Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ ҚЫСҚА ДАЙЫН БА?

22.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қара күз келіп, алдағы қыстың ызғарынан хабар сезіле бастаған шақта жаз бойы жүргізіліп жатқан жылу маусымына даярлық жұмыстары да қарқынын жоғарылатты. Ғимараттарды жылылау, күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары қайта пысықталып, қыстан қысылмай шығудың қамы жасалуда. Бұл ретте шаһарымыздағы жылу беру көздері мен әлеуметтік нысандардың қысқа әзірлігі, жүргізіліп жатқан ғимараттар құрылысын аяқтау қала әкімі Ермак Сәлімовтің қадағалауында. Халықтың тоңып қалмай, қатал маусымнан тосын сәттерсіз шығуы облыстағы басшылардың да назарында тұр.

{jcomments on}Аптаның сенбі күні қаламызға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы келді. Бұл сапарында Ж.Мұқашұлы шаһар басшысы Ермак Сәлімовпен бірге жаңадан тұрғызылған медициналық нысандардың қысқа даярлығын, биыл жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының аяқталу барысын көріп танысып шықты. Құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары бар топ ең алдымен Семей шетінде жаңадан салынған Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ғимаратына келді. Мұнда мекеме басшысы Қайноллан Мусиннен жүргізілген шаралар жайында толығырақ сұрап білді.

Айта кетерлігі, облыс әкімі Даниал Ахметов Семейге келген бірқатар сапарларында дәл осы мекемеде арнайы болып, құрылыс барысында жіберілген олқылықтардың орнын толтыру бағытындағы жұмыстарға қаныққан болатын. Тиісті тапсырмалар да берген еді.

Мекеме басшысының айтуынша, қазір мұнда аяқталуы тиіс үш міндет тұр. Атап айтсақ, жер асты кабельдерін жүргізу, техникалық этаждағы жұмыстарды аяқтау және ғимараттың кейбір бөліктеріндегі кафельдеу ісін тәмамдау қажет. Осы ретте бас мердігер Ұлықбек Шабданұлы алдағы он күннің ішінде бұл жұ-мыстарды аяқтауды міндетіне алып отырғандарын айтады. Жаңадан салынған ғимараттың қыр-сыры көп болатыны белгілі.

 

Осыдан соң Жақсылық Мұқашұлы қала іргесінен бой көтеріп жатқан жедел медициналық станциясы ғимаратына келді. Мұндағы жұмыстар қазіргі күні аяқталуға таяу. Қалып тұрған тек жылу мен су ғана болып тұр. Осы орайда мердігер компания түрлі себептерге байланысты құрылысты аяқтау жұмыстарын шамалы кешеуілдетіп жатыр. Дегенмен қазіргі қарқынмен алдағы қазан айында пайдалануға беру көзделуде. Бұл ретте Жақсылық Омар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, аталмыш құрылыс жұмыстарын алдағы айдың 15-і күні толықтай аяқтау қажеттілігін қадап айтты.

 

Облыс әкімінің орынбасары сонымен қатар ғимарат ауласында сенбілік жүргізу керектігін де атап өтіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС