Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫН НЫҒАЙТУДАҒЫ ҮЛЕС

22.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Сенбі, 19 қыркүйек күні Семей қаласында «Татар халқының тарихи-мәдени мұралары және қазіргі заман» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш шараның бастамашысы және ұйымдастырып өткізушілер шаһарымыздағы Татар қоғамдық орталығы мен татарлардың әлемдік конгресі және Семей қаласының әкімдігі болатын.

{jcomments on}Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына һәм Шығыс Қазақстан облыстық татар қоғамдық орталығының 25 жылдығына орай өткізілген шараға ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.     Қаламыздағы Абай атындағы облыстық кітапханадағы аталмыш шараны өткізудегі мақсат айқын. Әлемнің әр түкпіріне тарыдай шашыраған татар ұлтының этникалық мәдениетіне қоғамның, зиялы қауымның назарын аудару, оның бай мұрасын сақтау және өңірдегі татар халқының ұлттар достығы мен татулығын шыңдауға қосып келе жатқан үлесін бағдамдау болатын.

Халықаралық ғылыми конференцияға Мәскеу, Қазан, Алматы, Өскемен қалаларынан 40-тан аса құрметті меймандар келді. Сондай-ақ іргелі басқосуды өткізуде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғалымдары, атап айтқанда, тарих ғылымдарының кандидаты  М. Кәрімов, белгілі ғалым, тарихи мұраларды зерттеуші Амантай Исиндер белсенділік танытты. Сонымен қатар басқосуға өңіріміздегі мұражайлар мен кітапханалар қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттер қауымы да қатысты.

Конференцияға қатысушыларды ең алдымен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы құттықтады. Сөз алғандар қатарында сонымен қатар Татарлардың халықаралық конгресінің атқарушы хатшысының орынбасары Данис Шакиров, Татарстанның Қазақстандағы төтенше өкілі Р. Валиуллов, еңбек ардагері, Татар қоғамдық қоры президиумының мүшесі Р.Хасановалар да болды.

 

Халықаралық конференция жалғасы түс ауа татар қоғамдық орталығының 25 жылдығына арналды. Құттықтау сөздермен қатар, осынау аралықтағы аталмыш орталықтың жемісті жұмысы — еліміздің ішкі тұрақтылығын нығайтып, халықтар достығын дәріптеудегі еңбектері сөз етілді.

 

Ал апта жексенбісінде  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көркейіп келе жатқан Ертіс жағалауында татар ақыны, публицист Ғабдолла Тоқайдың ескерткішіне  тас қою рәсімі өтті. Бауырлас татар халқының ұлы перзентіне арналған шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Татарлардың әлемдік конгресі төрағасының бірінші орынбасары Данис Шакиров, сонымен қатар халық қалаулылары мен шаһарымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты. Татар халқы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, өз шығармаларымен татар әдебиетіне үлкен өзгеріс әкелген, бүкіл түрік жұртының демократ ақын-жазушыларына зор әсер еткен Ғабдолла Тоқайды ұлттық мақтанышы санайды. Ғабдолла Тоқтай өлеңдері қазақ тіліне де аударылған. Оның шығармашылығын М. Әуезов,     С. Мұқанов сынды ұлтымыздың зиялылары да зерт-теп, мақалалар жазды. Сондықтан да Ғабдолла Тоқай есімі қазақ халқына бұрыннан таныс.

Жалпы, Семей өңірінде жүзден астам ұлт пен ұлыс-тың өкілдері өмір сүреді. Олар тілі мен салт-дәстүрін сақтап, мәдениетін байытуда. Солардың қатарында татар халқы да бар. Шаһарда 12 мыңнан аса татар ұлты тұрады. Қазақпен түбі бір туыс халық тілі мен дәстүрінен ешқашан ажыраған емес. Өз арасынан шыққан тума таланттарды да ұлықтап отырады.

Салтанатты шара барысында  Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтап өтті.

— Құрметті семейліктер! Айтулы шара Татар қоғамдық орталығының құрылғанына 25 жыл толу мерейтойы аясында өткізіліп отыр. Өздеріңіз білесіздер, қала бойынша осы аумақ көркейтіліп жатыр. Қазірдің өзінде Ертіс жағалауы ерекше әрлене түскен. Татар халқының ақыны Ғабдолла Тоқайға осы жерден ескерткіш ашылса, аумақтың көріктене түсетіні анық. Сондықтан да осы айтулы шарамен баршаларыңызды құттықтаймын. Осындай игі істер шаһарымызда көптеп бола берсін. Оның жастарды тәрбиелеуде маңызы өте зор. Мұндай жарқын сәттер Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстарға деген   кеңқолтық қазақ елінің дарқан мінезінің арқасында,- деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өз сөзінде.

Осыдан кейін Татарлардың әлемдік конгресі төрағасының бірінші орынбасары Данис Шакиров, Татарстанның әртісі Фердинанд Салахов және еңбек ардагері, татар қоғамдық орталығының мүшесі Рашида Хасанова сөз алып, игі істің қолға алынғанына ризашылықтарын білдірді. Шара соңында Татар Халық Республикасының әртісі Фердинанд Салахов ақын Ғабдолла Тоқайдың бірнеше әндерін орындады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

4 дня назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

4 дня назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

5 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

5 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

6 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС