Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

НЕГІЗСІЗ ДЕРЕККЕ ДЕР КЕЗІНДЕ ТОЙТАРЫС БЕРІЛУІ КЕРЕК

17.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Айбек Кәрімов кезекті аппараттық кеңесті мемлекеттік қызметкерлердің қоғам алдындағы беделін сақтау әрі орнықтыру тақырыбына арнады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлердің халыққа қызмет көрсету мәселесінде ең көп еңбек етіп, жұмыс мерзімінен тыс уақыттарын да осы бағытқа арнап келе жатқандығы белгілі. Сенбі, жексенбі күндері де жұмысқа шығуларына тура келеді. Осы саланы таңдағандықтан, олар мөлшерден артық жұмыс істеген кездеріне еш өкінбейді. Соған қарамастан мемлекеттік қызметкерлер атына орынды-орынсыз сынның жиі айтылатыны жасырын емес.

Бұл тақырып- мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін бұлдау немесе олар-ға сын айтылмасын деген ойға негізделмеген. Мақсат — қоғам арасында, ақпарат құралдарында орын алып жататын алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл қою. Демократиялық қоғамда өмір сүріп отырғандықтан әркімге өз ойын ашық айтуға шектеу болмайды. Мәселе,  сөз бостандығын жеке пиғылын жүзеге асыру үшін мейлінше пайдалан-ғысы келетіндерге заң аясында       тыйым салу. Сол арқылы тасада тұрып тас лақтыратындарды шындықтың бетіне тура қарауға үйрету.

Бүгінгі тақырыпты күн тәртібіне шығаруға себеп болған жайды да айта кетелік. «Флеш» және «Трибуна:Саясат алаңы» газеттерінің тілшісі Б. Темербаев мемлекеттік қызметкерлердің абыройын елеусіз қалдырып,  шектен тыс әрекет жасаған (Ол жөнінде «Семей таңы»  газетінің 14 қаңтар күнгі  №3 санында толық жазылған). Дәлелсіз ақпарат беруінің соңы жалалы мақалалар жазуға әкеп соққан. Шындығына келгенде, мемлекеттік қызметкерлер үшін сырттай айтылатын сөздер мен жалпылама жазылатын ақпараттардың ақ-қарасын айырып, нақтылығын анықтауға көбінесе уақыт тапшы. Алтын уақытты арзан ұстанымдағы жандардың әрекетіне шығын қылғаннан гөрі, кәсіби бағытта толып жатқан міндеттердің мерзімінде жүзеге асуына жұмсау әлдеқайда тиімді. Сол үшін де артық-кем айтылып жататын деректерді  елеусіз қалдыруға тура келмек. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметкерлердің жаңағыдай уақыт жетіспеушілігін «кінәларын түсініп,  сыналған жаймен келісіп отыр» деп есептейтіндер кездесіп жатады. Осындай түсінікке ерік берген Б. Темербаев Семей қаласы әкімі аппаратына қарасты қызметкерлердің жұмысын жоққа шығаруға тырысып, шындыққа жанаспайтын дүниелерді жазуды көбейтіп жіберген жағдайда қаншалықты төзуге болар.

 

Күн тәртібіндегі мәселе жөнінде осындай ой өрбіткен қала басшысы кеңеске қатысушыларды мемлекеттік қызметкердің беделіне негізсіз нұқсан келтіретін жағдайларға дер кезінде ден қойып, тиісті шара қолдануға шақырды. Олай болмаған жағдайда кейбір тілшілер кез-келген кемшілік үшін жергілікті билікті жазғыра салудан та-йынбайтын секілді. Өздерін шынайы журналист қатарына жатқызған, фамилиясын былғағысы келмеген адам не нәрсенің байыбына бармай, туындаған сұрақты тиісінше талдамай, көпшіліктің алдына шығармайды. Автордың сауатсыздығы немесе тәжірибесіздігінен дұрыс нәрсенің өзі бұрыс болып көрініп жатады. Мұндай олқылық ең бірінші кезекте көпшілікті істің нақтылығынан алыстатып, түрлі көзқарастардың қалыптасуына алып келеді. Атқарылған шаруаларды шала жеткізу немесе бұрмалап айту тұрғындардың мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін әлсіретпек. Мұндай жағдай кейбір жат пиғылды жандардың қоғамға жеке мақсаттарын таңуына да түрткі болуы мүмкін.

 

Мемлекеттік қызметкерлер қала шаруашылығының барлық бағыты бойынша өз үлестерін қосып келеді. Өмір болғандықтан барлық мәселені түбегейлі шешу бір ғана  шенеуніктерге қатысты емес екені де белгілі. Алайда, өңірде кездесіп жататын түйткілдің бәрін мемлекеттік қызметкерлерге тіреп қою ақылға қонбайтын жағадай. Сондықтан, әр мемлекеттік қызметкер өз саласына қатысты ағат айтылған деректерге дер кезінде түсініктеме беріп, көпшілікке нақты жағдайды жеткізе білулері тиіс.

Бір ғана 2013 жылы қала аумағында атқарылған игілікті істердің аз емес екендігін қаншама ақпарат құралдары жарыса жеткізді. Өндіріс орындары кеңейіп, елеулі әлеуметтік жаңа нысандар бой көтерді. Өңіріміздегі микроэкономиканың үйлесімді дамуының нәтижесінде жергілікті қазына былтыр 1,5 млрд. теңгеге ұлғайып, оның 50 пайызын шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін салық көлемі құрады. Ауылшаруашылық саласы 19,5 млрд. теңгенің өнімін игерсе, өндіріс орындары былтырғы жылмен салыстырғанда өнімді 40 млрд. теңгеге артық өндірді. Пайдалануға берілетін тұрғын үй алаңы 112 мың шаршы метрге ұлғайды. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 400 ден астам отбасының пәтер мәселесі шешілді. Бұл бүкіл семей-ліктер мақтан тұтарлық табыс. Қала беделін арттыра түсетін осы және  басқа да нәтижелі қадамдар мемлекеттік қызметкерлердің бірігіп жұмыс істеулерінің жемісі.

Мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерде кеңірек орын алуын қамтамасыз ету қызметтік міндет, кәсіби парыз болғандықтан мемлекеттік қызметкерлер ешкім тыйым салмаса да өз еңбектерін насихаттауға тырыспайды. «Еңбектің бағасын ел өзі береді»  деген қағиданы ұстанады. Оған бір жағынан ішкі мәдениеттің жемісі деп те қараған абзал. Десе де, атқарушы биліктің тындырып келе жатқан жұмыс-тарын жоққа шығарып, мемлекеттік қызметкерлердің беделін ел алдында түсіргісі келетін әрекеттерге әсте жол беруге болмас. Бұл бірінші кезекте елдің ішкі тыныштығын, ауызбіршілігін бұзбау үшін қажет. Береке мен бірлік болмаған жерде ортақ түсіністік орын алмайды. Түсіністік орын алмаған жерде алдыға қойған мақсат та орындалмайды. Ал, мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты мен міндеті — өз саласы бойынша нәтижелі еңбек етіп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барынша үлес қосу.

Қала басшысы Айбек Мүталапхан-ұлы жоғарыдағы жайларды айта келіп, Семей қаласы әкімдігі аппараты мен оның барлық бөлімдерінде моральдық ахуалдың орнықтылығын және кәсіби білікті мамандардың әрдайым қолдауға ие болып келе жатқандығына  да мысалдар келтірді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің есебі қарсаңында

Связанные новости

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

15.01.2026
СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

Цифровая трансформация представительной власти является неотъемлемой частью стратегического курса Президента Касым-Жомарта Токаева на построение полностью цифрового государства. Об этом говорится...

Читать далее ...

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

15.01.2026
СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

Инициатива Президента Касым-Жомарта Токаева по переходу к однопалатному Парламенту является логичным продолжением масштабных политических реформ и отвечает зрелому общественному запросу...

Читать далее ...

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

15.01.2026
СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

В новой статье Председателя Сената Маулена Ашимбаева «Логика реформ-5: Влиятельный Парламент» особое внимание уделяется институциональной архитектуре будущего Парламента. Подчеркивается, что...

Читать далее ...

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

15.01.2026
Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под председательством Государственного советника Ерлана Карина. Директор Института парламентаризма Наталья...

Читать далее ...

В регионе стартовала акция «Народный бухгалтер»

15.01.2026
В регионе стартовала акция «Народный бухгалтер»

По инициативе Министерства финансов Республики Казахстан с 5 января 2026 года во всех регионах страны стартовала акция «Народный бухгалтер», предназначенная...

Читать далее ...

Аким области посетил лицей для одаренных детей в Семее

15.01.2026
Аким области посетил лицей для одаренных детей в Семее

В ходе рабочей поездки по городу аким области Берик Уали ознакомился с деятельностью областного лицея для одарённых детей «Білім-Инновация». Глава...

Читать далее ...

Новости

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

11 часов назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

11 часов назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

11 часов назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

11 часов назад

В регионе стартовала акция «Народный бухгалтер»

11 часов назад

Аким области посетил лицей для одаренных детей в Семее

11 часов назад

Аким области посетил нефрологический центр в Семее

11 часов назад

Казахстан как центр евразийского доверия в эпоху многополярности

11 часов назад

Система хочет купировать риски — политолог о политической реформе

11 часов назад

Маулен Ашимбаев о влиятельном Парламенте: зачем Казахстану новая архитектура власти

22 часа назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС