батырлары» жеңіске жетіп, жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады.

«Алатау» командасында бүгінгі қазақ эстрадасында шоқтығы биік, көрерменнің көзайымына айналған Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Ғаділбек Жанай, Жұбаныш Жексенұлы, Мұқасан Шахзодаев, Тәуекел Мүсілім, «Ринго» және «Арай» тобының жігіттері бар. Ал «Шығыс батырлары» командасында Шалқар Жоламанов, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Дәулет Махабаев бастаған Шығыстың шымыр ұлдары жиналыпты.

 

{jcomments on}Бас төреші белгі берісімен–ақ, «Алатаулықтар» бірден шабуылмен бастады. Сәкен Майғазиев пен Ғаділбек Жанай бірлесе бірнеше мәрте алаң қожайындары қақпасына қауіпті сәттер туғызды. Алайда боз кілем шеберлерінің сауатты қорғанысы нәтижесінде есеп ашуға негіз болған жоқ. Осы ретте ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы мен Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы да ала доптан алар еншісі барын байқатып, өнер жұлдыздарының қақпасынан саңылау табуға тырысты. Десе де өнерлерімен сахнаның төрінде ғана ғана емес, жасыл алаңда да тәнті екен «Алатаулық» қорғаушылар жүйелі ойын көрсетіп, қарсылық таныта білді. Кездесудің алғашқы 15-ші минутында «Алатау» командасы қақпасының маңындағы қарбаласты ұтымды пайдаланған дзюдо шебері Рахат Қабидолдин есеп ашып, «Шығыс батырларын» алға шығарды.

 

Қазақ футболының отаны Семей қаласында өнер жұлдыздары мен спорт сайыпқырандары Ата Заң мерекесіне арналған жолдастық кездесу өткізетінін естіген жерлестерді «Спартак» стадионында жолықтырдық. Астанадан арнайы келген ақын Қалқаман Сарин кездесуден алған әсерімен бөлісті.

— Бұл ойынның қызығы сол, спорт саңлақтары емес, өнер иелерінің аяқдопта тәжірибесі көбірек болып тұр. Себебі «Алатау» ойыншылары бірнеше халықаралық турнирлерге қатысып, қоржындарын қомақты жүлделермен толтырып үлгерген. Ойын қарқынды өтуде. Жерлестеріміздің есеп ашқаны бізді жігерлендіріп отыр деуге болады. Жерлестерді қолдауға арнайы келіп отырмын. Әлбетте, сахна саңлақтары үзеңгілес әріптестерім болғандықтан, олардың есе жіберіп жатқандығы көңілге сәл кірбің келтіреді. Айта кету керек, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы, шаһар басшысы Ермак Бидахметұлының жанкүйерлер қатарында емес, ойынның ортасында жүруі — қуанарлық жайт. Бұл да өз кезегінде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануына септігін тигізеді деген ойдамын, — деп өз ойымен бөлісті Қалқаман Сарин.

«Алатау» командасының мүшесі, «Арай» тобының әншісі Рысбек Аташев бәсі жоғары байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген апайтөс балуандарға қарсы тұрудың өзі сахна майталмандарына үлкен мәртебе екенін айтады.

—  Кездесуде қай команданың жеңіп, қай команданың жеңілетіні маңызды емес деп ойлаймын. Бастысы — Ата Заңымыздың 20 жылдығында халықтың көңілінде қалатындай жақсы көңіл – күй сыйлау.  Бүгін Семейдің «Спартак» стадионына жиналған қала тұрғындарының ыстық ықыласы      жеңістен де ерекше, — дейді жас әнші Рысбек Аташев.

Ал екінші таймда «Алатаулықтар» есепті теңестіруге тырысып бақты. Актер Тәуекел Мүслім, әнші Жұбаныш Жексенұлы тарапынан жүйелі шабуылдар ұйымдастырылғанымен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Рахат Қабидолдин соққан жалғыз доп кездесу соңына дейін сақталып, «Шығыс батырлары» «Алатау» командасын 1:0 есебімен қапы қалдырды.

«Шығыс батырлары» командасының капитаны Шалқар Жоламановқа қала әкімі арнайы кубокты табыстады. Әнші Сәкен Май-ғазиев «Үздік шабуылшы» атанса, ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «Көрермен көзайымы»  аталымына лайық деп танылды. Кездесуде жалғыз соғылған доптың иесі Р. Қабидолдин арнайы жүлдеге қол жеткізсе, «Ең үздік ойыншы» болып шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы танылды.

Сондай –ақ кездесуді ұйымдастырушылар атынан «РБК» банкінің Семей қаласындағы бөлімшесінің төрайымы Жанат Ақтаева ҚР Бірінші лигасында өнер көрсететін семейлік «Спартак» командасына 1 млн. теңгелік сертификат табыстады. Сайыс соңында қала әкімі кездесудегі әсерімен бөлісті.

— Мен алаңда отырған көрермен ретінде өз пікірімді айтқым келеді. Әрине, жарыс шоу ретінде өткізілді. Соған қарамастан, спортсүйер қауымның көңілі бір серпіліп қалды. Бұл ретте маған да жастармен қатар ойнауға мүмкіндік берілді. Есте қаларлық ерекше кеш ұйымдастырылды. Мұндай спорттық шаралар келешекте жалғасын табуы керек. Ол жастардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетіні сөзсіз. Семей қаласының тұрғындарын және қала қонақтарын ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтаймын, — деп түйіндеді өз сөзін Ермак Бидахметұлы.

Жолдастық кездесу соңы сахна саңлақтарының ән кешімен жалғасын тапты.

Айта кету керек, 28 тамыз күні Абай атындағы театрда Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналып салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысты. Кеште Семей қаласының өнерпаздары тұғырлы тәуелсіздігімізді, егемендігімізді паш ететін патриоттық әндерден шашу шашты.

Ж.СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС