Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ЖҰРТТЫҢ БӘРІ ЖИЕН ЕМЕС АБАЙҒА!»

27.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Халық арасында  «тектілік» деген сөзді, «тектінің тұяғы» деген сөзді жиі естіп қаламыз. Көп сырды аңғартатын мұндай сипаттама  пендеші-ліктен, өсек-аяңнан аулақ, ауыл-аймаққа сыйлы, жаны таза, игілік, имандылық үрдістері бойына ана сүтімен дарыған адамдарға қатысты айтылып жатады.  Сондай жаратылысы ерекше, ел- жұртына  қадірлі игі  — жақсыларды еске алғанда «Артында қалған тұяғы бар ма екен, ұрпақтары тегіне тартып па?»-деп жатамыз. Халқымыздың Бас ақыны Абай ұрпақтары жайлы сөз қозғалғанда да Семейдегі ақынның жиені Балтабек Ерсәлімов есімі алдымен аузымызға ілінеді. Таяуда қолыма  «Ұлы Абайдың жиені» атты жинақты ұстап тұрып, тектілік жайлы жоғарыдағыдай ойлар санама орала берді. Балташ Ерсәлімов аға сұлтан Құнанбайдың Абаймен тетелес ұлы Ысқақтың екінші баласы Ахметбек Құнанбаевтың қызы Қапизаның жалғыз ұлы. Тектіден тараған асылдың сынығы  Қапиза ананы көзімен көрген көнекөз қариялардан естуімше, тоқсанға келгенде дүние салған Қапиза апа аса шежірешіл адам болған көрінеді. Жарынан ерте айырылып, тоғыз құрсақ көтеріп, содан қалған жалғызы Балташтың бүгінгі абыройлы ақсақал болуына ана тәрбиесінің ықпалы зор болғаны сөзсіз.

 

{jcomments on}Балташ ағаны қолыма қалам ұстап, қызметке араласқан алғашқы күннен жақсы білемін. Ұзақ жылдар бойы Республикалық Абай қорына басшылық жасап, Ұлы ақын рухына адал қызмет еткен Балташ аға жақсы нағашының атын жамылып жүргендердің қатарынан емес, керісінше, тегі жақсының ұрпағы екендігін танытып жүрген азамат дер едім. Кітаптың кіріспесінде «Өзім жетім өскендіктен бе, әйтеуір жоқ жітікке қорған боп, біреуге қол ұшымды бергім келіп тұрады.Оның үстіне бұрынғылар «Адамның күні адаммен» деп тегін айтпаған ғой. Біз бір-бірімізге неғұрлым қайырымды, мейірімді, бауырмал болсақ, тірліктегі қиындық атаулыны жеңеміз. Жақсылыққа ұмтыла түссек одан ұтылмаймыз. Қайта кейінгіге із қалдырамыз». Бұл Балтекеңнің жүректен шыққан  сөзі. Бір қарағанда күнделікті естіп жүрген қағида болып көрінгенімен, Балташ ағаны білетіндіктен сөз бен  өмірлік қағиданың арасында алшақтық жоқ екендігіне тәнті болдым. Жинақ  «Кейіпкер ғұмыры проза тілімен», «Бүгінгі күннің Кәкітайы», «Жұрттың бәрі жиен емес Абайға!», «Линия судьбы в прозе» атты тараулардан тұрады және кейіпкеріміздің өмірінің әр қилы сәттеріндегі айтулы оқиғаларға арналған құттықтауларға, суреттерге орын беріліпті.  4 тараудан тұратын осы жинақ ұзақ жылдар бойы «Семей таңы»  газетінде қызмет істеген қаламгер Ғазиз Сапаевтың «Бала бейне Балташ» атты сыр толғауымен ашылыпты. Мақаланы оқып отырғанда  жесір ананың жалғыз ұлының жетілу, өсу жолы көз алдымыздан кинолентадай тізбектеліп өте бергендей болды. Анасы Қапиза апай туралы сөз қозғағанда Балташ ағаның көзіне әлі күнге іркіліп жас келетінін байқаған едім.  Ғазиз Сапаевтың мақаласындағы баспахананың директорлығына тағайындалып келген күнгі ана қуанышы, баланың анасын қуанту арқылы бақытты бастан кешкен сәттері өзімнің де  көңіл түпкірінде жатқан анама деген сарытап сағынышымды қозғап жібергендей болды… Ал журналист Мамадияр Жақыптың «Асылдың сынығы» атты мақаласында Балташ Ерсәлімовтің достыққа адалдығы, көңілі түскен адамға көл кең мінезі  жайлы  шынайы жазылған. Ақын Мұратбек Оспанов:

 

Тойға барсаң — Балтекең,

Ойға барсаң- Балтекең,

Қаза барсаң –Балтекең,

Сырға барсаң-Балтекең,

Қырға барсаң-Балтекең,

Үлгеретін бәріне,

Балтекеңнің салты екен.

Өстіп өлең жаздырған,

Балтекеңнің қалпы екен,-деген өлең жолдарында Балташ ағаның айналасындағы адамдарға деген пейілін жырмен  айна қатесіз жеткізген.

Балтекеңнің абайтанушы інісі Асан Омаров өз естелігінде: «Балтекең қоғамның қай тобынан да өзіне дос табады. Алдыңғы толқын мен артқы толқын арасының дәнекері әрі бүкіл қоғамның түрлі таптарымен байланысы тарам-тарам екеніне сеніңіз. Қызығы сол, зейнеткерлер, әкімшілік шенеуніктері, банкирлер мен кәсіпкерлер, депутаттар, шығармашылық иелері-қай топқа да Балтекең өз адамы…» деп жазады.

Абайтанушылар  Бекен Исабаев, Төкен Ибрагимов, журналист Айтқаным Ахметбекова сынды тағы да басқа жинаққа енген авторлар шығармаларында Балташ Ерсәлімовтің өмірдегі бейнесі әдемі сомдалған. Жинақта кейіпкеріміздің игі жақсылармен сыйлас болған өмір белестерін бейнелейтін суреттер, бүгін арамызда жоқ: Қайым Мұхаметханов, Тұманбай Молдағалиев, Рымғали Нұрғалиев сынды халқының ардақты ұлдарының Балташ ағамызға арналған жүрекжарды лебіздеріне де орын беріліпті. Ақын Марфуға Айтқожина «Жұрттың бәрі жиен емес Абайға» атты өлеңінде:

Адамдардың жек көрмейтін баршасын,

Қырандайын баулып жүрген қаншасын,

Бағаланып жатқан кезде еңбегі,

Айтыңдаршы,

Балташ қалай шаршасын!? — депті. Шынында да демейтінді демеп, баулитынды баулып, ортасына сыйлы болған Балтекеңді бүгінде артынан ерген іні — қарындастары құрметтейді, еркелетеді.

Қазір кітап та, кітап жазғыштар да көбейіп кетті. Олардың арасында көтере алмайтын тақырыпты түрткілеп жүретіндері де баршылық. Менің ойымша, ардақты ақсақалдарымыздың  жүріп өткен  өмір белестері жайлы осындай естеліктердің келешек ұрпаққа берері мол болар еді. «Ұлы Абайдың жиенін» оқи отырып, осындай ой түйдім.

Риза МОЛДАШЕВА,

“Семей таңы”

Связанные новости

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

27.04.2026
Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

В рамках в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с экоактивистами посадил дерево на территории столичного парка...

Читать далее ...

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

27.04.2026
В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

Пищевое отравление – это острое инфекционное заболевание микробной или немикробной природы, возникающее в результате употребления пищи, загрязнённой болезнетворными микроорганизмами или...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

27.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына», в ходе которого рассмотрена проводимая в рамках реализации поручений Главы государства...

Читать далее ...

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

27.04.2026
Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой в Правительстве состоялось заседание республиканского штаба по организации летнего...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

27.04.2026
Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках поручений Главы государства по развитию машиностроения и импортозамещению провел встречу с руководителями ведущих зарубежных компаний...

Читать далее ...

Новости

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

7 часов назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

7 часов назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

7 часов назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

10 часов назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

10 часов назад

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

10 часов назад

В селе Кызылкесик Аксуатского района открыт пожарный пост

15 часов назад

Стартовал прием заявок на конкурс грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

15 часов назад

Аким области высадил деревья вместе с жителями Семея

2 дня назад

В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС