Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨРЕНДЕР СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

16.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Апта сейсенбісінде Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Ұлы даланың ұландары» атты І курстарды студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған жергілікті билік өкілдері, зиялы қауым және оқытушылар мен студент жастар қатысты.

{jcomments on}Салтанатты шара барысында сахна төріне көтерілген қала әкімі Ермак Сәлімов жалынды жастарға жылы лебізін білдірді.

— Жастарды білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге жолдама беретін өңірдегі іргелі оқу орнының І курстарды студенттер қатарына қабылдау мерекесі құтты болсын. Мектепті кеше ғана аяқтаған оқушылар бүгінгі күнде студент атанып, білімдерін шыңдау үстінде. Білім ордасының студенттері тек биіктен ғана көрініп, болашақта үлкен мамандық иелері болуларына тілектестік білдіреміз. Құрметті студенттер! Болашақтарыңыз баянды, даму жолдарыңыз нұрлы болсын, — деген Ермак Сәлімов аталмыш білім ордасының ұжымына шығармашылық табыс тілеп, ҚазИГЗУ ректоры Шырын Құрманбаеваға «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры Шырын Құрманбаева қала басшысына мерекелік шараға арнайы келіп, жастармен жүздескені үшін профессор-оқытушылар мен студенттердің атынан зор ризашылығын білдірді.

 

— Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті еліміз бойынша үздік 50 жоғары оқу орнының қатарына енген. Жастардың жоғары сапалы білім алуы үшін университетте барлық мүмкіндіктер жасалған. Жоғары білікті профессор-оқытушылар қызмет ететін білім ордасында жетілген инфрақұрылым, әскери кафедра, спорт кешендері, демалыс базалары жұмыс істейді. Көлемі 2 гектарға жуық жерге орналасқан әскери кафедра бүгінде облыстық деңгейдегі әскери патриоттық тәрбие беру орталығы болып отыр. Ал университеттің бас ғимараты республикалық деңгейдегі түрлі бас қосулардың мәдени ордасына айналды. Жалындап тұрған жастар үшін жастар саясаты ұйымы орталығы да бар. Мұнда үздік оқумен қатар, ерекше қабілеттерін таныта білген белсенді студенттерге түрлі гранттар мен стипендиялар бөлу арқылы біз әрдайым студенттерімізді қолдаймыз, — деген Шырын Асылханқызы сөз соңында жалынды жастарға ақ жол тіледі.

 

Шара барысында мемлекеттік грант иегері Әсел Әскербекқызы мен ректор грантының иегері Мейрамбек Жұмағалиевке арнайы символдық нышандар берілді. Сондай-ақ Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо күресінен спорт шебері, қазақ күресінен әлем чемпионы Айдос Сейпілұлы мен әскери самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, кудодан спорт шеберлігіне үміткер, әлем чемпионатының қатысушысы, Азия чемпионатының қола медаль иегері Құрмет Бақытбекұлы сынды университет мақтанышына айналған бірқатар оқытушылар арнайы грамоталармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қолданбалы биология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Қыдырмолдина және басқа да бірқатар оқытушылар өз кезектерінде мінберге шығып, студенттерге деген жылы ле-біздерін білдірді.

Мерекелік шара барысында әуелеген ән де шырқалып, мың бұралған би де биленді. Студент жастардың ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығы сияқты биылғы мерейлі мерекелерге арналған театрландырылған көріністер де қойылды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 день назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

4 дня назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

4 дня назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

4 дня назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

5 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

5 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

6 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС