Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

НАЗАРДА БАЛА ҚҰҚЫҒЫ

16.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде қалалық әкімдік жанынан құрылған комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

{jcomments on}Бұл жолы да комиссия қарауына «қиын балалар» мен ата-аналық парызын дұрыс орындамай жүрген тұрғындардың істері ұсынылды. Учаскелік полиция қызметкерлері ертіп әкелген азаматтар арасында қала іргесіндегі шағын елдімекендерден келгендер көп екен. Солардың бірі Е есімді азаматша болды. Әйел ішімдік ішпейді. Жат әдеттері жоқ. Алайда, жасөспірім балалары үйлерінен жиі қашып кетеді екен. Бұл жөнінде учаскелік полиция бірнеше мәрте ескерту жасағанымен еш нәтиже болмапты. Азаматшаның балалары сабаққа да дұрыс қатыспайды. Көбінесе ауыл-үйді аралап, қайыр сұраумен айналысады. Түскен ақшаны қайда жарататыны және белгісіз. Үй бетін көрмей қаңғып кететіндіктен күтімдері де жоқ.

Комиссия мүшелерінің қойған сауалдарына әйел бар кінә өзімен бірге тұрып жатқан, заңды некеде жоқ мүгедек азаматтың кесірінен деген уәж айтты. Балалары бөтен еркекті ұнатпайды әрі жанұяда сыйласымдылық жоқ. Сол себептен жиі-жиі үйден қашып кетеді. Тұрмыстың ауыртпашылығынан өзінің де жүйкесі жиі сыр беріп, балаларға да, бірге тұратын ер азаматқа да дауыс көтеретінін, үйде ыдыс-аяқ жиі сылдырлайтынын жасырмады. Ал көшіп кетуге дайын тұрған баспана жоқ. Оның үстіне тұрақты жұмысы жоқ, әркімге жалданып нәпақа тауып жүргендіктен қаржылық қиындықтары бар екен. Әйел адамға қатаң ескерту жасалып, арнайы есепке алынды. Егер тиісті нәтиже шығармаса, аналық құқығынан айырып, балаларын жетімдер үйіне өткізу ұсынылды.

 

Мұндай көрініс комиссия қарауы барысында жиі тіркелді. Кейбірі көз жасына ерік беріп, түзелуге уәде беріп, кешірім сұраса, енді бірі жұмысқа орналастыруды өтінді.

 

Ішімдіктің салдарынан берекесіз отбасыға айналғандар арасында қаракөздер де кездесіп қалып жатты. Мәселен, 2002 жылы туған А есімді қыз баланың анасы дүниеден өткен соң әкесі араққа салынып ішуді дағдыға айналдырған. Нәтижесінде жасөспірімнің күтім көрмей, ас-сусыз да қалған күндері көп болыпты. Бөтелкелестерін үйге ертіп келіп, бөтен еркектерді жиі қондыратын әдет шығарған соң қыз баланы нағашы әпкесі қолына ал-ған. Қазір басқа мектепке сабаққа барып жүр. Онымен бірге қамқорлығына алған туысы мен сынып жетекшісі бірге келіпті. Оқушының оқу үлгерімі жоғары, талапты екендігін айтқан ұстазы оның әкесін әкелік құқығынан айыру туралы өтініш жасады. Ал учаскелік полицияның күшімен келген әкесі тағы да «ұрттап» алған екен. Комиссия мүшелерінің қой-ған сауалына ләм-мим деп жауап қайырмады. Нәтижесінде, комиссия жасөспірімнің сынып жетекшісі мен қамқорлығына алған туысының өтініштерін қанағаттандырып, маскүнем әкені әкелік құқығынан айыруды жөн деп тапты.

Бұл айтылғандар — кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде қалалық әкімдік жанынан құрылған комиссияның қарауына ұсынылған 20 істен бірер мысал ғана. Тәртіп пен адамгершіліктен жұрдай бірқатар ата-аналар сөгіс арқалап, ескерту алып, полиция қадағалауына тапсырылумен қайтты. Енді біразы қаладағы наркологиялық диспансерге ем қабылдауға жатқызылатын болды. Дегенмен бұл жандардың барлығының әрекеттері қатаң қадағалауға алынбақ. Яғни, алдағы уақыттағы отырыстарда олардың ісі қайта қаралып, түпкілікті тағдыры шешілуі бек мүмкін.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 день назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

4 дня назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

4 дня назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

5 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

5 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

6 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС