Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАРҚЫТБЕЛДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

02.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының Қазақстанның болашағына бағытталған саясатының арқасында білім саласы жылдан—жылға жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Талап біреу — қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін—өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе. Мектепте алған білімі мен біліктілігі негізінде жаңа ғасырда қоғам мен мемлекет дамуына ықпал ете алатын азамат тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Тәуелсіз еліміздің өсіп—өркендеуі мен халқымыздың рухани тұрғыдан өсуіне, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен—күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі де тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Бұл орайда мектептердің талапқа сай болуы, білім беру жүйесіне жағдай жасау — күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.

{jcomments on}Үржар ауданына Серік Зайнулдин басшылыққа келген соңғы екі жылдан артық уақытта білім беру мекемелерінің талапқа сай болуына ерекше көңіл бөліне бастағаны көпшілік назарынан тыс қалып отырған жоқ. Соңғы жылдары бірнеше жаңа мектеп ғимараттарының пайдалануға берілуі аудан басшысының білімді ұрпақ тәрбиелеуге жасап отырған қамқорлығының айғағы болса керек. Таяуда тағы бір мектеп жас ұрпаққа есігін ашып, Барқытбел ауылында өткен жылы құрылысы басталған 130 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Білім ордасының ашылуына арналған салтанатты жиынға Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Біржан Тұрлыбеков, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаев, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көпшілік алдында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Серік Зайнулдин осынау қуанышқа жиналған халықты құттықтап өтті.

— Ауданымызда құрылысы басталған 21 мектептің 15-шісі сіздердің мектептеріңіз еді. Міне, белгіленген мерзімінде аяқталып, игіліктеріңізге беріліп отыр. Сол себепті де құрылысшыларымыз, мердігер компания — «Рулан Сервис» серіктестігіне рақметімді айтамын. Сонымен қатар аудандағы бөлім басшыларына, ауыл әкіміне, ата-аналарға, мектептің басшыларына, мұғалімдер ұжымына алғыс білдіргім келеді. Жаңа да заманауи білім ордасының ішінде оқушыларымыз тек қана бестік бағамен оқуы тиісті. Ал осы мектептің салынуына, жолдарыңыздың жөнделуіне атсалысып жүрген жерлестеріңіз, аудандық мәслихаттың депутаты Б. Мұсабаевқа рақметімді айтамын, — деген аудан әкімі жаңа мектепке музыкалық құрылғы сыйлап, еселі еңбектері үшін құрылыс жұмыстарына басшылық еткен Рауан Рысалдыұлына, Дархан Сержанұлы мен Сырым Ғалымұлына алғыс хаттар тапсырды.

 

Аудандық мәслихат депутаты Бақтыбек Тоқашұлы:

 

— Құрметті жерлестер! Бүгін Барқытбел ауылында ақ түйенің қарны жарылған күн деуге болады. Қазіргі жаһандық дағдарыс салдарына қарамай, ауылымызда жаңа мектеп ашылып жатыр. Бұл мектептен еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етер мықты азаматтар шығады деген үміттеміз. «Жұмыс істейтін адам қисын іздейді, істемейтін адам сылтау іздейді» демекші, баршаңызды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің өркендеуіне үлес қосуға шақырамын, — деп мектепке түрлі түсті теледидар сыйға тартты.

Осындай құттықтаулардан кейін мектептің  кілтін жаңа заман талабына сай көрікті ғимаратты салған мердігер компанияның жетекшісі Р.Бабаев мектеп директоры М. Жыңғылбаевқа табыс етіп, өзінің жүрекжарды жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар жүрек толқытар ерекше сәт орын алып, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, Үржар ауданының Құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сандыбаев,  Барқытбел мектебінде қызмет еткен қарт ұстаз Т.Цыпенко, ауылдың ардақты ақсақалы, тыл ардагері О.Гасекелдиновтар жаңа білім ордасының лентасын қиды.

Осылайша, шара соңында жиылған көпшілік «жаңа мектептің босағасы құтты болсын, ұстаздарға табыс тілейміз, бұл мектептің түлектері әрдайым биіктерден көріне берсін, халқының атын шығарар шәкірттер көп болғай» деген ақ тілектерін жаудырып жатты.

Сонымен, Елбасымыздың: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»,- дегені белгілі. Бүгінгі Барқытбелдегі білім ордасы  аудан басшылығының Президентіміздің тапсырмасын орындау жолындағы игілікті істерінің бірі болды деп айтуымызға болады.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

Аким области высадил деревья вместе с жителями Семея

26.04.2026
В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

В Семее в рамках программы «Таза Қазақстан» после телемоста с участием Президента Касым-Жомарт Токаев аким области Берик Уали вместе с...

Читать далее ...

В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

26.04.2026
В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

В рамках программы «Таза Қазақстан» состоялся телемост с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева. К мероприятию в онлайн-формате присоединились и жители...

Читать далее ...

Аида Балаева: Креативные индустрии становятся частью новой экономической политики Казахстана

26.04.2026
Аида Балаева: Креативные индустрии становятся частью новой экономической политики Казахстана

Посещение Президентом Касым-Жомартом Токаевым офиса Фонда развития креативных индустрий стало важным этапом в институциональном оформлении отечественного креативного сектора. Фонд, созданный...

Читать далее ...

В Семее прошла ярмарка вакансий «Адал адам – адал еңбек»

24.04.2026
В Семее прошла ярмарка вакансий «Адал адам – адал еңбек»

На набережной Иртыша в городе Семей состоялась ярмарка вакансий «Адал адам – адал еңбек», организованная совместно акиматом области Абай и...

Читать далее ...

В области Абай прошёл семинар по антикоррупционному комплаенсу

23.04.2026
В области Абай прошёл семинар по антикоррупционному комплаенсу

По инициативе территориального департамента Агентства по делам государственной службы Республики Казахстан в области Абай прошел обучающий семинар на тему «Антикоррупционный...

Читать далее ...

Телеканал «Хабар» и ОФ «Читающая нация» запускают масштабный медиапроект к Национальному дню книги

23.04.2026
Телеканал «Хабар» и ОФ «Читающая нация» запускают масштабный медиапроект к Национальному дню книги

В преддверии Национального дня книги (23 апреля) телеканал «Хабар» совместно с общественным фондом «Кітап оқитын ұлт – Читающая Нация» объявила...

Читать далее ...

Новости

Аким области высадил деревья вместе с жителями Семея

22 часа назад

В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

22 часа назад

Аида Балаева: Креативные индустрии становятся частью новой экономической политики Казахстана

22 часа назад

В Семее прошла ярмарка вакансий «Адал адам – адал еңбек»

3 дня назад

В области Абай прошёл семинар по антикоррупционному комплаенсу

4 дня назад

Телеканал «Хабар» и ОФ «Читающая нация» запускают масштабный медиапроект к Национальному дню книги

4 дня назад

Аким области Абай Берик Уали дал старт республиканской эстафете по чтению книг

4 дня назад

В Семее пройдет антитеррористическое учение «Көктем-Антитеррор 2026»

4 дня назад

Импульс для села: в Абайском районе растет предпринимательство и открываются новые возможности

5 дней назад

Казахстан и Монголия подписали 13 документов

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС