Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ҮШІН ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕР ТАБЫЛДЫ

30.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда Семейдегі мұрағат қызметкерлері БАҚ өкілдері мен өлкетанушы ғалымдардың басын қосып, ерекше шара өткізді. Атап айтар болсақ, қала мұрағатшылары Ресейдің бірқатар қалаларында болып, ондағы архивтерде сақталған Семей шаһарына қатысты тың деректерді жинастырып қайтқан болатын. Санкт-Петербург, Мәскеу, Омбы, Новосібір, Барнаул сынды шаһарларда болған мұрағатшылар елімізге жалпы көлемі 508 жинақтан тұратын көлемді деректі істердің көшірмесін әкеліпті. Сонымен қатар ҚР Президенті мұрағаты, ҚР орталық мұрағатынан алынған құжаттар бойынша да арнайы тізімдеме жасапты. Оның ішінде өткен ғасырлардағы Семей қаласының өмірі, өндіріс ошақтары, теміржолы мен өзге де көптеген салаларына қатысты тың мәліметтер мен сирек кездесетін ерекше фотосуреттер мол екен.

Аталмыш шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Әр саланы қамтитын мол мағлұматтар ішінен Семей өміріне, жекелеген танымал тұлғалар өміріне қатысты соны деректерді жеке екшеп алуға болады. Әсіресе, Новосібір мен Омбы қалаларының шаң басқан архивтеріндегі Семейдегі тау-кен өндірісі туралы мәліметтер қызығушылық тудырады. Сонымен қатар шаһарымызда әр жылдарда басшылық қызметте болған жандар мен қазақ халқы үшін айтулы еңбек сіңірген қоғам қайраткерлерінің де жеке іс-парақтары, хаттамалар мен нұсқау түріндегі құжаттар бар. Жиналған мол деректерден осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы қаланың экономикалық-әлеуметтік һәм қоғамдық ахуалын бағамдауға болады. Сонымен қатар тағы бір мәлімет – ХХ ғасыр басында сауда-логистика саласында қазақ даласы мен Сібірдегі ең ірі орталық саналған Семейдегі халықаралық сауда қатынасы мен көлік түрлерінің, оның ішінде әр жылдардағы теміржолдағы жүк тасымалының көлемі жайында да тұщымды мағлұматтарды кездестіруге болады.

Бір бұл емес, табылған құжаттар арасында өңіріміздің қилы тарихы, атап айтсақ, 1917 жылдардағы азамат соғысы жайында да тұщымды деректер бар. Мәселен, Семейдегі Колчак үкіметінің қалада жасырын құрылған большевиктерді әшкерелеуі, шаһардағы халық толқуы, ашаршылық жылдар нәубеті сынды ақтаңдақтар бар.

Шара тұсаукесерінде кіріспе сөз сөйлеген Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының директоры Гүлнар Қасымова мұрағатшылар жұмысының жемістілігі жайында кең көлемде тоқталып өтті. Бұл айтылғандар – 1791 мен 1933 жылдар аралығындағы Семей өмірін қамтитын құнды мағлұматтардың тек бір парасы ғана.

Басқосу барысында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Амантай Исин табылған құнды құжаттар туралы пікір білдірді. Соны деректер өңірдегі өлкетанушылардың зор қызығушылығын тудыратыны анық.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС