Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ЖОҚ

23.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей ақпараттық орталығында жылыту маусымы мен алдағы қысты қалыпты жағдайда өткізу мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баспасөз мәжілісі өтті. Басқосу барысында қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Александр Генрих пен жылу инспекциясының басшысы Жұман Мусин бүгінгі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Александр Генрихтың айтуынша, қазіргі күні шаһар бойынша жылумен қамту бағытындағы шаралар қалыпты деңгейде жүзеге асып жатыр. Өткір тұрған мәселелер жоқ. Қалаға жылу биыл мерзімінен ерте, яғни 2 қазаннан бастап берілген. Тек жекелеген кейбір тұрғын үйлер ғана жылу көзіне осы айдың 15-і күні қосылыпты. Бұл ретте алдыңғы кезекте әлеу-меттік нысандарға назар аударыл-ған. Анығырақ айтқанда, ауруханалар, мектептер мен балабақшаларға жылу алдыңғы кезекте берілген. Сонымен қатар қазанның 7-ші жұлдызынан бастап № 1 ЖЭО және өзге де ірі қазандықтар көп қабатты үйлерге ыстық су беруді жолға қойыпты.

 

{jcomments on}- Қаланы жылумен қамту жұмыстары белгіленген жоспар аясында жүзеге асуда. Қазір Семейдегі барлық жылу беру көздері штаттық режимде қалыпты жұмыс істеп тұр, — деді өз сөзінде ТҮКШ бөлімінің басшысы Александр Генрих. — Ал бірқатар қазандықтарда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Алайда бұл жұмыстар жылумен қамтуға ешқандай да кедергісін тигізбейді. Жаңғырту шарасы аясында қосалқы қазандықтарды заманауи агрегаттарға ауыстыру ісі жүргізілуде. Мұның барлығы белгіленген жоспар аясында жүзеге асырылуда, — деп атап өтті өз сөзінде А.Генрих.

 

Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, қаладағы барлық қазандықтар тиісті көмір қорымен қамтылған. Қысқы отынмен қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаражат бөлінген және көмір жеткізу ісінде кедергі жоқ. Қорыта айтқанда, алдағы қыс қанша аязды болғанымен 2011 жылғы тосын апат қайталанбайды деуге негіз бар. Бұл жайында бөлім басшысы сенімді түрде мәлімдеді.

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында жылыту маусымына даярлық жұмыстарын сылбыр жүргізген тұрғын үйлер жайлы да сөз қозғалды. Александр Генрих айтып өткендей, бұл тұрғын үйлердің барлығы да- басқару жүйесі жоқ нысандар. Бүгінде қала бойынша проблемалы 32 үйдің ішінен тек 3 тұрғын үй ғана берілетін жылуды қабылдауға даярлықсыз отыр. Олар Сәтпаев және Дулатов көшелерінде орын тепкен отбасылық жатақханалар екен.

Ал шаһар ішіндегі жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі жайында кеңірек сөз етуге болады. Бұл бағытта әлі де қарқынды еңбек қажет. Қазіргі күні қаладағы жалпы ұзындығы 285 шақырымды құрайтын жылу желісінің 80 пайызы тозыңқырып тұруы себепті жақын жылдар аралығында ауыстыруды қажет етеді.

— 2008 жылға дейін қаламыздағы жылу коммуникациясы ауқымды түрдегі күрделі жөндеу жұмыстарын бастан өткізбеген. Тек соңғы бірнеше жыл көлемінде ғана шаһар ішіндегі жылу трассалары ретке келтірілуде. Оның өзінде де құбырлардың қатты ескірген, сыр берген тұстары ғана ауыстырылуда. Қазіргі күні жылу желілерінің 20 пайызы жаңартылды. Әсіресе, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен биылғы 2015 жылы 10,5 шақырым аумақтың желісі 2 немесе 4 қатарлы құбырлармен ауыстырылды. Оның 9 шақырымы аталмыш бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың көмегімен шешім тауып отыр. Ал қалғаны жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылған, — деді Александр Генрих.

Бөлім басшысы айтып өткендей, өзге, кейбір телімдердегі жылу құбырларының пайдалануға берілгеніне 50 жылдай уақыт өтіпті. Яғни, ескірген-діктен алдағы уақыттарда толықтай жаңартуды қажет етеді.

— Семей қаласындағы осы жылдар аралығындағы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары  атқарылуы тиіс ауқымды шаралардың тек шағын бөлшегін ғана құрайды. Әлі де болса бұл салада үлкен күш жұмсау қажет, — деді өз кезегінде қалалық жылу          инспекциясының басшысы Жұман Мусин.

Сонымен қатар баспасөз мәслихаты барысында тұрғындар мен заңды тұлғалардың дебиторлық қарызы туралы да сөз қозғалды. Қазіргі күні қалалықтар жылу берушілер алдында 240 млн. теңге берешек екен. Бұл орайда қарызды қайтару жолында сот инстанциялары негізінде сот орындаушыларының көмегімен бірқатар мақсатты түрдегі шаралар жүргізіліп жатыр.

Жиын барысында Александр Генрих пен Жұман Мусин БАҚ өкілдері тарапынан қойылған өзге де көптеген сауалдарға толыққанды жауап қайырды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС