Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДАРАБОЗ БАТЫРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРІ СЕМЕЙ ТӨРІНДЕ

27.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының төріне тағы да бозкілем төселді. Қазақтың дарабоз батыры, даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлының жүлдесіне арналған самбодан дәстүрлі ерлер мен әйелдер арасында республикалық турнир өтті. Самбо күресінің хас шеберлерінің басын қосқан дүбірлі дода 22 – 23 қазан күндері өтіп, оған еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген 200 – ге жуық балуан қатысты. Айта кету керек, дәстүрге айналған мемориалды турнир биыл 15-ші рет ұйымдастырылды.

Жыл өткен сайын маңыздылығы артып келе жатқан турнирде биыл ҚР-ның Кубогі де сарапқа салынды. Бозкілемде бабы келіскен балуандар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Сайыс төрешісі әрі самбодан Шығыс Қазақстан құрамасының аға бапкері Біржан Имахановтың айтуынша, жыл сайын жарысқа қатысушы балуандар саны да артуда.

 

{jcomments on}- Биыл Семей төрінде төселген боз кілемге кілең мықты балуандар келіп отыр. Себебі, батыр бабамыздың атындағы додалы жарыс Әлем чемпионаты алдындағы маңызды спорттық шаралардың бірі болып табылады. Осы жерде топ жарған саңлақтар ұлттық құраманың сапына алынып, Мароккода өтетін Әлем біріншілігіне жолдама алуы ықтимал. Сондықтан да мұнда бабы келіскен самбошылар жиналып отыр. Бұл турнир арқылы көптеген спортшыларымыз шыңдалып шықты. Олардың арасында Әлем және Азия чемпиондары бар. Турнирді ұйымдастыруға атсалысқан Мейрамбек Шәкенов, Мерей Көшкінов, Қайрат Құнсафин және өзге де демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз. Өткен жылы спорттық самбомен қатар әскери самбоны да жарыс тізіміне енгізген едік. Осы жылы тек дәстүрлі самбомен шектелуді жөн көрдік. Жалпы, бұл күрес түрі өңірімізде жақсы жолға қойылған. Республикалық сындарда шәкірттеріміз үнемі тек үздіктердің қатарынан көрініп жүр. Жаһандық бәсекелерде де семейлік самбошылардың бағы жанып жүр. Олардың қатарына самбодан жастар арасындағы Әлем чемпионы Зере Бектасқызы және бірнеше халықаралық турнирлерде жүлдегер атанып жүрген Ерасыл Қажыбаевты айтуға болады. Зере қазіргі таңда дзюдодан Абу-Даби қаласында өтетін халықаралық «Grand slam» додасына соңғы дайындықтарын пысықтау үстінде, — деп нақтылады Біржан Имаханұлы.

 

Сайыстың ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова және Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысты. Сонымен қатар Бейсенбек Тоқтарбекұлы өңірімізде самбо күресінің дамуына үлес қосып, өңір спортының өркендеуі жолында абыройлы іс ақарып жүрген бір топ азаматтарды  марапаттады. Олардың арасында облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Б. Имаханов, самбо күресінен жастар арасында Әлем чемпионы Қ.Құнсафин мен өзгеде спорт майталмандары болды.

Бозкілемдегі белдесулер кезінде жерлес саңлақтар Ерасыл Қажыбаев және Назгүл Елмұратовамен тілдесудің сәті түсті. Қос семейлік өреннің алдына қойған мақсаттары біреу – олимпиада шыңын бағындыру, қазақтың Әнұранын асқақтатып, көк байрақты желбірету.

— Аса ауыр салмақта белдесемін. Қазақ жұрты рухы мығым ұлттардың бірі екені мәлім. Сегіз жыл көлемінде самбомен айналысып келемін. Бірнеше халықаралық бәсекелерде бағымды сынап, жеңімпаз атандым. Жаттықтырушыларым Ержан Жантасов пен Мерей Көшкінов. Әр спортшының асқақ армандарының бірі — олимпиада ойындарына қатысу. Мен де сол ар-манға жету жолында табанды жаттығуларға ден қойып жүрмін. Бүгінгі келіп отырған қарсыластардың барлығы мықты. Дегенмен де асығым алшысынан түсіп, тұғырдың биігінен көрінермін деген үмітім жоқ емес, -дейді Ерасыл Қажыбаев.

Ал нәзік жандылар арасында семейдің намысын жеңіл салмақта қорғап жүрген Назгүл Елмұратова да болашағынан зор үміт күттіреді

— Самбодан өткен соңғы ел біріншілігінде бірінші орын алдым. Болашақта дүние-жүзілік бәсекелерде топ жарып, ел намысын асқақтатсам деген арманым бар, — деді Назгүл сұқбат барысында

Екі күнге созылған жарыста командалық есепте ШҚО төртінші мәрте ҚР-ның Кубогін иеленді. Ал екінші орын Алматы қаласының, үшінші орынды Ақтөбе облысының  құрамалары еншіледі. Жекелей салмақтарда жерлестеріміздің бағы жанып, ерлер арасында 68 келіде Әуез Демежан, 74 келіде Елдар Бейсембаев, 82 келі салмақ дәрежесінде Айдар Жұматов және 100-ден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаевтың мерейі үстем болды. Қыздар арасында, 52 мен 68 келіде Назгүл Елмұратова мен    Еркежан Әнуарбекованың бағы жанды.   Командалық сайыста бұрымдыларымыз екінші орыннан көрінді. Жарыс жеңімпаздары желтоқсан айында Атырауда өтетін Азия чемпионаты мен келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын ҚР Президентінің жүлдесіне арналған Әлем Кубогі кезеңінде бақтарын сынайды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС