Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАЗУШЫМЕН ӨТКЕН ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

23.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған № 5 мамандандырылған мектеп оқушылары мен ұстаздары жазушы, драматург, «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, Қазақстан комсомолы сыйлығының, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі, «Аңсау», «Сағынтып жеткен жаз еді», «Тау басында түйіскен жол» сияқты повестері мен әңгімелер жинақтарының, «Өмір сүргің келсе» романының және «Өзімді іздеп жүрсем» сияқты және басқа да пьесалардың авторы, жерлесіміз Роллан Сейсенбаевпен кездесу өткізді.

Мектеп жанындағы «Огонёк» әдеби үйірмесінің жетекшісі, «Әлемдік көркем әдебиет» факультативінің оқытушысы Қарлығаш Жананбаеваның ұйымдастыруымен өткен шарада мектеп оқушылары Роллан Сейсенбаевтың «День, когда рухнул мир» романының желісі бойынша көрініс қойды. Сонымен қатар шара барысында жазушы шығармашылығы желісі бойынша Қарлығаш Мұқанқызының әзірлеуімен түсірілген оқушылардың бейнероликтері де көрсетілді.

— Роллан Шәкенұлы, сіз өз кітаптарыңыз арқылы оқырмандарыңызбен тілдесесіз. Өйткені сіздің шығармаларыңыздағы кейіпкерлеріңіз арқылы біз сіздің жан дүниеңізді тереңнен тани түстік. Кітаптарыңыздың әр бетінен рухани нәр алып, сіздің біртуар тұлға екеніңізге, қаламы қарымды жазушы екеніңізге көзіміз жетті. Сіз қаламыңызға арқау ететін негізгі тақырыбыңыз – Отан, туған жер. Қаламыңызбен туған жеріңіздің келбетін шынайы бейнелеп, бүкіл әлемге танытып жүргеніңіз көңілге қуаныш сыйлайды, — деп атап өтті Қарлығаш Мұқанқызы сөз арасында.

Кездесу барысында мектеп оқушылары жазушыға өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтарға тереңнен жауап беріп отырған Роллан Сейсенбаев Отан, туған жер, патриоттық рух тұрғысында рухани әңгіме өрбітті.

— Туған жерге жасаған осы жолғы сапарымда Құнанбай қажы мен Айпара ананың басына арнайы барып, бабалар рухына тағзым етіп қайттым. Жалпы, біз, яғни қазақ халқы – үлкенге құрмет көрсеткен, рухы мықты халықпыз. Бабалардан мұра болып қалған рухымызды оятуымыз керек. Жастардың көзінде от ойнап, жарқырап тұруы қажет, — деді әңгіме барысында Роллан Сейсенбаев.

Сөз соңында жүздесуге ниет білдіргендері үшін жиынға қатысушыларға өзінің ризашылығын білдірген жазушы жастарға жарқын болашақ тіледі. Мектеп ұжымы да арнайы уақыт бөліп, оқушылармен кездесуге келгені үшін қаламы қарымды қаламгерге зор алғыстарын айтты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС