Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ӨНІМДІЛІК — 2020» — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

11.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық әкімдігінде қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеровтің төрағалығымен «Өнімділік — 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Семинарға қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, кәсіпорын басшылары және кәсіпкерлер қатысты.

Аталмыш жиында «Қазақстан индустриясын дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Тұрлыбаев және қолдау құралдарының орталығы директорының орынбасары Диас Серіков шаһардың кәсіпорын басшылары мен  өкілдеріне бағдарламаның жаңа мүкіндіктері бойынша түсініктеме берді. Семинар-кеңесте алғаш болып сөз алған «Қазақстан индустриясын дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Тұрлыбаев «Өнімділік — 2020» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктің маңыздылығына тоқталды.

— Қазіргі заманда жоғарғы еңбек өнімділігін алу өте маңызды. Сондықтан да мемлекет аталмыш салаға серпін беріп, қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта Үкімет тарапынан әртүрлі бағдарламалар да іске асырылып жатқанын жақсы білесіздер. Солардың бірі «Өнімділік — 2020» бағдарламасы кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті етіп, еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізуде, — деді «Қазақстан индустриясын дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат  Тұрлыбаев.

Семинарда «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның қолдау құралдар орталығы директорының орынбасары Диас Серіков «Өнімділік — 2020» бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Оның айтуынша, «Өнімділік — 2020» бағдарламасы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өндірісті жаңғыртуға және экономиканың басым секторларында өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

— ҮИИДМБ-ны жүзеге асырудың базалық құралдарының бірі «Өнімділік-2020» бағдарламасы болып табылады. Оны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде кәсіпкерліктің жүзден астам субъектісіне шығындар қайтарылды. Екінші кезең басталғаннан бері кәсіпорын энергоаудит өткізуге, кадрларды оқытуға, шетелдік мамандарды тартуға жұмсаған  және өзге де  шығындарын қайтарып алды. Бүгінде өңірлерде кәсіпкерлер мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында ұсынымдар әзірлеуде. Оның үстіне ұсыным берген күннен бұрынғы 6-12 ай кезеңінде болған ескі шығындары да өтеуге болады. Ол кәсіпкерлерге15 жұмыс күннің ішінде қайтарылады, — дейді «Қазақстандық индустрияны дамыту  институты» АҚ-ның қолдау құралдар орталығы  директорының орынбасары Диас Серіков.

Бір сөзбен айтқанда, бизнес кеңеске қатысушыларға бағдарламаға қатысу тетіктері мен талаптары жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды. Ал қатысушылар бағдарлама аясында қызығушылық танытқан сұрақтарына жауаптар алды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС