Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІЗДІҢ ТАРИХ — ОЛ ДАҒЫ ҚАЛЫҢ ТАРИХ…

27.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қайнар ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Абыралы елінің тарихы туралы аймақтық ғылыми конференция басқосуы болып өтті. Бұл елеу- лі шараға алыс-жақыннан жиналған қадірменді меймандармен қатар, осы өңірдің тумалары, бүгінде аймағымыздың әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген ел азаматтары, еңбек ардагерлері де келді.

Аталмыш шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов та арнайы қатысты. Сонымен қатар Семейден барған меймандар қатарында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары да болды. Конференция қонақтары ең алдымен «Бабалар ерлігі — Тәуелсіздік тірегі» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ал осыдан соң, атаулы күннің естелігі ретінде тал көшетін отырғызу рәсіміне кезек берілді.

Бұл күні Қайнар Мәдениет үйінің кең залы жергілікті тұрғындарға лық толған еді. Конференция шымылдығын «Қайнар» халық театрының «Мәңгілік Ел – мақсатым да, мұратым»  атты сахналық әдеби музыкалық қойылымы түрді. Қастерлі Абыралы топырағы қазақ елінің сан тарау тарихына куәгер. Бұл ретте, бүгінгі ұрпақтың ел азаттығы жолындағы кешегі ерлігіне тағзым жасауы сүйсінтерлік іс.

 

{jcomments on}Осыдан кейін жиынның ресми бөлігі бастау алды. Алдымен еңбек ардагері, қоғам қайраткері, қаламгер, осы өңірдің тумасы  Сейтмұхамет Тәбәріковтің «Кәмилә-Мұхтар жұмбағы»  атты  кітабының тұсаукесері өтті. Алаштанушы ағамыздың тың туындысы қазақтың маңдайалды жазушысы өмірінің көпшілік біле бермейтін беймәлім тұстарынан сыр шертеді екен. Өз сөзінде кітабы жайлы пікір білдірген ардагер аталмыш еңбегінің ұзақ жылдар бойғы үзіліссіз ізденісінің жемісі екенін үлкен толғаныспен атап өтті. Рухани-мәдени салада елеулі жаңалық саналатын аталмыш туынды қазірдің өзінде оқырманның ыстық ықыласына ие болуда. Кітаптың әсерлі өткен таныстырылымының жалғасы Семей қалалық Достық үйінің «Достық керуені» атты концерттік бағдарламасына ұласты. Өнерпаздар аталмыш конференцияға жоғары даярлықпен келген екен.

 

Тәуліктің екінші жартысында конференцияның негізгі тақырыбы қоз-ғалды. Атап айтсақ, Абыралы өңірінің тарихы туралы келелі пікірлер ортаға салынып, тұщымды баяндамалар жасалды. Көпшілік алдында сөз алған Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев, еңбек ардагері, қоғам қайраткері Сейітмұхамет Тәбәріковтер осынау өңірдің қиын да, қасіретті тағдыры жайлы айтып өтіп, Абыралының қазақ жұртына берген мақтаныштарын да жеткізе кетті. Бұл ретте, өңірдің тарихын әлі де жете зерттеп, өлке шежіресінің ақтаңдақ беттері жайлы жаңашыл көзқарастағы пікірлерге иек артқан жөн. Осы орайда Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы қорындағы Абыралы ауданының құжаттары жайлы баяндама жасаған осы орталықтың құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Лаура Қадырованың   деректері жиналған көпшілікке ой салды. Сондай-ақ, жас тарихшы Асқар Құмардың да зерттеу еңбегі атап өтуге тұрарлықтай екен. Ақбұлақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Гүлназия Құсайынованың «Абыралы-Сарыарқаның кіндігі» атты мән-мағынасы айрықша баяндамасы да аталмыш өңірдің біз білмейтін географиялық ерекшеліктері туралы деректі мәліметтерге қанықтырды.

Осылайша, конференция отырысы қорытынды сәтке де жеткен еді. Қатысушы тарап жиын барысында қозғал-ған тақырыптар бойынша ортақ мәміле жасасып, тиісті ұсыныстар қабылданды. Нақтырақ айтсақ, Абыралы өңірінің өткен тарихы, ел мен жер шежіресі, өңірдегі ел өміріне айрықша ықпал еткен оқиғалар мен ел азаматтары еңбектері жайлы баспа бетте-рінде танымдық материалдар жариялап, келешек ұрпақ үшін тағылымдық мол мұра қалдыру көзделуде.

Сонымен қатар осы күні қала әкімі Ермак Сәлімов Қайнар ауылындағы жергілікті жұртшылықпен тікелей жүздесіп, өтініш-тілектеріне де құлақ түрді. Ауылдықтар тарапынан негізінен Қайнар-Семей күре жолының жағдайы қозғалды. Сондай-ақ жекелеген отбасылардың жанұялық сауалдары да қойылды. Сұрақтарға жауап қайырған Ермак Бидахметұлы өңір бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтіп, тұщымды жауап қайырды. Қала әкімі сонымен қатар ауыл ақсақалдарымен жүздесіп, өңірдің рухани-мәдени һәм әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы жайында пікір бөлісті, келелі кеңестеріне құлақ түрді.

Бір бұл емес, қала әкімі Қайнар ауылындағы мал сою алаңында да болды. Қазіргі күні қасапхана санитарлық-нормативтік талаптарға сай қалыпты жұмыс істеп тұр. Тек жергілікті тұрғындардың шикізат түріндегі мал өнімдері, яғни, төрт түліктің терісін өткізу мәселесі көтерілуде. Бұл жайында Семей тері-мех комбинатының директоры Жұмағазы Рахымғалиев пікір білдірді.

Бұл күн қайнарлық тұрғындар үшін айрықша болғаны анық. Себебі Семей қаласы маңындағы көкөніс өсірумен шұғылданатын шаруа қожалықтарының күзгі өнімдері ауылдықтарға арзан бағамен ұсынылды. Әсіресе, «Мұздыбай-1», «Агрофирма Приречное» ЖШС-нің сапалы картоп, орамжапырақ, пияз сынды азық-түліктері көтерме бағамен мол көлемде саудаланды. Сонымен қатар қаладағы кондитерлік фирмалар мен тігін цехтарында өндірілген қыстық жылы киім-кешектер де арзанға сатылды.

Қ.ӘЛІМБЕК,

Абыралы-Семей

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС