Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗАҢСЫЗ ҚЫМБАТТАҒАН ЖОЛ АҚЫСЫ

13.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семейде жолаушылар тасымалымен айналысатын екі мекеме 10 қарашадан бастап өз бастамаларымен қоғамдық көліктегі жолақыны қымбаттатты. Тасымалдаушылар бұған дейін автобустардың ішіне жол жүру құнын 60 теңгеден 75 теңгеге көтерілетіні жөнінде хабарландырулар ілген болатын. Ал құзырлы орган мұның заңсыз екенін айтып, ескерту жасаған. Дегенмен жолушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар заңды белшесінен басып, жол жүру құнын рұқсатсыз көтерген еді. Осыған орай жергілікті атқарушы билік БАҚ өкілдерінің басын қосып, мәселенің мән — жайын түсіндірген болатын.

Семей қаласының Ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы әкімінің орынбасарлары Қайрат Ерембесов, Надежда Шарова және қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Александр   Генрих мәселенің мән – жайын түсіндірді. Алғаш болып сөз алған Қайрат Ерембесов шаһардағы кейбір тасымалдаушылар жергілікті атқарушы биліктің ешқандай келісімінсіз жол ақысын 10 қарашадан бастап 75 теңгеге заңсыз көтергендерін, қазір осыған байланысты тиісті шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.

 

{jcomments on}- Өздеріңізге белгілі болғандай 10 қарашадан бастап қаладағы екі тасымалдаушы жол ақысын өз еріктерімен көтерді. Бүгінгі күні жолаушы тасымалдарын басқару орталығы тарапынан тиісті шаралар қолға алынуда. Диспетчерлер желіге шығып, аталмыш тасымалдаушыларға тиесілі бағыттар бойынша жолаушылардың қатысуымен акт толтырды. Сонымен қатар біз прокуратура органдарына тасымалдаушылардың заңсыз әрекеттерін анықтауды өтіндік. Алдағы уақытта заң бойынша барлық шаралар қолға алынатын болады, — деді Қайрат Ерембесов өз сөзінде.

 

Сонымен қатар Қайрат Шаймарданұлы жолаушылар 75 теңге көлеміндегі заңсыз талап етіп отырған жол ақысын төлемеуге құқылы екендіктерін, қажет болған жағдайда, қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне шағымдануға болатынын жеткізді.

— Бүгінгі күні қолданыстағы жол ақысы 60 теңге. Сондықтан жолаушылар 75 теңге төлеуден бас тарта алады. Қандайда бір заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, қоғамдық автокөліктің мемлекеттік нөмірі, бағыты, жүргізуші немесе кондуктордың аты-жөнін анықтап, шағымдануға болады. Ал жолаушыларды қоғамдық көліктен түсіріп тастау заңсыз болып саналады. Ондай жағдай орын алған болса, нақты көрсетілген факті бойынша шара қолданылады, — деді Қайрат Ерембесов.

Айта кетуіміз керек, қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі алдын ала жол ақысын көтеру туралы хабарландыру ілген жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға заңсыз әрекеттерін көрсеткен хат жолдаған. Алайда тасымалдаушылар жергілікті атқарушы биліктің бұл сөзіне құлақ аспаған сыңайлы.

Айтпақшы, жол ақысын көтеріп отырған екі тасымалдаушы кәсіпорын — «Семавтопарк» ЖШС және «Азия комби» ЖШС. Бүгінгі күні қалада жолаушыларға алты кәсіпорын қызмет көрсетсе, қала бойынша қоғамдық тасымалдаудың негізгі бөлігі аталған екі мекемеге тиесілі болып отыр. Дегенмен жергілікті атқарушы билік өкілдері, аталмыш тасымалдаушылар келісімшартты орындамаған жағдайда, оның бұзылатынын, олардың қызметін басқа да тасымалдаушылар атқаруға ниетті екендіктерін жеткізді. Ал заңсыз жол ақысын көтерген тасымалдаушылар алдағы уақытта заң бойынша жауапқа тартылмақ.

Ал жол ақысы көтерілген екінші күні, яғни 11 қараша күні, қаланың бас прокуроры Тәжиден Найманов пен ШҚО прокуратурасының басқарма басшысы Рустам Шидердиновтің қатысуымен баспасөз жиыны өткізілді. Тілшілер алдында алғаш болып сөз алған Семей қаласының прокуроры       Тәжиден Найманов жол ақысының заңсыз көтеріліп отырғанын, бүгінгі күні жағдайдың ретке келтірілгенін жеткізді.

— Өздеріңіз жақсы білесіздер, 10 қарашадан бастап жолаушылар тасымалымен айналысатын екі кәсіпорын өз еріктерімен жол ақысын көтерген болатын. Оның салдарынан «Автомобиль көлігі туралы» Заңның 19-бабы бұзылды. Аталған заң бойынша жолаушыларды тасымалдау құны жергілікті    атқарушы органмен бекітіледі. Алайда     «Семавтопарк» ЖШС мен «Азия комби» ЖШС аталмыш заңды бұзып, өз еріктерімен тариф құнын 60 теңгеден 75 теңгеге көтерді. Аталған факті бойынша ең алдымен заң бұзушылыққа жол бермеу жөнінде ескертілді. Дегенмен тасымалдаушылар, оған қарамастан, заң талаптарын бұзды. Осыған байланысты прокуратура тарапынан кәсіпорындарға заңды орындау туралы нұсқама беріліп, тарифтерді қала әкімдігінің қаулысына сай ету талап етілді. Нәтижесінде аталған қаулы орындалып, тасымалдаушылар барлық бағыттар бойынша қоғамдық көліктерге жол ақысын бұрынғы қалпына келтіру жөнінде нұсқау берді. Жол құны бұрынғыдай 60 теңге болады, — деді Тәжиден Найманов өз сөзінде.

Келесіде сөз алған ШҚО прокуратурасының басқарма басшысы Рустам Шидердинов қалалық прокуратура ғимаратында тасымалдаушылар мен жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілгенін, қос тарапқа заң талаптары түсіндірілгенін жеткізді.

— Тасымалдаушыларға жол ақысы тиімсіз болып, тарифті көтеру керек болса, барлығын заң аясында атқарулары керек. Өз еріктерімен жол ақысын негізсіз көтеру дұрыс емес. Кездесуде осының барлығы айтылып, түсіндірілді. Осыдан кейін барып тасымалдаушылар күннің соңына дейін жол ақысын бұрынғы қалпына келтіруді міндеттеріне алды. Аталған факті бойынша тексеру  жүргізілетін болады. Қажет болған жағдайда, шаралар қолданылады, — деді ШҚО прокуратурасының басқарма басшысы Рустам Шидердинов.

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                                                                             «Семей таңы»

Связанные новости

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

27.04.2026
Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

В рамках в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с экоактивистами посадил дерево на территории столичного парка...

Читать далее ...

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

27.04.2026
В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

Пищевое отравление – это острое инфекционное заболевание микробной или немикробной природы, возникающее в результате употребления пищи, загрязнённой болезнетворными микроорганизмами или...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

27.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына», в ходе которого рассмотрена проводимая в рамках реализации поручений Главы государства...

Читать далее ...

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

27.04.2026
Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой в Правительстве состоялось заседание республиканского штаба по организации летнего...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

27.04.2026
Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках поручений Главы государства по развитию машиностроения и импортозамещению провел встречу с руководителями ведущих зарубежных компаний...

Читать далее ...

Новости

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

18 часов назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

18 часов назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

18 часов назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

21 час назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

21 час назад

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

21 час назад

В селе Кызылкесик Аксуатского района открыт пожарный пост

1 день назад

Стартовал прием заявок на конкурс грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

1 день назад

Аким области высадил деревья вместе с жителями Семея

2 дня назад

В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС