Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТЕМІР ЖОЛ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

06.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру  аясында өңірлер қуаттылығын арттыруда теміржолшылар мен жергілікті билік арасында бірлесіп шешер мәселелер көп. Міне, аталмыш мақсатта алдағы уақытта Семей жол бөлімшесі басшылығы әкімдікпен бірлесіп, нақты іс-шаралар  жоспарын орындауға көшпек. Бұл жайында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Семей жол бөлімшесі мекемелерін аралауы барысында талқыланды.

Темір жол саласының ел шығысындағы экономикалық әлеуетіне қосар үлесін бағамдау мақсатында және жергілікті сала мамандарының тыныс-тіршілігімен танысу үшін қала басшысы алдымен бірқатар мекемелерді аралады. Семей станциясында болып, пойыздардың маневрлік қозғалысы, вагондарды сұрыптау және қауіпсіздік шараларымен танысты. Қазіргі күні телімдегі контейнерлік жылжымалы құрамдардың жүріс өнімділігі үш есеге дейін артқан. Өндірістегі жетістіктермен танысқан Ермак Бидахметұлы сұрыптау дөңесіндегі үдеріс барысына да қанықты.

 

{jcomments on}Сондай-ақ Семей локомотив пайдалану депосына келген өңір басшысы отандық өнім Эволюшн тепловоздарының қызметі мен машинистер еңбегіне куә болды. Депо жұмысымен директоры Д. Ыдырысов таныстырды. Қазіргі күні локомотив шаруашылығында да компьютерлендіру ісі жолға қойылған. Мәселен, машинистер бригадасын жұмысқа жіберу барысындағы автоматтандырылған тексеру, ұшақ «қара жәшігі» тәрізді, тепловоз кабинасындағы іс-әрекеттердің  дыбыс жазбасын сақтайтын қондырғы қызметі сияқты  шаралар жаңашыл технологиялар аясында жүзеге асып отыр.

 

Осы ретте локомотив шаруашылығында қолданылатын  құрылысқа арналған құмның қажеттілігі жайында сөз қоз-ғалды. Локомотившілер оны іргелес облыстан жеткізеді екен. Өңір басшысы жергілікті құмды арнайы сараптамадан өткізіп, қолданысқа енгізуді ұсынды. Бұл тарапта атқарушы билік көмек жасауға әзір.

Ермак Бидахметұлы отандық Эволюшн тепловозының кабинасына кіріп жұмыс орнының жайлы екенін көрді. Тіпті машинист орнына отырып, аталмыш қызмет ерекшеліктері жайлы да сұрастырды.

Осыдан кейін Семей жол бөлімшесінің диспетчерлік орталығына келген қала басшысы пойыз қозғалысын қадағалау қызметіне қанықты. Бөлімшеге қарасты  станциялар мен телімдер осы арадан бақыланады екен.

Ал сапарының қорытындысында қала әкімі Ермак Сәлімов бөлімшенің мәжіліс залында сала мамандарымен кездесу өткізіп, бөлімше басшыларымен келелі мәселелер қатары сарапқа салынды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалының басшысы Марлен Көкірекбаев сала мамандарының ағымдағы жылғы жетістіктері жайлы ақпараттандырып өтті.

— Бүгінде, жаһандық дағдарыс салдарына қарамастан, бөлімше бойынша жүк тасымалы айтарлықтай кеміген жоқ. Мәселен, осы кезеңге дейін Дегелең станциясында 900 мың тонна көмір тиелініпті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Маусымдық жағдайға байланысты жүк тасымалының 62 пайызын қатты отын құрайды. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпорындар өндіретін құрылыс материалдары да басымды үлеске ие. Оның ішінде цемент пен орман шаруашылығының өнімдері мол, — деді Марлен Кәрімұлы өз сөзінде.

Ал Ермак Бидахметұлы бүгінде 6 мыңнан аса еңбеккері бар ҚТЖ-ның Семейдегі филиалы облыстағы ең ірі салық төлеуші мекеме екенін айта келе, аймақтағы әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешуде ортақ келісім қажет екенін айтты. Мәселен, шпал мен өндіріске қажетті құм алуда жергілікті кәсіпкерлерге қолдау жасауға шақырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Семей өңірін дамытуға бөлінген 1 млрд. 800 млн. теңгені игеруде шаһардың әлеуметтік ахуалын жақсарту көзделіп отырғанын жеткізді. Бұл ретте темір жол вокзалы алаңын абаттандыру көзделуде.

Тағы бір жайт — жергілікті бюджетке 700 млн.-нан аса қаражат теміржолшылардың салығы есебінен түседі екен. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы          бойынша, қаланың қаржы қоржынын өзінде қалдырып, одан тиісінше қаражат бөлу арқылы шаһарды көркейту ісі жолға қойылып отыр. Ал креативті бастамалары мол бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы бұл ретте, темір жол ауданын көріктендіру жоспарын ұсынуда. Бұл шаралар алдағы уақытта бірлесіп атқарылмақ.

Осыдан кейін теміржолшылардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Сала мамандары бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Мәселен, бөлімше қызметкерлері жұмыс орнынан кешкі 21. 00-де қайтатындықтан, қоғамдық көлік қатынасы қиындық тудырады екен. Бұл мәселенің  қазіргі күні қарастырылып жатқанын жеткізген қала әкімі қоғамдық көлік жүргізушілермен қызу жұмыс жүргізіліп жат-қанын айтты. Мұнымен қатар қала ішіндегі темір жол желісі бойындағы санитарлық тазалық шараларын бірлесіп атқару жайы да сөз қозғалды.

Жалпы, бөлімше басшылығына Марлен Көкірекбаев тағайындалғалы бері, облыстық һәм қалалық билік өкілдері темір жол саласына оң назар аудара бастады. Бұл бірінші кезекте теміржолшылардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға оң септігін тигізуде. Мәселен, жуырда ғана облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев шаһар бюджеті есебінен  Дегелең станциясы теміржолшыларының игілігіне құны 9 млн. теңге болатын көп функциялы корд салуға ықпал етті. Бұл шара бүкіл ҚТЖ бөлімшелері арасында елеулі орын алады. Аталмыш басқосуда да теміржолшылар игілігін еселер осы тәріздес мәселелер жайында сөз қозғалды.

Ал шара қорытындысында Марлен Кәрімұлы Елбасы саясаты басымдықтарын Семей өңірінде жүзеге асыру жолында қарқынды іс бастаған қала басшысына теміржолшылар тарапынан да елеулі қолдау болатынын жеткізіп, бөлімшеге жасаған арнайы жұмыс сапары үшін алғыс білдірді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС