Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

20.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Отанын қорғап, қан майданда қасық қаны қалғанша жаумен айқас-қан кешегі жауынгерлердің ерлігі — ұрпаққа үлгі. Ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, ұрыс даласында жанқиярлықпен қаза тапқан жауынгер ерлігі ешқашан да ескерусіз қалмайды. Ерліктің ұмытылмағанын айғақтайтын сәт өткен аптада Семей қалалық әкімдігінде орын алды. Майдан даласында қаза тапқан семейлік жауынгер Абдулла Шамсутдиновке табысталмай қалған «Ерлігі үшін» медалі және                 2 дәрежелі «Отан соғысы» ордені ұрпақтарына салтанатты түрде табыс етілді. Ер есімін ел есінде сақтайтын айтулы шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов және Шығыс Қазақстан облысындағы Ресейдің Бас консулы Сергей Анненков  арнайы қатысты.

Жауынгер Абдулла Шамсутдинов 1913 жылы Семей қаласында     дүниеге келген. Сұрапыл соғыс    басталған 1941 жылы алғашқылардың қатарында қолына қару алып, әскери комиссариаттан ефрейтор шенімен майданға аттанады. Майдан даласында Абдулла Шамсутдинов 220-шы гвардиялық атқыштар полкінің 216-шы жеке байланыс ротасының құрамында болады. Соғыс аяқталуға бірнеше ай қалғанда, яғни 1945 жылдың 6 ақпанында майдан даласындағы қиян – кескі ұрыста  Абдулла Шамсутдинов жаудан байланыс желісін қорғау кезінде ерлікпен қаза табады.

 

{jcomments on}Міне, Жеңістің 70 жылдығы аясында Қазақстан және Ресейдің бірлескен іс – әрекеті нәтижесінде белгісіз себептермен тапсырылмай қалған майдангердің марапаттары  ұлы  Марат Шамсутдиновке табысталды. Абдулла Шамсутдиновтің  «Ерлігі үшін» медалі мен 2 дәрежелі «Отан соғысы» орденін  Ресейдің ШҚО-ғы Бас консулы Сергей Анненков ресми түрде табыс етіп, өзінің жылы лебізін де білдірді. Сергей Анненков жауынгердің әулетіне әкелерінің есімін ардақтап, ерлігін ұмыт қалдырмай, кейінгі ұрпақ үлгі алатын іс тындыр-ғанына ризашылығын да білдірді.

 

— Жеңістің 70 жылдығына орай Ресей мен Қазақстан арасында көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, майдан даласында қаза болған белгісіз жауынгерлерді іздестіру ісінде, көптеген майдангерлердің ерліктерінің ескерусіз қалмауы жолында ауқымды іс тындырылды. Әлбетте, бұл — ортақ жеңіс. Міне, бүгін мен Отан қорғауда ерлік-пен қаза тапқан Абдулла Шамсутдиновтің ұлы Марат Абдуллаұлына 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен «Ерлігі үшін» медалін табыстадым. Біз – ерлікті жадымыздан шығармауға тиіспіз. Мұндай көңіл толқытар сәтті аға ұрпақ алдындағы аманат деп қабылдағынымыз жөн, — деп атап өтті Сергей Викторович.

Жиналғандардың алдында сөз алған қала әкімі Ермак Бидахметұлы ресейлік әріптестеріне алғысын жеткізіп, қос елдің ынтымақтастығын нығайтатын осындай игі шаралар одан әрі жалғасатындығына сенім білдірді.

— Құрметті жерлестер және қымбатты қонақтар! Бүгін біз қуанышты жағдайда жиналып отырмыз. Соғысқа Семейден көптеген жерлестеріміздің ел қорғауға аттанғаны белгілі. Қаншасы туған еліне оралмай, ұрыс даласында қаза тапты. Елге оралмай, майдан даласында қаза тапқан жауынгердің бірі —  жерлесіміз Абдулла Зиянышұлы Шамсутдинов. Араға 70 жыл салып жерлес жауынгердің ерлігі лайықты бағасын алып отыр. Ол — қуантарлық жаңалық. Оның атын өшірмеуге күш салған туған-туыстарына алғысымызды білдіреміз. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өзінің жалғасын тауып, қос елдің байланысы нығая түседі деген ойдамын, — деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС