Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЖЫМДЫҚ ДАУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

13.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Кеше, 12 қараша күні, қалалық әкімдікте «Медиативті технологияларды қолдану арқылы еңбек және әлеуметтік ұжымдық даулардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Оған Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева, ШҚО кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Нұржан Түсіпова, қалалық кәсіпкерлік бөлім басшысы Марат Нүгеров, Семей аймақтық салалық кәсіподақтардың координациялық кеңесінің төрағасы Сәбит Ибраев және өзге де мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың кәсіподақ өкілдері қатысты.

Семинарда алғаш болып сөз алған облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Н.Түсіпова медиация туралы жаңадан қабылданған заңды жан – жақты түсіндіріп, оның ұжымдық еңбек дауларын шешуде ұтымды тұстары бар екенін  атап өтті. Мәселен,  медиативті технологияларды қолдану арқылы қызметте туындаған әлеуметтік мәселелерді сотқа жеткізбей, оның алдын алуға болатыны белгілі болды. Сондай-ақ басқосуда жуырда ҚР Парламентінің қос палатасы 2-ші оқылымда мақұлдаған жаңадан әзірленген Еңбек кодексі турасында айтылды.

 

{jcomments on}- Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» құжатының 83-ші қадамы еңбек қатынастарын ырықтандыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде ұжымдық  еңбек қатынастарын қайтадан қарастыру қажеттілігін тудырды. Сол себепті де жаңа заңды дайындау уақыттың талабы деп қабылдағанымыз жөн. Оны Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталары мақұлдап үлгерді. Бұл маңызды құжат алдағы уақытта Мемлекет басшысына жолданады. Жаңа заң әлі өз күшіне енген жоқ. Десе де ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бастаған топ жаңа заң жобасын халыққа түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Тамара Қасымқызы Астанада қатардағы жұмысшылармен жүздесіп, оларға Еңбек кодексі мен бюджеттік саладағы қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін түсіндірді. Жуық арада ШҚО-ға министрліктен жауапты тұлғалар түсіндіру жұмыстарымен келеді деп жоспарлануда. Біз де жалақыны төлеудің жаңа жүйесін түсіндіру мақсатында алдағы уақытта кездесулер  өткізуді көздеп отырмыз. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Ұлт Жоспарының 88-қадамында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын енгізу керектігін айтты. Ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, Индустрияландыру және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталмақ. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек құқықтарының бұзылмауына септігін тигізеді. Әсіресе бұл шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты. Бүгінгі таңда әкімшілік кодекстің қатаңдатылғанын білесіздер. Еңбек шарттарын бұзған жұмыс берушілер заң алдында қатаң  жауапкершілікке тартылатындығын ұмытпағаны дұрыс, — деді Нұржан Құрмантайқызы.

 

Сонымен қатар кездесу барысында ШҚО Кәсіподақтар орталығының заңгері Батырбек Нұрпеисов жиналғандарға, ұжымдық даулар кездескен жағдайда, оны шешуде медиативті әдістерді қолдану жолдарын түсіндірді. Айта кету керек, дәл осы тақырыптағы семинарлар облысымыздың өзге де аймақтарында ұйымдастырылған болатын.

Жақсылық

МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС