Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙ ТЕЛЕАРНАСЫНА 50 ЖЫЛ

08.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Аймағымыздағы маңдайалды электронды ақпарат құралдарының бірі “Қазақстан РТРК” АҚ – ның Семей қаласындағы филиалының эфирден алғаш хабар тарата бастағанына ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде 50 жыл толды. Қазақ телевизиясының қалыптасу тарихында айшықты орны бар аталмыш телеарна ұжымын, мерейтойына орай, қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған атқарушы билік өкілдері арнайы барып құттықтады.

Ол күндер бүгінде архивтегі бейнетаспаларда сақтаулы, ескірмейтін естеліктерге айналды. Сол жылдардағы Семей облысында тұңғыш рет теле-радио торабының ашылуы өңіріміздегі журналистика саласы үшін елеулі оқиға еді. Байтақ республикада төртінші болып көрермен назарына жол тартқан телестудия аз уақыттың ішінде айрықша ықпалға ие болған. Аталмыш арна бүгінгі таңда да байырғы абырой биігін сақтап келеді. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық өрлеуді, тұрмыс түйткілдерін, шаһар жаңалықтарын  шынайы жеткізуде өзіндік аудиториясы қалыптасқан. Сондай-ақ осы ұжымнан шыңдалып шыққан мамандар қазіргі күні Астана, Алматы төрінде, отандық телевизия саласында қарымды еңбек етіп жүр.

 

{jcomments on}Құрылғанына жарты ғасыр толып отырған мекеменің ықшам тарихы жайлы меймандарға айтып өткен арна басшысы Аманғали Жақсыбаев ұжымның күнделікті қызмет ыр-ғағымен де таныстырып өтті. Қала әкімі Ермак Бидахметұлы операторлар бөлмесі мен эфирлік тетіктер бөлмесі және монтаждау кабинеттеріндегі жұмыс барысына қанықты. Бүгінгі таңда аталмыш телеарна заманауи құрылғылармен толықтай жабдықталған. Бұл жайт өз кезегінде журналистерді шығармашылық тұрғыда жетістікті ізденістерге бастайды.

 

Қала әкімі сонымен қатар тікелей эфир өтетін арнаулы бөлмеде болып, жаңалықтар тарату үрдісімен танысты. Телеарна басшысының орынбасары Сайра Нүсіпбаеваның айтуынша, бұл студия арқылы тәуліктің кез келген уақытында ақпарат тарата беруге болады екен. Мұнда сурдоаудармашы қызметі  сондай-ақ арнайы суфлер де бар. Қала басшысы үлкен және кіші студиялар жұмысына да назар аударды. Бүгінде ұжым әзірлейтін «Орта толсын», «Қайырлы таң», «Кеш емес», «Серпіліс Қазақстан — 2050», «Ойталқы», «Спорт деген бір әлем» сынды телеөнімдер көрермен тарапынан жоғары бағасын алып үлгерген. Сондай-ақ ғаламтор желісінде телеарнаның арнайы сайты да ашылған. Әлеуметтік желілерде жарнамаланатын болғандықтан да, Семей жаңалықтарын әлемнің әр түкпірінен  көретіндер көп екен. Бір бұл емес, арна ақпараттарымен сайтқа қалта телефонымен кіру арқылы да танысуға мүмкіндік бар.  

Осыдан соң қала әкімі үлкен студияда «Қазақстан-Семей» телеарнасының ұжымымен жүздесті. Қызметкерлерді осынау мерейтойларымен құттықтап өткен Ермак Бидахметұлы жылы лебіз білдірді:

— Сіздердің өңір ахуалы жайлы ақпарат таратудағы айрықша еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Бүгінгі таңда қоғамдық өміріміздегі, қаламыздағы әлеуметтік климат жайлы объективті мағлұмат алуда сіздердің қызметтеріңіз мақтан етуге тұрарлық, — дей келіп, шағын мерейтойлық сый-сияпаттарын тарту етті.

Өз кезегінде телеарна басшысы Аманғали Жұмағалиұлы да қала әкімінің сөйлеген сөздері мен қатысқан елеулі шаралары жайлы жазылған бейнетаспаны сыйлық ретінде ұсынды.

Ал ұжым мүшелері алдында құттықтау сөз алған қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қаламыздағы психологиялық, моральдық климаттың БАҚ өкілдері еңбегіне, олар таратқан ақпаратқа да тәуелді екендігін айта келе, шығармашылық табыс тіледі.

Ақпарат айдынында жылдамдығы һәм шынайы мәлімет беруімен де өңіріміз бойынша рейтингі жоғары саналатын телеарнадағы әріптестерімізді мерейтойларымен біз де құттықтап, зор жетістіктер тілейміз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,                                                                                                                                                                       “Семей таңы”

 

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС