Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

11.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университетінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы өтті.

Ольга Булавкинаның төрағалық етуімен өткен жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған жергілікті билік өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері, партия ардагерлері және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, аталмыш партияның Семей қалалық филиалының Саяси кеңес бюросының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, қоғамдық қорлар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған мандат комиссиясының төрағасы Имдат Эфендиев комиссияның шешімімен таныстырып өтті.

— Партия Жарғысына сәйкес, конференция барысында Бастауыш партия ұйымдарының 200 делегаты қайта сайланып, тізімге өзгерістер енгізілді. Конференция барысында айтылғандай, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен жетекшілері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері, білім, ғылым, мәдениет саласының қызметкерлері мен өндіріс орындарының басшылары конференция делегаты болып табылады. Мандат комиссиясының уәкілдігі барлық делегаттарды растау туралы дауыс берулеріңізді сұрайды, — деген мандат комиссиясы төрағасының ұсынысын жиынға қатысушылар бір ауыздан қолдады.

 

{jcomments on}Конференция барысында күн тәртібіндегі сұрақтар талқыланып, «Нұр Отан» партиясы орталық аппарат пен ШҚО филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің келісімі бойынша, партияның Семей қалалық филиалының конференциясы қаулысы негізінде, партия Жарғысының 9.6 бөліміне сәйкес, жиынға қатысушылардың бір ауыздан қолдап, дауыс беруіне байланысты қала әкімі Ермак Сәлімов «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

 

Жиын барысында сөз алған Ермак Бидахметұлы жиынға қатысушыларға бір ауыздан қолдау көрсетіп, үлкен сенім артқандарына өзінің алғысын білдіріп, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы ретінде барлық күш-жігерін салып жұмыс істейтінін жеткізді.

Сонымен қатар кезектен тыс конференция барысында жиынға қатысушылардың дауыс беруімен «Нұр отан» партиясы Семей қалалық филиалы саяси кеңесінің құрамасына да өзгерістер енгізілді.

Жиын соңында қала әкімі Ермак Сәлімов тілшілер тобына сұхбат берген болатын.

— «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы болып тағайындалу – мен үшін үлкен абырой, екіншіден, үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал артылған сенім мен жауапкершілік партиядағы әріптестерімізбен бірге алдағы уақытта атқаратын жұмыстарымыздың кепілі болмақ. «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің зор қолдау көрсетіп отырғанына ризашылығымды білдіремін. Жалпы, қала басшысы ретінде жұмыс істеген 80 күн ішінде шаһардағы мәселелермен толықтай танысып шықтым. Мәселелердің барлығы қаланың әр тұрғыны үшін өте маңызды екені даусыз. Сондықтан Елбасының тапсырмасын бұлжытпай орындай отырып, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында барлық күш-жігерімізді салып, аянбай еңбек ететін боламыз, — деп атап өтті Ермак Сәлімов.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                                                                                            «Семей таңы»

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС