Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ХИРОСИМА БЕЙБІТШІЛІК ТАСЫ» ОРНАТЫЛДЫ

01.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

29 тамыз – Дүниежүзілік ядролық сынақтарға қарсы іс — қимыл күніне орай, Семей қаласының Түйемойнақ аралында арнайы жиын өтті. Айтулы шараға ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен қала әкімі Ермак Сәлімов, Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масояси Камохара, «Хиросима  бейбітшілік тасы» қауымдастығының төрағасы Мичио Умемото және басқа да лауазымды тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған тарихи шешімі дүниежүзіне қазақ елінің бейбітшілікті қолдайтынын танытқан еді. Ал 2009 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның қарарын бірауыздан қолдады. Бұл атаулы дата, яғни 29 тамыз, БҰҰ, әлем елдерінің ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні. Бұл қауіпсіз әлемді құрудағы талаптардың бірі болып табылады. Жылдағы дәстүр бойынша бұл датаны Семей жұртшылығы да кең көлемде атап өтті. Түйемойнақ аралындағы салтанатты шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Қала басшысы мен облыс әкімінің орынбасары бастаған шетелдік делегаттар ең алдымен «Өлімнен де күшті» монументіне барып, гүл шоқтарын қойды. Содан кейін жиналған көпшілік атом қаруының құрбаны болған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Аталмыш шара барысында Жапон елінің ұйытқы болуымен қаламызда орнатылған «Хиросима бейбітшілік тасы» ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Ескерткіштің лентасын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен «Хиросима  бейбітшілік тасы» қауымдастығының төрағасы Мичио Умемото салтанатты түрде қиды. Тас мүсіннің салмағы 100 келі, ал биіктігі 3 метрді құрайды екен. Ол әлемнің 100-ден астам мемлекеттерінде тұрғызылған көрінеді. Ал Семейдегі орнатылған ескерткіш 108-ші тас екен.

 

{jcomments on}- Тарихтан белгілі, Хиросима қаласына атом бомбасы түскен сәтте, қала жермен жексен болған еді. Екі апта өткеннен кейін, халық үйінділерді жинауды бастаған. Сол кезде олар бөлшектенген тастарға құрбан болғандардың қаны сіңіп қалғанын көрген екен. Сол сәттен бастап жапон жұрты бұл тастарды өңдеп, әлем елдеріне үндеу ретінде жіберуді қолға алған. 10 мыңнан астам Хиросима тұрғындары аталмыш тас мүсінді әзірлеуде еңбек етті. Бүгінде ол жүздеген мемлекет басшыларына табысталды, — деді Мичио Умемото. — Хиросима мен Семей қалалары үшін ортақ дүниелер көп. Қос елдің ядролық жарылыстардан көрген қасіреті аз емес. Бүгінде жер шарындағы адамзат баласының тыныштығы үшін күш біріктірудеміз. Қазақстан Президенті мен халқының игі бастамаларын біз жоғары бағалаймыз әрі қашанда қолдауға әзірміз! — деп атап өтті.

 

Шара барысында сөз алған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар:

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгінгі күні полигонның зардаптарын жойып, халықтың денсаулығын жақсарту үшін мемлекет тарапынан ауқымды істер атқарылып жатқаны баршаға аян. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қаржыландыруымен  сауықтыру орталығының құрылысы жоспарлануда. Тұрғындар денсаулығын жақсарту мақсатында шетелдік әріптестердің, соның ішінде Жапония үкіметінің атқарған жұмысы зор. Біз ядролық қару зардаптарын жақсы білеміз және болашақта сондай қиыншылықтардың болмауы үшін, бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. Осы орайда акцияға қатысушыларға, қала тұрғындарына облыс басшылығы атынан ал-ғыс білдіре отырып, митинг жұмысына табыс тілеймін, — деді.

Ал Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі М.Камохара Күншығыс елі Қазақстанның ядролық қарусыз әлемді қалыптастырудағы бастамаларын қолдайтындығын жеткізіп, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға ниетті екендіктерін айтты.

— Алдағы қыркүйек айында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ядролық сынақтарды тоқтатуға бағытталған конференцияға Қазақстан мен Жапония елдері де қатысады. Аталмыш конференцияда қос мемлекет атомсыз әлемді қалыптастыруда өз ұстанымдарын білдіретін болады. Мен бүгінгі Дүниежүзілік ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін жоғары бағалаймын,- деді М. Камохара өз кезегінде.

Митинг барысында қала жастары атынан сөйлеген физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы   Дастан Беков шаһар жастарын Елбасының алға қойған міндеттері мен салиқалы саясатын іс-жүзінде орындауда бірлесе күш салу керектігін айтып, тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар шара барысында жапондық делегаттар Ұлттық ядролық орталықтың облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кітапханасында сақталып келе жатқан мұрағат құжаттарымен де танысуға мүмкіндік алды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС