Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРДАГЕРЛЕР ӘРДАЙЫМ ҚАМҚОРЛЫҚТА

16.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Үлкенге ізет, қарттарға қамқорлық – қандай қоғам болмасын, қай кезде де керек қасиет. Ұлтымызға тән бұл ұлықты үрдіс бүгінгі күні де жергілікті атқарушы билік тарапынан шынайы көрініс табуда. Соның бір айғағы ре-тінде, қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған әкімдік өкілдерінің «Мейірімділік» айлығы аясында қаламыздағы қос қарияның шаңырағында болып, қарттар үйіне баруын айтуымызға болады.

{jcomments on}Алдымен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Қазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш Сәкиева мен соғыс ардагері Герасим Махтеевтің шаңырағында болып, қарияларды мерекемен құттықтады.

Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Ақтоқты, Майра сынды көптеген кейіпкерлердің рөлін сомдаған Халық әртісі Күләш Сәкиева биыл 95 жасқа толды. Күләш Сырымбетқызы қос бірдей «Құрмет белгісі» және «Парасат» орденінің иегері. Семей және Зайсан қалаларының «Құрметті азаматы», театрдың тарланы һәм сахнаның саңлағы. Жақында ғана 95 жылдық мерейтойын атап өткен өнер иесі өзін сергек сезінеді. Өнер жолын Жамбыл театрында бастаған Күләш апа Семейдегі үлкен театрға 1952 жылы келді. Міне, сол жылдан бері Семейдің қара шаңырағында қаншама рөлді сомдады. Бір өнер ордасында 70 жылға жуық еңбек етіп, 300-ден астам арулар бейнесін сомдап, өнер сүйер қауымның ізгі ілтипатына бөленген жан. Күләш Сырымбетқызы мереке аясында арнайы келген шаһар басшысына зор алғысын білдірді. Еліміздің өркендеу жолында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға өзінің ақжарма тілегін жеткізді.

Өз кезегінде қала әкімі Ермак  Бидахметұлы Халық әртісі Күләш Сырымбетқызына мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

Сонымен қатар шаһар басшысы соғыс ардагері Герасим Махтеевтің үйіне барып, арнайы мерекемен құттықтады. Герасим Махтеевтің жасы қазір 98-де. Сұрапыл соғыс жылдары майданның басынан соңына дейін жауға қарсы тұрып, Украина, Белоруссия, Польша, Чехославакия елдерін азат етуге қатысып, жеңісті Австрияда қарсы алған екен. Қала басшысымен әңгімелесу  кезінде     Герасим Махтеев мүмкіндігінше қоғамдық шараларға белсене араласып, қаладағы Зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жанындағы хор ұжымының құрамында болғанын, сол жерде Мария Мазуркинамен танысып, кейін үйлену тойларын жасағанын да жеткізді.

 

Ал түстен кейін Ермак Бидахметұлы қаладағы қарттар үйіне арнайы барды. Бұл шаһар басшысының аталмыш әлеуметтік мекемеге жаңа қызметке тағайындалғалы бергі алғашқы бас сұғуы. Сондықтан да болар, Ермак Бидахметұлы әуелгі кезекте қарттар үйінің ішкі жабдықталуы мен жарақтандырылуы, қызмет көрсету үрдісіне назар аударып, күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

 

Қазіргі күні Гүлмира Идаятқызы жетекшілік ететін бұл мекеме егде жастағы адамдар үшін қамқорлық пен ізгілік ұялаған жылы мекенге айналған. Тағдырдың жазуымен осында келіп паналаған қариялар қамсыз тіршілік кешуде. Олар үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Ғимаратқа жылу қазанның 2-і күні беріліпті. Бір қараған адамға аталмыш мекеме медициналық орталықты еске түсіреді. Оның себебі, қарттар үйінің бірінші қабатында оңалту, емшаралар жүргізу бөлімдері орналасқан. Қала әкімі Ермак Сәлімов осындағы әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімі мен физиоемдеу кабинеті, массаж бөлмелерін аралап шығып, қызмет көрсету барысымен танысты. Бөлімдердің жабдықталуы, жаңа технологиямен жарақтандырылу жайы туралы сауалдар қойды.

Ал нысанның екінші қабатында жатын бөлмелер орын тепкен. Мұнтаздай таза палаталарда қариялар тақталы ойын түрлерін ойнап, өзара әңгіме-дүкен құруда.

Ермак Бидахметұлы республика көлемі бойынша өтіп жатқан қамқорлық айлығы аясында осында тұрақтаған Анна Солонскаяға амандық сұрап, сәлем бере кірді. Ғұмырын қаламыздағы түрлі өндіріс орындарында бейнетті еңбекпен өткізген кейуана бүгінде 101 жасқа толып отыр екен. Қала әкімін жылы шыраймен қарсы алып, құттықтай келген жандарға алғысын жаудырып жатты. Осынша жасқа келсе де, құлағы да жақсы естиді, көзі де жақсы көреді екен. Таяққа сүйеніп мекеме ішін қыдырыстап та қайтатын көрінеді. Өз кезегінде мықты денсаулық тілеген қала әкімі сый ретінде әжелерге лайық  оқалы жаулық сыйға тартты.

Шаһар басшысы құттықтаған келесі жан 96 жасқа толып отыр-ған Ханымбүбі Ескендірова болды. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған әжей әкімдік өкілдері келген сәтте «Қазақстан» ұлттық арнасынан күндізгі жаңалықтарды тамашалап отыр екен. Өзіне арнайы келген қала әкімін көргенде ерекше қуанғанын жасырмады. Алғыс, ілтипатын жаудырып, тіпті, баталы тілек те білдірді.

Ермак Сәлімов сонымен қатар қарттар үйіндегі мұражай жұмысымен де танысты. Түрлі тарихи фотосуреттермен газет тігінділері, құжаттар мен деректер қойылған бұл кабинет мазмұнымен де құнды. Мұнда әсіресе, әр жылдарда қарттар үйінің тұрғыны болған, Жеңісті жақындатуға елеулі үлес қосқан майдангерлер өмірі жайлы тұщымды дүниелер қойылыпты. Сонымен қатар, патефон, сарбаз каскасы сынды жәдігерлер де бар.

Сапарының соңында қала әкімі өз әсерімен де бөлісті.

— Еліміз бойынша өтіп жатқан айлықтың берері мол. Соның аясында қарттар үйі  мекемесінің жұмысымен танысып шықтық. Көрсетіліп жатқан қызмет көңілден шығады. Мұның барлығы қорытындылай келгенде ел Президентінің қарттарға қамқорлық жасау туралы тапсырмасының тиянақты жүргізіліп жатқанын айғақтайды, — деді өз сөзінде шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

16.01.2026
В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

В войсковой части 54835, расположенной в Абайском гарнизоне, организованы плановые учебно-тренировочные полёты. Пилоты авиабазы в соответствии с планом боевой подготовки...

Читать далее ...

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16.01.2026
Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

📌 В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 🔹 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас...

Читать далее ...

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16.01.2026
Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

Приближается праздник Крещения, во время которого, по традиции, будут открыты проруби для всех желающих окунуться в ледяную воду. На брифинге...

Читать далее ...

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16.01.2026
Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

Тогызкумалак - игра древняя, но не теряющая актуальности по сей день. Игрок в тогызкумалак должен владеть навыком быстрого счета, игра...

Читать далее ...

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16.01.2026
В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

В Алматы состоялось открытие Национального научного центра инфекционных болезней (ННЦИБ) – ключевого объекта, созданного по поручению Главы государства для укрепления...

Читать далее ...

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

16.01.2026
В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

В средней общеобразовательной школе №50 города Семей состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров областного финала интерактивной образовательной игры «Қаржы...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

3 дня назад

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

3 дня назад

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

3 дня назад

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

3 дня назад

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

3 дня назад

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

3 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

3 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

3 дня назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

3 дня назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС