Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ САЛАУАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

08.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қыркүйек айы еліміз бойынша атаулы күндерге толы. Мәселен, осы айдың алғашқы сенбісінде шаһар тұрғындары Денсаулық күнін атап өтті. Игі дәстүрге сай, бұл күні байтақ республика бойынша бұқараны салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға шақыратын түрлі шаралар ұйымдастырылады. Осы ретте биылғы атаулы мереке Семейде ерекше үрдіспен орын алды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Орталық алаңда өткен Денсаулық фестиваліне Алматы шаһарынан арнайы байкерлер келген болатын.

Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шаралар қаламыздың әр бөлігінде өткізілді. Оған шаһар бойынша белсенділік танытқан 50 мыңнан аса адам қатысыпты. Әсіресе Орталық алаңда өткен жиындағы көпшілік қарасы қалың болды. Бұл жерде таңертеңгісін қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған жұртшылық бой сергіту жаттығуларын жасады. Оған қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Ертеңгілік дене шынықтырудан кейін жастар қатары 800 метр жерді жүгіріп өтті. Сондай-ақ бойға қан жүгіртіп, жағымды көңіл-күй, сергектік сыйлауда таптырмас жаттығу саналатын «Қара жорға» биі де орындалды.

 

{jcomments on}- Бұл шаралардың барлығы да ұлт денсаулығын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Спорттық жаттығуларға мән беретін дені сау халық елдің экономикалық тұрғыда дамуына да елеулі түрде үлес қоса алады. Біз жастарды спорт пен дене шынықтыруға қызығушылық танытуға шақырудамыз. Тағы бір ерекше атап өтетін жайт осындай елеулі сәтте Алматы қаласынан арнайы қонақтардың келуі болып отыр. Олар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Астана қаласына бағыт алып, мотошеруге шыққан екен. Бүгінгі Денсаулық фестивалінде сол меймандарды құрметпен қарсы алып отырмыз, — деді аталмыш шара жайлы пікір білдірген Ермак Сәлімов.

 

Астанаға бағыт алған мотошеруді Қазақстан байкерлер Ассоциациясының президенті, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, жер шарының барлық құрлығын мотоциклмен жүріп өткен әйгілі спортшы Дмитрий Петрухин бастап келді. Байкерлерді қошеметпен қарсы алған семейліктер осыдан соң Әнұранға құлақ түріп, соңынан қала әкімі құттықтау сөз алды. Ермак Бидахметұлы барша семейліктерді салауатты өмір салтын қалыптастырып, тұрақты түрде спортты серік етуге шақыра келіп, бүгінгі шараның мән-маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ байкерлер тобын бастап келген қадір-менді мейман Дмитрий Петрухинді та-ныстырып өтті. Қазақстан байкерлерінің басшысы осыған дейін әлемнің 150 мемлекетінде мотошеру жасап өтіп, барлығында да төл байрағымызды желбіреткен бірегей жан екен. Ол сондай-ақ Қытай қорғанының үстімен мотоциклмен жүріп өткен дүниежүзіндегі тұңғыш әрі жалғыз байкер саналады. Өз кезегінде сөз алған Д. Петрухин аман-сәлемін таза қазақ тілінде бастап, ел тарихын жете білетінін аңдатып, Қазақ хандығының құрылуы жайлы әдемі сөз өрбітті.

—  Кеңес дәуірі тұсында біз өз тарихымызды тереңдей танып біле алмадық. Мәселен, Қазақ хандығы, байтақ қазақ даласын жаудан қорғаған хандар мен батырлар жайлы тек там-тұмдап қана, үстірт білдік. Соның кесірінен ұлттық құндылықтарға деген құрметіміз де азайғаны белгілі. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен тарихымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік алдық. Қазақ мемлекеттілігінің алтын бастауы саналатын Қазақ хандығының құрылуын мерекелеу — елдігіміздің белгісі, — деп, жалынды пікір айтқан мәртебелі мейманның сөздеріне барша көпшілік ризашылықпен ұзақ қол соқты.

Осыдан соң Дмитрий Петрухин аталмыш шараны ұйымдастырып, өздерін қонақжайлылықпен қабылдаған қала әкіміне алғыс білдіре отырып, Қазақ хандығының  550 жылдық эмблемасы бейнеленген байрақты тарту етті. Бұл ту ендігі арада мұражайда сақталатын болады.

Осыдан соң 10 адамнан тұратын байкерлер тобы шерулетіп Түйемойнақ аралын бетке алды. Көптеген қалалықтар да Орталық алаңнан бастап аралға дейін жаяу жүгіріс жасап, бой сергіту шарасына қатысты. Ал аралдағы алаңға келіп жеткен меймандар «Өлімнен де күшті» монументіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы».

 

 

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС