Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛ АҚЫСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАЛА БАСШЫСЫ ҚАРСЫ

06.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі қоғамдық көлік тасымалымен айналысушы мекемелердің басшылығы ырыққа көне бастады. Осыған дейін тариф құнын жоғарылату жайлы сөз қоз-ғап келе жатқан жолаушы тасымалдаушылар қарашаның 10-шы жұлдызынан  бастап жол жүру ақысын ересектер үшін 75 теңге, ал балалар үшін 35 теңге етіп бекітуге бекінген болатын. Алайда қалалық әкімдікте өткен кездесу барысында бұл шешімнің заң талаптарына қайшы екендігі айтылды.

Жергілікті атқарушы билік пен қоғамдық жолаушы тасымалдаушы мекемелер арасындағы    шиеленісті әңгіме бұл жиында жаңа қырынан өрбіді. Қала әкімі Ермак Сәлімов жолаушы тасымалымен айналысушыларға қарашаның 10-нан бастап жол ақысын көтеру туралы шешімдерінің негізсіз екенін дәлелдеп берді.

 

{jcomments on}- Қаладағы тасымалдаушылар бұл жолы орынсыз шешім жасап отыр. Тұрғындарға жол жүру ақысын көтеру туралы негізсіз хабарландырулар жасаған. Біздің соңғы отырысымызда тарифті жоғарылатпас бұрын тағы бірнеше іс-шаралар мен келісімдердің жүзеге асырылатыны туралы айтылған еді. Мәселен, аталмыш шешім қалалық мәслихат қарауына ұсынылып, бекітіліп, содан соң БАҚ құралдары арқылы жариялануы тиіс болатын. Ал мұның бірде-бірі орындалмастан, жаңа тариф құнына көшу туралы, ресми орындардың келісімінсіз, шешім жасалған, — деді жиын беташарында қатқыл сөйлеген қала әкімі.

 

Бір бұл емес, әкімдіктегі аталмыш мәселемен айналысушы мамандардың айтуынша, жолаушы тасымалдаушы мекемелердің тарифті көтеру туралы пікіріне қарсы уәж бар. Яғни, кәсіпкерлердің дәлелі мен дәйегі жеткіліксіз болып тұр.

— Біздегі қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қалаішілік бағыттардың жүріс көлемі 15,6 пайыздық нормаға сәйкеспейді. Сонымен қатар жанар-жағармайға жұмсалатын шығын көлемі жайлы бізге тек ауызша ғана мағлұмат берілген. Бухгалтерлік есеп мүлдем жоқ. Техникалық жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражат туралы да      нақты, шынайы мәліметтер жоқтың қасы. Жолаушы тасымалының айналым көрсеткіші үш есе төмен екендігі де анықталды. Ал есептік көрсе-тілімде басқаша айтылған. Мұның сыртында қаламыздағы автобус паркінің ұзақ жылдар бойы жаңартылмағанын да есепке алайық. Қызмет көрсету сапасы да дәл солай. Бұдан өзге де жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысы тәрізді дәйексіз мәліметтер де жетерлік, — деді қала әкімі өз сөзінде.

Ал жиынға қатысушы жолаушы тасымалымен айналысушы тарап бұл жайттарға мардымды жауап айта алмады. Тек қана «жылу мен судың тарифі көтерілді, ендігі кезек жол ақысынікі, дәл бізге келгенде мәселенің басқаша өрбитіні қалай?» деген тәрізді жалаң эмоциямен шектелді. Сонымен қатар «әкімдікке бухгалтериямызды көшіріп әкеле алмаймыз» деген тәрізді жалтарма жауап қайырған болды.

Жалпы, аталмыш мәселені тиімді тұрғыдан шешуде нақты заңдылықтарға сүйену қажеттігін алға тартқан Ермак Бидахметұлы ендігі аралықта нағыз мамандардың пікіріне жүгіну керектігін айтты. Атап айтсақ, таяу аралықта қаламызға Алматы қаласынан қоғамдық көлік қозғалысы мәселелерін зерттеумен айналысатын арнайы топ келмек. Қазіргі күнгі қалыптасқан шиеленісті жағдайдан арнайы топтың анықтаған деректері алып шығуы мүмкін. Бұл айтылғандарды жолаушы тасымалдаушы кәсіпкерлер ауыр қабылдады. Тіпті қаламыздағы ірі автопарк «Азия Комби» ЖШС директоры Владимир Филичкин қызды-қыздымен: “Егер тариф жоғарыламайтын болса, автобустар бағыт бойынша жолға шықпайды”,- деп те айтып қалды. Алайда жиынға қатысып отырған қала прокурорының орынбасары Марат Турубаев бұл мәселеге қызба мінезділік танытудың қажеті жоқ екендігін алға тарта отырып, автопарк директоры айтқан мәселенің заң талаптарына өрескел қайшы екенін дәлелмен түсіндіріп берді. Тек осыдан кейін ғана басқосудағы жолаушы тасымалдаушылар сабасына түскендей болды. Дегенмен  бұл тараптағы мәселелерге әлі нүкте қойылған жоқ. Қоғамдық көлік қатынасындағы тәртіп пен қызмет сапасы қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатаң назарында тұр.

Хош. Газетіміздің өткен нөмірлерінде шаһар басшысы Ермак Бидахметұлының қоғамдық жолаушы тасымалы саласын қатаң назарға алғаны, тіпті жұртшылықпен бірге қала аялдамаларында сағаттап автобус күткені жайында да айтқан болатынбыз. Мәселен, Шығыс саяжай алабына қатынайтын № 45 бағыттағы автобусты бір сағаттан астам уақыт күткені де оқырман  жадында болар. Сонымен қатар № 35-ші автобусқа мініп, Юбилейныйдан Восход кентіне дейінгі аралықты жүріп өтіп, жолаушылар пікіріне де құлақ түрген болатын. Осы ретте қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасына көңілі толмаған Ермак Сәлімов қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрып, қаладағы жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер жұмысына 1,5 ай көлемінде мониторинг жүргізді. Салық органы, прокуратура, ТҮКШ бөлімі мамандары қатысқан шара барысында бірқатар жайттың беті ашылған болатын. Айтайық дегеніміз ол емес, дәл осы мониторинг мерзімінде жолаушы тасымалдаушылар өз қызметтеріне кір келтірмеуге тырысып баққан болатын. Алайда мониторинг мерзімі тәмам болған соң, қызмет көрсету ісі «баяғы жартас» қалпына қайта түскен тәрізді. Оған соңғы апталардағы қалаішілік бағыттар қызметіне жасаған өз зерттеуіміздің нәтижесі мен жолаушылар уәжіне қарап көз жеткіземіз.

Мәселен, қалаға Шығыс саяжай алабынан қатынайтын № 50-ші шағын автобустың соңғы аялдамасы — шаһардың 20-шы ықшам ауданы аумағы. Алайда, аталмыш бағыттағы жүргізушілер бір емес, бірнеше мәрте діттеген жерге жетпей, «Жансая» базарының аумағынан кері бұрылған. Яғни, базардан отыратын екі-үш жолаушыны алмай кеткен. Бұл қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы «Технологиялық кітапхана» екенін ескерсек, жол-жөнекей аялдамалар — психологиялық диспансер, «Семей» колледжі, 20-шы ықшам ауданы тұрғындары аталмыш бағытқа қатынайтын № 3-ші автобусты күтулеріне тура келеді. Сол себептен де жолаушылар үшін қолайсыздық бар.

Екінші анықталған келеңсіздік, темір жол вокзалы аумағынан қаланың сол жағалауына қатынайтын қоғамдық көліктер кешкісін 20. 00, 20. 30 шамасында-ақ (демалыс күндері одан да ерте) тоқтап қалады екен. Ал вокзал маңайында іргелі мекемелер көп. Мәселен, Семей жол бөлімшесі, жол дистанциясы, электрмен қамту мекемесі, вагон пайдалану депосы, темір жол ауруханасы, колледждер мен мектептерден және өзге де жұмыстан кеш қайтатын семейліктердің кешкі мезгілдегі көлік қатынасына наразылықтары жоғары. Әсіресе  жұмыстан кешкі 21. 00-де шығатын ауысыммен жұмыс істейтін темір жол диспетчерлері қалалық әкімдікке шағым да жолдапты.

Үшінші кезектегі мәселе — шағын автобустардың балалар мен жасы 70-тен асқан қарияларды алмай кету фактілері. Бұл енді жүргізушілер мен кондукторлардың жеке мәдениетіне де байланысты мәселе деп білеміз.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС