Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ТҮНГІ ЖҰМЫС ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА

02.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласына соңғы жасаған жұмыс сапарында ШҚО әкімі Даниал Ахметов жылу құбырларын жаңалап жатқан мердігер мекеме мен жылу қазандықтары басшыларына қазан айының 7-ші жұлдызына дейін атқарылып жатқан  шаруаны тиянақтауды тапсырып, кез келген сәтте, тіпті түн ортасында келіп тексеруі мүмкін екенін айтып өткен болатын. Осы ретте қала әкімі Ермак Сәлімов қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих пен «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Николай Ушаков сынды бірқатар жауапты мамандармен бірге сәрсенбі күні түнгі сағат 12.00-де шаһардағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар жылу нысандарын аралады.

{jcomments on}Рейд барысында қала әкімі бастаған топ ең алдымен қаланың сол жағалауындағы, жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 410-шы кварталға келді. Мұндағы қарқынды жұмыс барысымен танысқан соң жұмыс тобы 506-шы кварталдағы жылу трассасына барды. Түн жарымда да дамылсыз жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылаған Ермак Бидахметұлы жауапты мамандармен тілдесті. Олардың айтуынша, бұл жердегі ауыстырылып жатқан құбырлардың ұзындығы 700 метрді құрайды екен.

Одан кейін Ермак Сәлімов бастаған топ 35-ші квартал және “Зооветинститут” қазандықтарында болды. Екі қазандыққа да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазандықтардың жұмысымен танысқан қала басшысы ондағы жұмысшылардан атқарылып жатқан жұмыстың жайын білді.

— Реконструкция жүргізіліп жатқан “Зооветинститут” қазандығының жұмысы 1 қыркүйек күні басталған болатын. Жоспар бойынша 15 қазан күні аяқтауды көздеп отырмыз, — дейді жауапты мамандардың бірі.

Аталмыш қазандықтың психоневрологиялық диспансері мен қарттар үйі сияқты мекемелерді жылумен қамтамасыз ететінін тілге тиек еткен «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Николай Ушаков қала әкіміне ауруханалар мен оңалту орталықтары сияқты әлеуметтік нысандарға 2 қазан күні тәуліктің екінші жартысында жылу берілетінін, көмір қорының жеткілікті екенін, күн сайын тасымалданатынын баяндап өтті.

 

Қазандықтардың жұмысымен танысып шыққан соң Дорожник кентіндегі жылу трассасында болып, ондағы жұмыс барысын бақылаған шаһар басшысы журналистер тобына сұхбат берді.

 

— Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасына сәйкес, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тозығы жеткен жылу құбырларын ауыстыру жобалары бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан нысандарды араладық. Нысандардағы жұмыс кестеге және жоспарға сай қарқынды түрде жүргізілуде. Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес, 2 қазан күні ыстық су, ал 7 қазан күні жылу берілуі тиіс. Кейбір нысандардың жұмысы аяқталуға жақын екенін көзімізбен көрдік. Жылу мәселесі бойынша семейліктерге алаңдауға еш негіз жоқ. Ал жылуға қарыз мәселесін айтар болсақ, соңғы екі айдан бері бұл тұрғыда қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қала жылу маусымына тиісті деңгейде өту үшін барлық жағдайлар жасалуда, — деген Ермак Бидахметұлы сұхбат барысында қала тұрғындарын үйлерін қысқа бір адамдай дайындауға шақырды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 день назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

4 дня назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

4 дня назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

5 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

5 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

6 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС