Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТІРЕГІ — ТАТУЛЫҚ, ТІЛЕГІ — ТЫНЫШТЫҚ

23.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

20 қазан күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Достық үйінде болып, этномәдени орталықтардың жетекшілерімен жүздесті. Кездесу аясында орталықтар өкілдері шаһар басшысына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде Достық үйінде 14 этномәдени бірлестік тіркелген. Биыл осындағы қазақ, татар, неміс, украин және өзге де орталықтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтіпті. Қазіргі күні бірлестіктер жанынан өнердің түр-түріне баулитын үйірмелер жұмыс істеуде.  Әсіресе «Айша бибі» мәдени орталығының қол өнер үйірмесі, «Исток» және «Айнхайт» ансамблі үйлесімді жұмыс істеуде. Сонымен қатар өзге де орталықтар ерекше белсенділік танытуда. Ағымдағы жылғы шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өтіп жатқандықтан,      Достық үйінің өкілдері бекітілген жоспарға сәйкес, әр ай сайын бірнеше іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

— Этномәдени бірлестіктер шаһардың қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, өңірдегі ұлтаралық келісімді нығайтуда сүбелі үлестерін қосуда, — деді Достық үйінің жұмысын таныстыру барысында аталмыш мекеме директоры Аман Тілеубаев.

Сондай-ақ биыл қаламыз «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игілікті іс» республикалық эстафетасының белгі-нышаны «Тайқазанды» қабылдаған болатын. Оның аясында соғыс және тыл ардагерлеріне, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға материалдық тұрғыда көмек көрсетіліпті. Бұдан бөлек, Ассамблея жылы аясында Семейге «Менің Қазақстаным» пойызы келген еді. Бұл акция шеңберінде Достық үйінің маңында көшеттер отырғызылып, дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар да ұйымдастырылды. Оған қоса, «Возрождение» неміс қоғамдық ұйымының ұйытқы болуымен 15 әлеуметтік аз қамтылған жанұяға материалдық қолдау көрсетілген. Сонымен қатар                2 мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектер арбасы беріліпті.

Кездесу барысында сөз алған қала басшысы Ермак Бидахметұлы қазіргі жаһандық сын-қатерлі кезеңде еліміздің басты байлығы — Қазақстан халқының мызғымас береке-бірлігі, ұлттарының татулығы екендігін атап өтті.

— Қазіргі әлем бойынша этносаралық қақтығыстар әлі де болса өзектілігін жоғалтпай отыр. Кейбір елдерде бұл проблема тіптен белең алып тұр деуге де болады. Бұл ретте, біз Мемлекет басшысына шексіз алғыс білдіруіміз қажет. Себебі, Президентіміздің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды теңдессіз институт құрылды. Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуде Қазақстан халқы Ассамблея-сының мәні мен маңызы айрықша. Тұрақтылық пен татулық — егеменді еліміздің басты байлығы. Оны сақтауда біз бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Бұл ретте Семейде 14 этномәдени орталықтың бір шаңырақ астында жемісті жұмыс жасап келе жатқаны көңіл қуантады. Дегенмен де, қандай да бір түйіткілді мәселелеріңіз болса, сіздерді тыңдауға әзірмін. Өз қызметтеріңізді жандандыра түсудегі ұсыныс-тілектеріңізді тыңдағым келеді, — деді Ермак Бидахметұлы.

Өз кезектерінде бірлестік мүшелері уақыттың тығыздығына қарамастан шаһар басшысының арнайы кездесуге келгеніне алғыстарын жеткізіп, Достық үйі ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары қажеттігі туындап отырғанын айтты. Осы орайда    Ермак Бидахметұлы аталмыш сауалды назардан тыс қалдырмайтынын жеткізіп, алдағы уақытта өз шешімін табатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында қала әкімі бір топ қоғам белсенділерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

 

{jcomments on}

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС