Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

А.КӘРІМОВ: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ОРЫНДЫ

17.01.2014
А.КӘРІМОВ: ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ОРЫНДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Әуезов даңғылындағы № 41 үйде 2011 жылы аязды қыстың ортасында болған төтенше жағдайды семейліктер әлі де  ұмыта қоймаған болар. Сақылдаған саршұнақ аязға тозығы жеткен жылу жүйелері  төтеп бере алмай жарылып,  тұрғындарды әбігерге салған сол бір кезде қала билігінің тізгінін енді қолға алған Айбек Кәрімовтің тікелей қолдауымен қаражат бөлініп, қалыпқа келгендігі жұртшылықтың жадында. Айбек Мүталапханұлының өзі де сол кезде  тұрғындардың жанынан табылып, айналасы 3-4 күннің ішінде № 41 үйге қалыпты жылу беріліп, туыстарын паналап жүрген тұрғындар пәтерлеріне оралып, сол кезде басшылыққа жаңадан келген әкімге алғыстарын жаудырғаны ел есінде.

Бұл жолы №41 үйдің тұрғындары  терможаңғырту бағдарламасын іске асырған мердігер мекеме  жұмысына наразылық  танытты. Өз ісіне немқұрайлы қараған мердігердің жүргізген жөндеу жұмыстарына көңілдері толмаған тұрғындар қала әкімінен тағы да көмек сұрауға мәжбүр болды. Қала басшысының тікелей өзі келіп, аталмыш үйдің тұрғындарымен жексенбі күні жүздесуі де мәселенің күрделі екендігін аңғартып тұрғандай.

 

Міндетіне алып, «жөндеуді мерзімінде   аяқтаймын» деген, келісім – шартпен жұмыс істеген мердігер компания «Комплект — 5» ЖШС – нің жауапсыздығының жалғасып келе жатқандығына  үш жылдың жүзі болыпты. Үйді жаңалауды 2011 жылдың қарашасынан 2012 жылдың наурыз айына дейін аяқтауды көздеген мердігер жұмысынан жаңылды. Бюджеттен бөлінген 12 млн. теңгенің 7 млн. теңгесі жертөленің жөнделуіне жұмсалса, 4 млн. теңге шатырдың ауыстырылуына жоспарланған екен. Тұрғындардың наразылығын тудырып, ши шыққан жер дәл осы шатырдан басталды. Көктемде еріген қар суына жаңадан жа-былған шатыр шыдас бермей, тұрғын үйдің төбесінен су сорғалаған.

 

— Айбек Мүталапханұлы, қақаған қыста біздің үйіміздегі жылуымызды жөнге келтіргеніңіз үшін сізге алғысымыз зор. Бірақ, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның шатырды дұрыс жөндемеуі салдарынан  пәтеріміздің төбесінен су   сорғалайды да тұрады. Көктемде шатырға өзіміз шығып, қардан, мұз сүңгілерінен   тазарттық. Менің кішкентай балам бар. Жағдайымыздың қандай екенін айтып жеткізу қиын. Жауапкершілікпен жұмысын атқармаған компанияға қандай да бір іс – шара қолданылса, — дейді Әуезов даңғылы № 41 үйдің тұрғыны Светлана Карпич.

Бұл жерде МЭПС мекемесінің мердігер компаниямен тиісті деңгейде жұмыс жүргізбегендігін де аңғару қиын емес. МЭПС тарапынан тұрақты бақылау, жіті қадағалаудың жетіспеушілігінің салдары да мердігердің жауапсыздық танытқанын  көрсетіп отыр.

«Комплект — 5» ЖШС басшысы Сергей Бойко атты азамат тұрғындардың сені-міне кіріп, қаражаттың дер кезінде бөлінуі мен жұмыстың жүйелі жүруі үшін деп тиісті құжаттарға қол қоюға асықтыр-ғанын тұрғындар  растап отыр.

Осы ретте қала әкімі мердігер мекеменің басшысына қарата қатты сын айтты. Осындай жауапсыз, өз жұмысына немқұрайлылықпен қарайтындардың салдарынан атқарушы билік пен жүйелі жүзеге асып жатқан бағдарламаға тұрғындардың көзқарасы өзгеретіндігін де Айбек Мүталапханұлы атап өтті.

-Жұмысыңыздың сапасын тұрғындардың жанайқайынан-ақ білуге болады. Сіз шатырды жабуға жұмсаған қаражатты қайтаруға тиіссіз немесе жұмысыңызды өз қаражатыңыз есебінен тұрғындардың көңілінен шығатындай етіп жасауға міндеттісіз. Мен үшін ең маңыздысы тұрғындардың қолайлы өмір сүруі, — деді   Айбек Мүталапханұлы.

Қала әкімі терможаңғырту бағдарламасының тиімді екендігін тағы бір еске салып өтті. Бұл ретте Семей шаһарында бірқатар тұрғын үйлер сырт келбетін түзеді. Жылдар бойы қараусыз қалған жертөлелер жөнделіп, суы сорғалайтын тозығы жеткен шатырлар ауыстырылды. Бір сөзбен айтқанда, бағдарламаның берері көп.

Тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Светлана Заурбекованың сөзіне сүйенсек, Әуезов даңғылы бойындағы № 41 үй тұрғындарынан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде терможаңғырту бағдарламасы іске қосылған алғашқы жылы-ақ үйлерінің жертөлесі мен шатырын қайта жөндеуге өтініш түскен. Шыны керек, ол кезде бағдарлама құжаттарында түзелген келісімшарттардың әлі де болса шикі кезі. Тіпті, жобаның сараптамасы, мемлекеттік қабылдау сияқты әрекеттер бертін келе пайда болғандығын айтады.

Мәселенің мән-жайына қаныға келе, Айбек Мүталапханұлы арнайы жұмыс тобын құру қажеттігін жеткізіп, оған жетекшілік етуді өзінің орынбасары Асхат Хосчановқа тапсырды. Арнайы жұмыс тобына МЭПС мекемесімен бірге жобаның анық – қанығын анықтауды келесі  аптаның жексенбісіне дейін реттеуді тапсырды.

-Тұрғындармен кездесіп, жобаның сараптамасын көрсету керек. Барлығы ашық әрі жария түрде болсын. Жобаны қайта қаржыландыру мен қаражаттың қайтарылымы да назарда болу керек. Осы үйде тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар болса,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар негізінде арнайы қарастырылған жеңілдіктер берілсін.  Осы жағына да мән беріңіздер,- деді Айбек          Мүталапханұлы.

Тұрғындар Айбек Мүталапханұлының  жексенбіге қарамай, арнайы келгендігіне ризашылықтарын білдірді. Осыдан тура үш жыл бұрын қала әкімінің өздеріне жасаған  жақсылығы әлі де естерінде екендігін жеткізді.

Тұрғындар атынан Төлеуғайша Нұрмағамбетова Айбек Мүталапханұлына аналық алғысын жеткізіп, қытымыр қыста қатып қалған үйдің жағдайын қалыпқа келтіргендігін әр кезде айтып жүретіндігін тағы еске салып өтті.

 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

Семей таңы

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС