Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

23.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Ермак Сәлімов өзінің жұмыс кабинетінде 16-17 қазан күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында пауэрлифтинг спорт түрінен өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен семейлік спортшыларды қабылдады. Жиынға сонымен қатар қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев пен жаттықтырушы, «GOLD KING» спорт клубының директоры Андрей Алтайбаев қатысты.

Андрей Алтайбаевтың айтуынша,         Екатеринбург қаласында өткен чемпионатта 4500 спортшы  бақтарын сынаған. Сайыпқырандар сайысын 10 мыңға жуық көрермен тамашалапты.

Осы әлемдік чемпионатта бақ сынаған семейлік 4 спортшы да олжалы оралған. Ересектер арасында сынға түскен Владимир Фольман мен Виктор Пряхин және ардагерлер арасында Александр Торпыныч чемпион атанып, алтыннан алқа тақса, жастар арасында Закир Найманбаев күміс медальға қол жеткізген.

Саңлақтарды жеңісімен құттықтаған қала басшысы спортшылардан әлемдік чемпионат жайлы сұрады. Кіл мықтылардың арасында оза шауып, елге олжалы оралған ауыр атлеттер чемпионаттан алған әсерлерімен бөлісті. 220 келілік зілтемірді көтеріп, чемпион атанған Виктор Пряхин әлемдік рекорд жаңартпақ болған екен.

— Қазіргі әлемдік рекорд 240 келіні құрайды екен. Мен 242,5 келіні көтеріп, әлемдік рекорд жаңартпақ болғанмын. Алайда біраз сәтсіздік болып, бұл ойым әзірге жүзеге аспады. Бірақ өкінетін ештеңе жоқ. Сәтін салса, 2016 жылы АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатында осы ойды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Еліміздің намысын абыроймен қорғау үшін дайындығымды күшейтіп, барымды салатын боламын,- деді Виктор Пряхин өз сөзінде.

Спортшылармен кездесу барысында  Ермак Бидахметұлы Андрей Алтайбаевтан қалада өткізетін жарыстары мен жалпы  жоспарлары жайлы сұрады. Қала басшысына спорт саласының дамуына қолдау көрсетіп жүргені үшін зор ризашылығын білдірген Андрей Алтайбаев қалалық әкімдіктің қолдауының нәтижесінде пауэрлифтинг спорт түрінің қаламызда қарқынды дамып келе жатқанын, бұл спорт түрінен қала және облыс бойынша жастар мен ардагерлер арасында жетістікке жетіп жүргендердің аз емес екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар қаламыздан Қазақстанның рекордын жаңартушылар мен Азия және Әлем чемпиондарының көптеп шығып жатқанын, уақыт өткен сайын осы спорт түрімен айналысушылардың қатары да арта түскенін атап өткен Андрей Алтайбаев «GOLD KING» спорт клубының кеңейтіліп, үлкен залдың салынғанын, алдағы уақытта сол жерде қалалық ашық чемпионат өткізуді жоспарлап отырғанын, оған барлық ниет білдіруші ауыр атлеттердің қатысуға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

— Дені сау адам сергек жүреді, ойындағысын жүзеге асыруына мүмкіндігі болады. Ал денің сау болу үшін және салауатты өмір сүру үшін спортпен айналысу керек, — деген Ермак Сәлімов ауыр атлеттерге аталмыш спорт түрін қаладағы алаңдарда, театр сахнасында және мектептер мен балалар үйіне арнайы барып шоу түрінде көрсетіп, насихаттауды ұсынды.

Бұл тұрғыда нәтижелі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, шоу көрсетіп, осы спорт түрін насихаттау жоспарларында бар екенін айтқан Андрей Алтайбаев қазіргі уақытта спортпен айналысуға ынталы жастардың көп екенін, сонымен қатар «GOLD KING» спорт клубына жаттығуға мүмкіндігі шектеулі жандардың да көптеп, келетінін айтып өтті.

Кездесу барысында спортшылардың ұсыныс-тілектерін тыңдаған қала басшысы саңлақтардың алдағы жарыстарына да сәттілік тіледі.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,  «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС