Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕРЕШЕГІ БАРЛАРҒА ЖЫЛУ БЕРІЛМЕЙДІ

06.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымының дайындығына арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиын барысында қала басшысы Семей қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен қалалық тұрғын үй инспекциясы мамандарынан шаһардағы тұрғын үйлердің алдағы жылыту маусымына дайындығына қанықты. Тұрғын үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова жылыту маусымы қарсаңында 32 тұрғын үйде жылу беру кезінде мәселе туындауы мүмкін екенін атап өтті. Әсіресе бұрынғы жатақханалар Дулатов, 206 «Б» және осы көшедегі 208 мекенжайындағы үйлерде алдағы жылыту маусымында қиындықтар туындауы мүмкін. Өйткені аталмыш үйлерде ПИК бар болғанымен, кооператив төрағасы жұмысын тастап кетіп қалған көрінеді.

Отырыста сондай-ақ Жамақаев көшесі 219 және 219 «А» мекенжайларындағы көп қабатты тұрғын үйлер мәселесі де сөз болды. Бұл үйлерде де ПИК жоқ. Сондай-ақ жылуға деген берешектері қордаланып қалған. Салдарынан жылыту маусымына дайын емес. Қазір қалалық тұрғын үй инспекциясы мен ТҮКШ мамандары жағдайды бақылауға алып, алдағы уақытта тұрғындармен жиындар өткізуді жоспарлап отыр. Ал Цементшілер кентіндегі Глинка көшесі, 46 «А» тұрғын үйінде бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы бір пәтер иелері кооперативіне қарайтын Рысқұлов көшесі, 19 және 27-ші, Спартак, 11 «А» мекенжайындағы тұрғын үйдің алдағы маусымға дайындығы да әзірге көңіл көншітерлік емес. Галетто көшесі, 40 тұрғын үйдегі жағдай да осындай. Аталмыш мекенжайда ПИК болмағандықтан, салдарынан жылыту маусымына жыл сайын кешіктіріліп қосылады.

 

{jcomments on}Өз кезегінде Ермак Бидахметұлы аталған тұрғын үйлер бойынша рейд шараларын жүргізіп, жиындар өткізуді, жылыту маусымына тұрғындардың әрбірі жауапты екенін жеткізуді тапсырды. Қала басшысы мұнымен қатар шаһардағы денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің де алдағы маусымға әзірлігін сұрап білді. Сала мамандары аталмыш сала мекемелерінде дайындық уақтылы жүргізілгенін және алдағы жылыту маусымына толықтай дайын екенін атап өтті.

 

Светлана Заурбекованың мәліметінше, Семей қаласында көп пәтерлі 1316 үй бар. Бүгінгі күні оның тек 1045 көпқабатты тұрғын үйі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Міне, осы көпқабатты тұрғын үйлердің меншік иелері баспаналарын жылыту маусымына өз күштерімен дайындаулары керек. Жиында бүгінгі күні жоғарыда аталған үйлердің 971-і жылыту маусымына дайындығы айтылды. Ол мөлшері 93 пайызды құрайды екен. Ал қалғандары баспаналарындағы жылу жүйелері мен өзге де дайындық шараларын қысқы жылыту маусымына әлі де әзірлемеген.

Жиында Семей қаласының заңды және жеке тұлғалардың «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы жылуға қарыз мәселесі де көтерілді. Аталмыш сала туралы баяндаған «Теплокоммунэнерго» МКК бөлім  басшысы Гауһар Жетпісбаева қалада заңды тұлғалар есебінде бес ірі кәсіпорынның дебюторлық қарыздары барын, бүгінде мекеме басшыларымен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Жалпы жылуға берешек жайына тоқталар болсақ, бүгінгі күні жылу энергиясына берешек 483 млн. теңгені құрайды. Қарыздың көп бөлігі, атап айтсақ 313 млн. теңге тұрғындарға тиесілі. Ал заңды тұлғалар 127 млн. теңге берешек. Осы ретте сала мамандары өткен жылыту маусымы аяқталғалы бері дебюторлық қарызды төмендету мақсатында әртүрлі шаралар атқарып келеді. Мәселен, сот орындаушыларымен бірлесе рейд шаралары жүргізіліп, берешектің көп бөлігін қайтаруға қол жеткізіпті. Ал қазір сот орындаушыларында орындалуы тиіс 60 млн. теңгеден астам 3 490 іс бар көрінеді.

— Сот орындаушылармен бірлесе қарызға белшеден батқан заңды және жеке тұлғалар арасында күн сайын рейд жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні берешегі бар жеке тұрған 50 нысан жылудан ажыратылған. Қарыз өтелмейінше оларға жылу қосылмайды. Семейде 100 мың теңгеден астам қарызы бар жеке тұлғалар да бар. Олардың басым бөлігі Шульбинск кенті, Юность ықшамауданы, Цементшілер кентінің тұрғындары, — дейді  «Теплокоммунэнерго» МКК бөлім басшысы  Гауһар Жетпісбаева.

Бұдан кейін қала әкімі жиынға арнайы шақырылған қарызы бар жеке тұлғаларды да не себепті пайдаланған қызмет үшін ақыларын төлей алмай отырғандарын сұрап білді. Жиын соңында шаһар басшысы алдағы жылыту маусымына бір адамдай дайындалуымыз керек екенін атап өтіп, әзірлігі жоқ үйлерге жылудың берілмейтінін айтты.

— Қыстың қыр астында екені белгілі. Сондықтан дайындық жұмыстарын тиянақты жүргізуіміз керек. Бір ғана мәселе, алда жаңа жылу маусымы басталады. Ал бұл отбасы бюджетіне қосымша салмақ түсіретіні сөзссіз. Әсіресе берешегі барлардың қарыздары қосымша еселене түспек. Салдарынан қарызды жинау да қиындайды. Сол себепті де баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Ал жылыту маусымына әзірлігі жоқ үйлерге жылу берілмейтін болады, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

16.01.2026
В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

В войсковой части 54835, расположенной в Абайском гарнизоне, организованы плановые учебно-тренировочные полёты. Пилоты авиабазы в соответствии с планом боевой подготовки...

Читать далее ...

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16.01.2026
Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

📌 В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 🔹 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас...

Читать далее ...

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16.01.2026
Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

Приближается праздник Крещения, во время которого, по традиции, будут открыты проруби для всех желающих окунуться в ледяную воду. На брифинге...

Читать далее ...

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16.01.2026
Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

Тогызкумалак - игра древняя, но не теряющая актуальности по сей день. Игрок в тогызкумалак должен владеть навыком быстрого счета, игра...

Читать далее ...

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16.01.2026
В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

В Алматы состоялось открытие Национального научного центра инфекционных болезней (ННЦИБ) – ключевого объекта, созданного по поручению Главы государства для укрепления...

Читать далее ...

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

16.01.2026
В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

В средней общеобразовательной школе №50 города Семей состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров областного финала интерактивной образовательной игры «Қаржы...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

2 дня назад

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

2 дня назад

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

2 дня назад

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

2 дня назад

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

2 дня назад

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

3 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

3 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

3 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

3 дня назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС