Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІ САУДА КӨРМЕСІН ӨТКІЗДІ

30.10.2015
FacebookWhatsappTelegram

Аптаның сәрсенбі — бейсенбі күндері Семейдегі «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығында Қытай Халық Республикасының ШҰАР ауданы кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті. Бұл жолы аталмыш жаңа нысанда көршілес елдің ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші компаниялары өкілдерінің 10-шы көрмесі өңір тұрғындарына есік ашты.

Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданы Шығыс Қазақстан облысымен ең сенімді сауда әріптесі саналады. Тіпті, екі мемлекет арасындағы тауар айналымының басым бөлігі осы аймақтар арқылы өтетіні белгілі. Бұл жолы да қытайлық кәсіпкерлер мол өніммен келіпті. Таң алагеуімнен сауда сөрелерін өз тауарларымен толтырып тастады.

Көпшілікке негізінен көкөніс, азық-түлік, түрлі тұрмыстық бұйымдар ұсынылды. Арасында қазақы нақышты тауарлар да кездесіп жатты. Мәселен, ою-өрнекпен әшекейленген әмиян, орындық, төсек жабындылары, түскиіз келушілер назарын бірден аударды. Сонымен қатар ұлттық тағам түрлері де жәрмеңкенің басты ерекшелігі болды. Мәселен, Шәуешек қаласындағы «Асар» ЖШС шығарған түрлі талқан өнімдері арнайы қораптармен сатылды.

— Біздің зауытымыз 17 түрлі өнім шығарады. «Мұсылманша» атты тауар белгісі бойынша табиғи таза жарма түрлерін негізінен ішкі нарықта саудалаймыз. Ал бүгінгі бидай, арпа, жүгері, тары талқандары мен жентті арнайы қорапталған қалыпта алғаш рет Қазақстанға әкеліп отырмыз. Алайда семейліктердің басым көпшілігі бұл дәстүрлі тағам түрлерін біле бермейді екен. Мәселен, біздің зауытымызда өндірілетін «шай жент», «май жент», құйрық майға қуырылып бөрттірілген бидай сынды дастарқан сәнін келтірер тағамдарды бүгінде тіпті қытай ұлты да көптеп сатып алады. Сонымен қатар көршілес Моңғолияға да саудалаймыз. Жалпы, осы сапарымызда қандай    тауар түрі өтімді екенін анықтап, Қазақстанның Шығысынан жаңа әріптестер тауып, сауда айналымын дамыту негізгі мақсатымыз, — дейді Шәуешектегі «Асар» ЖШС директоры Бауыржан Төлешұлы.

Сонымен қатар қытайлық тауар көрмесі барысында «Руи Хуа Кран» компаниясының ауылшаруашылық техникалары үлгілерінің таныстырылымы да өтті. Ынта білдірген семейліктер түрлі машиналарды тапсырыспен Қытайдан алдыра алады. Сонымен қатар  ШҰАР-дың Тарбағатай ауданынан келген «Юң Шың» ЖШС, Дөрбілжін ауданынан келген «Қара қыз» ЖШС өнімдері де семейліктер назарын аударды.

Ал осы сәттерде нысан ауласында қытайлық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің 10-шы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатқан болатын. Көпшілік алдында сөз алған қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров қытайлық әріптестерге  алғыс білдіре отырып, екі елдің қос аймағы арасындағы сауда әріптестігі алдағы уақытта жаңа қырынан көрініс табатынына сенім білдірді. Ал ҚХР ШҰАР ауылшаруашылық компаниясының басшысы Жың Шуиң ханым өз сөзінде Қазақстандағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында байырғы Жібек жолын қайта жаңғыртып, екі елдің арасындағы достық, ынтамақтастық, сауда һәм әріптестік қатынастарды дамытудың маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар осынау көрмені ұйымдастыруға ықпал етіп, қошеметпен қарсы алған Семей қаласы әкімдігіне алғыстарын білдіретінін жеткізді.

Жалпы, бұл күнгі шара барысында Қытай елінен келген 30 фирманың тауарлары келушілер назарына ұсынылды. Аталмыш жәрмеңкенің екі жақты сауда айналымына ықпал етіп, қос елдің кәсіпкерлеріне іскерліктің жаңа көкжиектерін ашатыны анық.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС