Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛТЫН ҰЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

04.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қыркүйектің алғашқы жұлдызы – Білім күні — семейлік мектеп оқушылары үшін де нағыз мерекеге айналды. Бұл күні өңіріміздегі барлық орта білім беретін мекемелерде алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Құшақтары гүлге толы ұстаздар мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер, барша оқушылар үшін жаңа оқу жылы осылайша басталды.

Қаламыздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ата-аналар мен оқушылар таңертеңгісін ертемен жиналды. Жайма — шуақты жаздың жарқын күндерін қызықпен өткізіп келген жасөспірімдер жүздерінде қуаныш бар екен.

 

{jcomments on}Салтанатты жиын барысында ең алдымен мектеп директоры Бағдан Қайыржанов сөз алып, барша оқушылар мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын Білім күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ биылғы оқу жылында конкурстық іріктеуден өтіп, мектеп табалдырығын тұңғыш аттап отырған 7 сынып оқушыларына арнап жылы лебіз білдірді, ізгі тілегін жеткізді.

 

— Еңбектің ең үлкені — білім. Жаһандану кезінде бізге білім саласына ерекше көңіл бөлу керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды сала Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың айрықша назарында екенін бәріміз білеміз. Елбасы бізге үлкен сенім артып отыр. Біз, әрине, осы сенімді ақтауға тырысып бағудамыз. Жетістіктеріміз де аз емес. Тоқтала кетер болсақ, мектеп бойынша білім алып жатқан 687 оқушының 132-і — оқу озаты. 503 оқушы оқу екпіндісі атанып отыр. Ал оқу жылының қорытындысына, оның ішінде түлектерімізге келер болсақ, өткен оқу жылындағы 83 оқушымыздың 37-і Назарбаев Университетінің студенттері атанды, 6 түлек Корея, Гонкгонг, Финляндия, Ресейдің рейтингісі жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды.  44-і Қазақстанның ұлттық университеттерінің студенті атанды, — деп атап өткен Бағдан Тоқтамысұлы өз түлектерінің барлық пән бойынша жоғары көрсеткішке жеткенін айта келіп, биылғы 12-ші сынып оқушыларынан да осындай нәтиже күтетін атап өтті.

Осыдан соң аталмыш сынып оқушыларына мақтау қағаздарын тапсыру рәсіміне кезек берілді. Білім саласында жоғары нәтижеге жетіп, мектеп өміріне белсенді араласып, түрлі сайыстарда топ жарып, жүйрік атанған оқушылар марапатқа бөленді.

Бүгінде қаламыздағы Зияткерлік мектебі шәкірттері тек білім шыңын бағындырып қана қоймай, өнерде де биіктен көрініп жүр. Мәселен, Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен екінші желілік Арт-фестивальда аталмыш білім ордасының оқушылары жүлделі 7 номинация бойынша жеңімпаз атаныпты. Келесі кезекте аталмыш байқауға қатысқан өрендер көпшілік алдына шығып, салтанатты түрде мектеп басшысы қолынан марапатқа кенелді. Атап айтсақ, Дәулет Советов, Сабина Мухалиева, Нұржанат Нұрымқызы, Ақбота Арыстанбекқызы, Әліби Бейсенбай сынды белсенді өрендердің мерейлері еселенді.

Шаттық пен ыстық сезімдерге толы бұл күні әсіресе іргелі оқу ордасына жаңадан қабылданған 7 сынып пен соңғы оқу жылын тәмамдап, қанат қаққалы отырған 12 сынып оқушылары үшін ерекше есте қалғаны анық.

Мұндай ұмытылмас сәттер қаламыздағы өзге де мектептерде орын алып жатқан болатын. Солардың қатарында білім мен тәрбие беру ісінде өңіріміздегі алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі саналатын қаламыздағы №37 гимназияны айтуға болады. Бұл іргелі алтын ұядағы салтанатты шараға да ата-аналар көп келіпті. Көпшілігі немересін бірінші сыныпқа жетектей келген ата-әжелер екен.

Білім күніне арналған алғашқы қоңырау жиыны беташар сөзін гимназия директоры, «Құрмет» орденінің иегері, білікті ұстаз Жұмағазы Стамбеков алды.

— Мыңдаған оқушылар мен мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын бүлдіршіндер үшін 1 қыркүйек жаңа шығармашылық ізденістердің бастамасы болмақ. Дәл осы күннен алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады, — деп атап өткен Жұмағазы Диярұлы аталмыш алтын ұяның оқу үрдісіндегі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Мәселен, өткен оқу жылы бойынша білім сапасы 74,5 пайыз болып, орта балл 90,5 болыпты. “Алтын белгіге” ұсынылған үш оқушының екеуі қорғапты. Ал халықаралық ғылыми жобаларға қатысқан 8 оқушы 125 балдан иеленіпті. Бір бұл емес, гимназияны тәмамдаған 71 түлектің 55-і жоғары оқу орнына түсіпті. Гимназия директоры атап өткендей, аталмыш білім ордасының оқушылары мен түлектері ғана емес, ұстаздар қауымы да жетістікке толы еңбек етуде. Мәселен, қаламыздағы «Білім берудің мазмұнын жаңғырту: болашақты бағдарлау» тақырыбында өткен мұғалімдердің қалалық тамыз кеңесінде шаһардағы инновациялық мектептер арасындағы жоғары білім сапасы үшін ауыспалы «Білім» рәмізіне «Қаланың үздік инновациялық мектебі» аталымы бойынша дәл осы №37 гимназия ие болыпты.

Мектеп директорының құттықтау сөзінен соң “ШҚО Семей қаласы Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Семей қаласы №37 гимназиясына” оқушыларды қабылдау туралы бұйрығы салтанатты түрде оқылды. Биылғы оқу жылы бойынша білім ордасында 55 сынып бар, яғни 1217 оқушы білім алатын болады. Оның ішінде 134 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр екен. Қуанышты сәтке ортақтасушы меймандар алғашқы қоңырау салтанатына көп жиналыпты.

Білім күніне арналған іргелі жиыннан соң жүздері бал-бұл жанған барша оқушылар алтын ұяларына еніп, мектеп партасына отырды. Бұл күні оларға арналып, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық бейбітшілік және келісім сабағы өткізілді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС