Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨЛІК АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?

27.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның жұма күні қалалық әкімдікте шаһарымыздағы қоғамдық көлік қатынасы қызметін жүргізетін мекемелер басшыларының қатысуымен басқосу өтті. Жиында жолаушы тасымалындағы тариф мәселесі, қала ішілік бағыттар бойынша қатынайтын көліктердегі қызмет сапасы сынды бірқатар мәселелер сөз болды.

Жиынды алғысөзбен ашқан қала әкімі Ермак Сәлімов ең алдымен көлік қатынасы бойынша жүргізілген комиссия жұмысының қорытындысымен танысты. Осы орайда  9 қыркүйектен қазан айының 13-не дейінгі аралықта арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына әкімдіктің бөлім қызметкерлері, салық органының мамандары және қоғамдық ұйымдар өкілдері мүше болған еді. Олар қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер қызметін зерттеу нысанына алып, арнайы мониторинг жүргізді. Басты мәселелер қатарында жанар-жағармай және техникалық жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығынды есептеп шықты. Сондай-ақ жүргізушілер мен кондукторлардың жалақы мөлшері де назардан тыс қалмады. Анықталғандай, жолаушы тасымалдаушылар ұсынған нормативтік құжаттар бойынша, жүргізілген жұмыстар толықтай сәйкес келеді. Сонымен қатар аталмыш сала бойынша елеулі түрде шығынның да бар екені байқалмай қалмаған. Қорытындылай келгенде, жасалған сараптама нәтижесі бойынша тарифті жоғарылатуға негіз бар деген сөз.

— Арнайы құрылған жұмыс тобы 13 қазанға дейінгі аралықта қаламыздағы барлық жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің шығындарын есептеді. Оның аясында көліктердің жылдық жүріс көлемі, техникалық жөндеу мен тексеруге жұмсалатын қаражат  және жалақы мәселелері де қамтылды. Қорыта келгенде, жолаушы тасымалы бойынша тарифті көтеру жөнінде мәселе көтеруге болады, — деді аталмыш мониторинг бойынша жетекшілік еткен қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов.

Өз кезектерінде жолаушы тасымалдаумен айналысушы мекемелер басшылары да сөз алды. Мәселен, Олег Белоусовтың сөзіне сүйенсек, мониторинг жүргізу кезінде жүргізушілер кесте бойынша жұмыс істеп, қалалықтар үшін талапқа сай қызмет көрсеткен. Тек сынып қалғандары болмаса, тасымал барысында бағытты тастап кеткендері жоқ. Алайда  қала әкімі қоғамдық көлік жүргізушілерінің мониторинг өткізілгеннен кейін, дәл осылай сапалы қызмет ететініне қаншалықты кепілдік бар екенін сұрады. Себебі тарифті жоғарылату — қызмет көрсету сапасымен тығыз байланысты.

— Тарифті жоғарылатудан жалтара алмаймыз. Бұл жөнінде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеді, өз пікір-қорытындыларын айтты. Прокурорлық ескертулер де бар. Жұмсалатын шығын көлемін есептей келгенде, тасымалдаушы мекеме басшыларымен келісуге болады. Алайда тариф туралы жаңа шешім қабылдағанымызбен одан жолаушыларға қызмет көрсету сапасы қаншалықты жоғарылайды? — деп атап өтті өз сөзінде қала әкімі. – Автобустар соңғы аялдамаға дейін жетіп, кестедегі тәртіп сақталуы тиіс. Және әрбір қалалық бұл жайында білуі керек. Сіздер бізге өз қызметкерлеріңіздің жұмыс істеу мәдениетінің жоғарылайтыны туралы кепілдік бере аласыздар ма? — деді Ермак Сәлімов жолаушы тасымалы қызметін жүргізушілермен әңгіме барысында.

Жиын барысында айтылғандай, қазіргі таңдағы экономикалық ахуал қала ішілік бағыттар бойынша жол жүру билетінің қымбаттауына әкеліп тірейді. Яғни, алдағы уақытта билет құнын жоғарылатылған тарифке сәйкес, 80 теңге етіп белгілеу туралы мәселе көтеріліп отыр. Тек осының аясында қойылатын басты шарт — қоғамдық көліктердің санитарлық тазалығы, қызмет көрсету сапасы да артуы тиіс. Ендігі аралықта мықтап айналысатын мәселе осы болып отыр.

Қала әкімі Ермак Сәлімов жолаушы тасымалы бойынша қадағалау шарасы алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретінін айтып өтті. Бұл ретте ТҮКШ жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрихқа арнайы тапсырмалар берді. Ал өз кезектерінде қоғамдық көлік қатынасы қызметін жүргізетін мекеме басшылары қызмет сапасын арттыруға уәде берді. Осы орайда олардың да тұрғындарға айтар өтініштері бар екен. Атап айтсақ, қоғамдық көлік қызметіне байланысты жағымсыз пікір айтудың қажеті жоқ, одан да талапқа сай қызмет көрсетпеген көліктің мемлекеттік нөмірін, қай бағытта қатынайтынын жазып алып, уақыт өткізбей автопарк басшылығына хабарлауы керектігін жеткізді.

Ал тарифтің жоғарылауы жайындағы шешім қалалық мәслихат депутаттарының кезекті отырысында ортақ талқыдан өткен соң ғана қабылданып, билет бағасының көтерілер күні белгіленетін болады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС