Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САУДА МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ АШЫЛМАҚ

18.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде Семей қаласы бойынша жабайы саудамен күрес жұмыстары біршама қарқын алуда. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасымен шаһар келбетіне залалын тигізетін, санитарлық тазалық нормаларына қайшы келетін ретсіз сауда орындарына рейд жүргізіліп, нысандар басшыларымен, сауда-саттық жүргізушілермен мәміле жасалған еді. Бұл бағыттағы шаралар, осылайша, күн тақырыбындағы өзекті мәселеге айналды.

{jcomments on}Шаһардың сол жағалауындағы «Жаңа Семей» сауда кешенінің құрылысы бүгінде қарқынды жүргізілуде. Жаңа нысан пайдалануға беріліп, толық жұмысқа көшкен шақта, қаланың осы бөлігіндегі жабайы сауда мәселесі біршама шешімін табатын болады. Бүгінде бұл шараны аталмыш кешен басшылығы қала әкімі Ермак Бидахметұлының ұсынысына орай жүргізуде.

Қазіргі күні «Океан», «Жаңа Семей» және «Юбилейный» сынды ірі сауда ошақтарының маңын жайма базарға айналдыр-ған жандар жылдың кез келген мезгілінде осы орында тұрып, тұрақты түрде нәсібін айырып келеді. Бұл сүреңсіз көрініс қала әдемілігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, аймақтың санитарлық тазалық нормаларының өрескел бұзылуына да әкелген еді. Тіпті тротуарлар үстіне дейін шығып,  жаяу жүргіншілерге кедергі кел-тірген жағдайлар да аз болмады. Осы кезеңге дейін оларға айыппұл да салынды. Ескертулер де жасалды. Әйтсе де ай- қын байқаларлықтай нәтиже орын алған жоқ болатын. Қала әкімі бұл мәселені оңтайлы шешудің жолын қарастыра келіп, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасаушыларға жаңа орындар ұсынуды қажет деп тапқан-ды. Осы ретте аталмыш аумақтағы бірқатар ірі кешендердің басшысымен келісе отырып, күнгөрісін жабайы сауда арқылы айырып жүрген жандарға қосымша орын әзірлеуді ұсынған еді.

 

Жемісті жүргізілген шаралар нәтижесінде аталмыш аумақтағы жабайы сауда мәселесі қазіргі таңда біршама шешімін тауып келеді.

 

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен шаһардың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов осыдан біраз уақыт бұрын жаңа сауда нысанының жобасын бекітті. Соның аясында Жаңа-құрылыс ауданында «Жаңа Семей» сауда кешенінің құрылысы бастау алған еді. Нысан аумағы ауқымды болмақ. Арнайы күзе-тілетін кешенде жылдың кез келген мезгілінде сауда жасауға қолайлы павильондар қойылатын болады. Аталмыш кешен басшылығының айтуынша, мұнда шамамен 50 сауда нүктесі қалалықтарға сапалы қызмет көрсетпек. Бұдан өзге шағын дүңгіршектер жұмысы да қарастырылуда. Сауда орындары бірінші кезекте көше бойындағы ретсіз саудаға жол бергендерге ұсынылатын болады. Тек содан кейін ғана бұл орындар ынта білдірген өзге де кәсіпкерлерге берілмек. Сонымен қатар нысан басшылығы алғашқы айда жалға алу ақысын алмайтындықтарын айтады. Осы арада тоқтала кетер жайт — еркіндікте, ретсіз сауда жасап үйреніп қалған жан- дарға қатаң санитарлық талаптарға көндігуге тура келеді. Себебі тауарлардың барлығы арнайы зертханалық тексеруден өтеді. Яғни сапаға кепілдік беріледі.

— Алдымен біз осы Жаңа Семей аумағындағы жабайы саудаға жол берген азаматтарға орын ұсынатын боламыз. Артылып жатса, қаланың өзге бөлігіндегі саудагерлерге де бізбен әріптестік орнатуларына мүмкіндік жасаймыз. Мұнда сауда мәдениетін сақтаудың барлық мүмкіндігі жасалады. Арнайы павильон, күзет, жарықтандыру жоғары деңгейде болады. Сондай-ақ тәртіп, санитарлық сынды талаптар да қатаң сақталады, —  дейді аталмыш кешеннің әкімшісі Рахиля Әубәкірова.

«Жаңа Семей» сауда кешені жуық арада жұмысын бастауы тиіс болатын. Алайда қажетті құрылыс материалдарының тапшы болуы мен жобаның өзгеріске ұшырауы нысанды пайдалануға беру мерзімін шамалы ұзартып отыр. Әйтсе де, болжам бо-йынша,  жаңа сауда орны келер апталарда ашылуы мүмкін. Ал толыққанды қызмет көрсетуі үшін, әлі шамалы уақыт керек көрінеді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС