Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

25.09.2015
FacebookWhatsappTelegram

Тұрғындармен тығыз байланыс орнату түйінді мәселелерді шешудің бірден – бір жолы. Олардың мұң – мұқтаждарына құлақ асып, мәселелерін көзбен көріп, көңілге түю билік пен бұқара арасын жақындатып, тұрғындар проблемаларының тездетіп шешілуіне жол ашары анық. Шыны керек, шаһар болғаннан кейін ара – тұра жеделдете шешуді талап ететін мәселелер кездесіп тұрады. Осы ретте жуырда қала әкімі Ермак Сәлімов шаһардың шетіндегі Суық бастау, Комсомол кенттерінің тұрғындарымен жүзесті.

Күн жексенбі болса да, қала әкімінің Суық бастау кентінің мәселелерімен танысуға арнайы келетінін естіген тұрғындардың «тілегіміз жерде қалмайтын болды» деген қуанышы басым еді. Суық бастау кентінде Ермак Бидахметұлы ең алдымен жаңадан салынып жатқан кәріз желісінің құрылысымен танысты. Бүгінде ол жерде жаңадан екі резервуар орнатылуда. Оның бірінің құрылыс жұмыстары аяқталса, екіншісінде жалғасуда. Дегенмен ол жердегі кәріз суы жиналатын орыннан ақау шыққан. Қазір оны қайта қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Жаңа қос нысан аталмыш ауданда тұрғызылатын жаңа үйлерге арнайы салынған көрінеді. Алайда кенттегі бұрыннан тұрғын жиырма шақты қос қабатты үйлерді осы жаңа жүйеге қосу көзделіп отырған көрінеді. Өйткені мұндағы қолданыстағы кәріз жүйесінің әбден тозығы жеткен екен. Ал жаңа кәріз жүйесіне қосу мәселесі уақыт еншісінде.

 

{jcomments on}Шаһар басшысы кентіндегі тозығы жеткен кәріз желісін да көрді. Кезінде Семейдің ет комбинатының арналып салынған тұрғын үйлердің кәріз суын арнайы техникалар тазартып отырған екен. Қазірде кәріз суын арнайы техникалармен тазарту жүйесі жұмыс жасап тұр. Алайда су жиналатын арнайы орынның кішкене болуы тұрғындар үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Салдарынан күннің ыстығында қолқаны қабатын жағымсыз иіс терезені ашуға да мүмкіндік бермейді екен. Мәселенің мән-жайымен жан-жақты танысқан шаһар басшысы жиыналған кәріз суын уақытылы тазартып, істен шыққан ескі желілерді қайта қалпына келтіру үшін қалалық ТҮКШ және құрылыс бөліміне арнайы тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ су жиналатын шұңқырды да кеңейту мәселесіне мән беру керектігін атап өтті.

 

Қала әкіміне аталмыш кенттегі жылдар бойы қордаланып қалған өзге де бірқатар мәселелер мәлім болды. Тұрғындардың айтуынша, ең алдымен мұндағы санитарлық тазалық көңіл көншітпейді. Арнайы қоқыс жинайтын мекемемен келісімшарттары жоқ тұрғындар тұрмыстық қалдықтарын кез келген жерге тастап кете береді. Ермак Бидахметұлы кез-келген кенттің тазалығы, санитарлық жағдайы тұрғындардың өз қолдарында екенін атап өтті. Бұл ретте ауызбіршілік танытып, арнайы қоқыс тасымалдаумен айналысатын мекемемен келісімшартқа отырып, тұрмыс қалдықтарына арналған орындар орнату керектігін баса айтты.

Жалпы Ермак Бидахметұлы қала тұрғындарын жеке мәселелерімен жиі қабылдайды. Бұл күнде қала әкімінің қабылдауына келгендер жеке бастың емес, өзі тұратын ықшам ауданның, кенттің ортақ мәселесін жеткізіп, оны шешу жолында көмек сұрай келеді. Міне, қала шетіндегі Комсомол кентінің тұрғындары да жарық, жол сияқты жылдар бойы жиналып қалған мәселелерін әкім қабылдауында жеткізген еді. Тұрғындардың тілегін тыңдай отырып, қала әкімі Суық бастау кентінен шығып, Комсомол кентіне де келді.

Әуежайға сапарласаңыз оң жақтағы ретсіз салынған жер үйлердің еріксіз көңіліңізді аударатын анық. Ауылдан келген ағайынның жер мәселесін реттегеннен кейін, жарығы мен ауыз суының бір жөні болар деп құрылысқа бел шеше кірісіп кететін жасырын емес. Әлбетте, баспаналарын ретсіз салынғаннан кейін жарықтың да, ауыз судың да мәселесі туындайды. Қазір мұнда жарық мәселесі қиындау. Қолдан келгенше өздері бақан орнатып, жарықты есептегін құралынсыз көрші – қолаңнан тартып отыр. Ол үшін айына бес мың теңгесін жарық тартқан көршісіне ұстады екен. Тұрғындар қала әкіміне өздері бірлесе бірнеше баған алуға дайын екенін, тек жарық тартуға көмек қолын созуды сұрады. Сонымен қатар ауыз су мәселесі мен әуежайға шығатын аралыққа дейінгі ойдым жолды тегістеу төңірегінде де тұрғындар шаһар басшысына қол ұшын созатынына үмітті екенін жеткізді. Жылдар бойы жинақталған мәселелермен танысқан Ермак Бидахметұлы тұрғындардан кенттен көпшіліктің ортақ шешімімен арнайы өкілдерін сайлау керектігін, сайланған өкілдің дүйсенбі күні осы мәселе бойынша өтетін жиналысқа қатысатынын жеткізді.

Әкімнің жексенбі күнгі жұмысы Интернационал көшесіндегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына әзірлігіментанысумен жалғасты. Өткен жылғы жылыту маусымында мұндағы бірқатар үйлерде жылу мөлшері аз болыпты. Тұрғындардың жылуға берешектері жоқ. Дегенмен үйлерінде мардымды жылу берілмеген екен.

Мәселенің мән-жайын түсіндірген энергетиктер аталмыш үйлердің жылу пунктіне қарайтын ең соңғы нысандар екенін, салдарынан соңғы жылу желісіне судың көлемі дұрыс жетпегенін жеткізді. Алайда биылғы жылы бұл көп қабатты баспаналар қуаты жоғары магистральді желіге қосылыпты. Ал бұл өз кезегінде жылу көлемін жеткілікті беруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қала әкімі дүйсенбі күні Суық бастау, Комсомол кенттеріндегі мәселелер бойынша арнайы жиын өткізіп, қалалық ТҮКШ, құрылыс бөлімдерімен оны шешу жолындарын талқылай отырып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                                                                             «Семей таңы»

Связанные новости

Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами

04.04.2026
Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами

Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова вошли в число самых безопасных стран мира с точки зрения террористической угрозы. Согласно данным Institute...

Читать далее ...

В городе Семей обсудили роль иммунопрофилактики в предотвращении инфекционных заболеваний

04.04.2026
В городе Семей обсудили роль иммунопрофилактики в предотвращении инфекционных заболеваний

В городе Семей вопросам профилактики инфекционных заболеваний уделяется особое внимание. О значимости вакцинации и текущей эпидемиологической ситуации рассказали на брифинге,...

Читать далее ...

Казахстан усиливает промышленный курс – Бектенов обозначил роль машиностроения в новой экономике

03.04.2026
Казахстан усиливает промышленный курс – Бектенов обозначил роль машиностроения в новой экономике

Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в пленарном заседании XIII Форума машиностроителей Казахстана и ознакомился с развитием казахстанских производителей на международной...

Читать далее ...

Порядка 500 спортсменов примут участие в летних Азиатских играх 2026 года — Ербол Мырзабосынов провел рабочее совещание

03.04.2026
Порядка 500 спортсменов примут участие в летних Азиатских играх 2026 года — Ербол Мырзабосынов провел рабочее совещание

Под председательством Министра туризма и спорта Ербола Мырзабосынова состоялось рабочее совещание, посвященное подготовке национальной сборной к XX летним Азиатским играм,...

Читать далее ...

В области Абай обсудили план развития Наукограда Курчатов

03.04.2026
В области Абай обсудили план развития Наукограда Курчатов

Развитие образования, науки и инноваций, как важнейший приоритет государственной политики, включено План развития региона на 2026–2030 годы. Действует Совет по...

Читать далее ...

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

03.04.2026
Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

В Министерстве науки и высшего образования РК ведется работа по реализации ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования...

Читать далее ...

Новости

Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами

24 часа назад

В городе Семей обсудили роль иммунопрофилактики в предотвращении инфекционных заболеваний

1 день назад

Казахстан усиливает промышленный курс – Бектенов обозначил роль машиностроения в новой экономике

2 дня назад

Порядка 500 спортсменов примут участие в летних Азиатских играх 2026 года — Ербол Мырзабосынов провел рабочее совещание

2 дня назад

В области Абай обсудили план развития Наукограда Курчатов

2 дня назад

Реализация ценностей и норм Новой Конституции в системе высшего образования и науки

2 дня назад

В этом году в Семее будет заасфальтировано 100 улиц

2 дня назад

Обращение акима области Абай Берика Уали к жителям региона

2 дня назад

Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

3 дня назад

В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС