Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕКСЕНБІДЕГІ ЖҮЗДЕСУДЕ Восход кенті тұрғындарының тілегі тыңдалды

13.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Апта жексенбісінде қала әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов барлық сала басшыларымен және қалалық мәслихат депутаттарымен бірге Восход кентінде болып, аталмыш аумақтағы бірқатар нысандарды аралап, № 34 мектепте жергілікті тұрғындармен кездесті.

Естеріңізге салар болсақ, өткен сәрсенбі күні қаланың Восход кенті тұрғындарының атынан келген Махмұт Сариевті қабылдап, қарияның өтінішін тыңдаған Ермак Сәлімов кент тұрғындарының сол жаққа қатынайтын қоғамдық көліктердің қызмет сапасы тұрғысында және басқа да мәселелері бойынша алдағы күндерде аумақ тұрғындарымен арнайы кезесетін болып келіскені жайында газетіміздің өткен санында хабардар еткен болатынбыз. Осы тұрғыда ақсақалдың сөзін жерге тастамай, демалыс күніне қарамастан уақыт бөліп, аталмыш аумаққа арнайы барған қала басшысы жұмыс тобымен бірге ең алдымен Восход кенті іргесіндегі Южный кентіне ат басын тіреді.

 

{jcomments on}Осыдан кейін жұмыс тобымен бірге №20 автобустың соңғы аялдамасына келген қала басшысы қоғамдық көліктің ішіне еніп, жүргізушісімен тілдесті. Сонымен қатар №35 және №50 автобустардың жолаушыларға қызмет көрсету сапасы жайлы ақпараттарға қанықты.

 

Сондай-ақ жұмыс тобымен бірге №17 дәрігерлік амбулаторияға барған қала басшысын аталмыш нысанның бас дәрігері Владимир Ли қарсы алып, мекеменің жұмысымен таныстырды. Владимир Лидің айтуынша, 7 учаскесі бар екі қабатты мекеме 14 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді екен. Бұл тұрғыда 4-ші саяжайдан бастап Восход кентіне дейінгі аумақтың қамтылатынын айтқан Владимир Ли, сонымен қатар Южный кентінің тұрғындарына да қызмет көрсетілетінін атап өтті. Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, дәрігерлік амбулаторияға №35 автобустың қатынамауы тұрғындарға қиындық тудыратын көрінеді. Осы және басқа да мәселелер туралы құлағдар болған Ермак Сәлімов мекеме басшысына ғимарат маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп отыруды тапсырды.

Нысандарды аралап шыққаннан соң қала басшысы мен қалалық мәслихат хатшысы бастаған топ №34 мектептің акт залында Восход кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға дербес бөлімдер мен барлық сала басшылары, құзырлы мекеме мамандары қатысты. Қала басшысымен кездесуге келген кент тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жиын барысында көпшілік жол, электр жарығы, көше тазалығы, қоғамдық көліктер қатынасы және балабақшаның жоқтығы сияқты мәселелер туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар жиын барысында сөз алғандардың бірі Восход кентінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан қала маңындағы Подхоз елдімекенінен балалардың мектепке қатынауы қиынға түсіп жүргенін, арнайы автобустың қажет екенін жеткізді. Бұл тұрғыда қала басшысына мектеп автобусының күнделікті 170 баланы тасымалдайтынын, алайда Подхоз елдімекенінің жолы тар болғандықтан, үлкен автобусқа кері айналуға мүмкін болмайтынын баяндаған №34 мектеп директоры Сергей Радионов шағын автобустың қажет екенін жеткізді. Ермак Бидахметұлы бұл ретте қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенкоға осы мәселені шешу жағын қарастыруды тапсырды.

Өз кезегінде Наталия Фесенко келер жылы қала бойынша 5 балабақша салу жоспарда тұрғанын, соның бірі осы Восход кентінде салынатынын айтып өтті.

Сонымен қатар жиын барысында №2 шағын ауданында малдың қараусыз жайылып жүретіні жайлы да мәселе көтерілді. Қала басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бұл мәселені алдағы уақытта қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сол сияқты жиында №34 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені жайлы да сөз болды. Өз кезегінде сөз алған Восход кентінің тұрғыны, қадірменді ақсақал Махмұт Сариев та аталмыш аумақтағы мәселелерді сөзіне арқау ете келе, қала басшысына жексенбі, демалыс күнге қарамай, тұрғындар алдына келіп, өтініш-тілектерін тыңдағаны үшін ризашылығын білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі.

Тұрғындардың барлық сауалдары мен өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған Ермак Бидахметұлы жұртшылықты мазалаған барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

— Мен сіздерге мәселенің бәрін бірден шешіп беруге уәде бермеймін. Дегенмен барлықтарыңыздың өтініш-тілектеріңіз орынды. Қордаланған мәселелердің барлығын қала бюджетінің мүмкіндігіне қарай рет-ретімен қарастыратын боламыз. Мысалы, қоғамдық көлік қозғалыстарының жүру кестесін бақылауда ұстаймыз. Жалпы, сіздер көтеріп отырған тақырып бойынша алдағы уақытта өздеріңізбен тағы да жүздесетін боламыз, — деді Ермак Бидахметұлы өз сөзінде.

Қала басшысы жиында қозғалған мәселелер бойынша құзырлы мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Нұрдәулет ТАЛҒАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 день назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

4 дня назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

4 дня назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

5 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

5 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

6 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС