Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КОЛЛЕДЖ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

13.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Балалар және жастар шығармашылығы сарайында Радиотехника және байланыс колледжінің 75 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті. Радиотехника және байланыс колледжі – техникалық бағытта білім беретін оқу орындарының ішіндегі байланыс саласы мамандығы бойынша оқытатын өңірдегі бірден-бір білім ордасы.

Аталмыш білім ошағының 75 жылдық мерейтойына ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алла Нурсеитова, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова мен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов және байланыс саласының ардагерлері мен колледждің ардагер ұстаздары, әр жылдардағы түлектер, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 

{jcomments on}Мерекелік шара барысында Радиотехника және байланыс колледжінің директоры Оралхан Сартаев БАҚ өкілдеріне сұхбат берген болатын.

 

— 75 жыл — мерейлі дата. Осы уақыт ішінде колледжден сан мыңдаған маман иелері түлеп ұшты. Бүгінде олардың біршамасы еліміздің және өңіріміздің бірқатар аумақтарында байланыс саласы бойынша басшылық қызметтер атқаруда. Осыдан 50 жыл бұрын аудио-бейне техникаларды жөндейтін радиомеханик мамандары даярланса, осыдан 20 жыл бұрын бағдарламашылар, яғни компьютерлік құрылғылар бойынша қызмет көрсететін мамандар даярлана бастады. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ мен «Қазпошта» АҚ компанияларымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта колледжде осы екі ірі компанияға мамандар даярланады, — деген Оралхан Иманғалиұлы сұхбат барысында аталмыш білім ордасының тарихына тоқталып, бүгінгі күндегі жұмыстары жайлы кеңінен әңгімелеп өтті.

Шара барысында сөз алып, колледж ұжымын атаулы мерекелерімен құттықтаған ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алла Нурсеитова облыстық білім басқармасы басшысы Асқар Нұрғазиевтің құттықтау хатын оқып, қаржылай сыйлықтың сертификаты мен бағалы сыйлықты салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар Гүлнар Бәкішева, Қадыр Слямшакұлы сынды бірқатар оқытушыларды облыстық білім басқармасы басшысының грамоталарымен марапаттады.

Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова колледж ұжымын қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Ал өз кезегінде қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов Жанат Сүлейменова, Гүлия Қонақбаева, Фарида Шалова сынды бірқатар оқытушыларға қалалық мәслихаттың грамоталары мен алғыс хатарын табыстады.

Сондай-ақ мерекелік шара барысында колледж директоры Оралхан Сартаев Алла Нурсеитова, Надежда Шарова, Бейсенбек Ақжалов сынды және басқа да мәртебелі меймандар мен әр жылдардағы түлектерге «Радиотехника және байланыс колледжіне 75 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Сонымен қатар білім мекемесінің басшысы колледждің ардагерлері Абдулхамит Валиев пен Любовь Ершованы және пошта байланысы саласының ардагері, бүгінде колледждің техникалық мұражайының меңгерушісі Манарбек Молдарахимовты «Еңбек сіңірген қызметкер» төс белгісімен, ал колледж оқытушылары Гүлжанат Борубаева мен Рымтай Нұралинаны және Юрий Рыбалкинді «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен марапаттады.

Ардагерлер де өз кезектерінде сөз алып, өздері еңбек еткен білім ошағына деген ізгі тілектерін айтты. Мерекелік шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 день назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

4 дня назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

4 дня назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

5 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

5 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

6 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС